400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана-тіршілік тірегі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған тәрбие сағаты.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:

Тәрбие сағаты


Білім беру ұйымының атауы

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия

Педагогтың Т.А.Ә

Байшагирова Л.Н.

Күні:

03.03.2025ж

Сынып: 3 «Д»

Қатысушылар саны:31

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

«Ана—тіршілік тірегі »

Қауіпсіздік сабағы «Желі арқылы танысу қаупі» (10 минут)

Сабақ мақсаттары:

Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту.  Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Ай құндылығы:Тәуелсіздік және отаншылдық

Апта дәйек сөзі: Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік

Туған елге, отанға деген сүйіспеншілігін білдіре алуға үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Бастал

уы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!





Ортасы

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,
мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.
Ол 8-наурыз мерекесі.

Әлемдегі ең асыл жан ол-АНА емес пе? Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол-АНА! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының , шырылдап жұбанбай, жылап іздейтінің-ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол-ана! Ол саған бәрінен де қымбат.
Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен-ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес!

Мен білетін қазақ әйелі-қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

-Балалар, айтыңдаршы АНА кім?

АНА-нұр,өмір сыйлаушы,дана.данышпан,кемеңгер,ұстаз,күн,тәрбиеші т.б.

-АНА-бұл біз үнемі , күн сайын айтатын үздік, ерекше есім. Ана-бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн. Біз өз аналарымызды қалай атаймыз?

-Иә, МАМА-бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де мейірімді, жылы естіледі.

-Ендеше аналарың қандай адам?

АНА-ақылды,сұлу,нәзік,мейірімді,ардақты,аяулы т.б.

-Ақылды да сұлу аналарға арналған мақал-мәтелдер айтайықшы.

(Ана туралы мақал-мәтелдер)

Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.


Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Анасын көріп, қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.

Анасының тілін алмаған азапқа қалады.


Мен анамды қаншалықты білемін?


  1. Сұрақ-жауап

1.Анаңның туған күні қашан?

2.Анаң қандай түсті ұнатады?

3.Анаңның жасы нешеде?


  1. Сурет салу

-Өз аналарыңның суретін салып, аналарыңның есімін жазып, тақтаға іліңдер.


Рахмет саған, анашым!

(Әрбір оқушы аналарына рахмет айтады. Мысалы, маған жарық дүние сыйлағаның үшін, рахмет, анашым! Қалауымды орындағаның үшін, рахмет саған. Анашым!)


«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!


Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!


«Желі арқылы танысу қаупі»

- Көпшілігіміз желі арқылы адамдармен жиі сөйлесеміз. Желі арқылы тілдесу не үшін ұнайды? (оқушылардың жауабы)

- Шынында да, кейде біз желі арқылы әңгімелесу кезінде өз ойымызды айтқанды ұнатамыз. Бірақ біз желіде нақты кіммен әңгімелесіп отырғанымызды білмейміз. Бұл өте қауіпті!

«Сені кім біледі?» (Ойынның сипаттамасы. Барлығы қатысады. Пайдаланушы – 1 адам, өзі туралы ақпарат берілген файлды қалдырып, шығып кетеді. Оның міндеті оралғаннан кейін қатысушылардың қайсысы ақпарат біліп алғанын анықтау. Файлда бірнеше толтырылған профилі бар парақтар салынған. Парақты қалдырып, адам файлды жіберу арқылы ақпаратты көшіріп, оны желі арқылы бөліседі. Басты кейіпкер «ақпаратты орналастырады» (профильдері бар файлды досына қалдырып, кеңседен шығып кетеді). Балалар кез келген жолмен парақтарды жеткізіп, бір-біріне файлды «жібере» бастайды. Қайтып келген кезінде пайдаланушы ақпараттың кімде екенін болжауы керек.

Қорытынды. Егер ақпарат желіге тараса, оның қай жерде екенін білу өте қиын. Оны басқару мүмкін емес.

Ғаламтор оқуға, демалуға немесе достарыңызбен сөйлесу үшін тамаша және пайдалы құрал бола алады. Бірақ нақты әлем сияқты ғаламтор да қауіпті болуы мүмкін








Ақпараттар

мен танысады

























Мақал – мәтелдер айтады





Сұрақтарға жауап береді








Сурет салады





















































Презентация


































Аяқталуы


Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Аман болсын, қасиетті аналар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
04.06.2025
133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі