Мәдени жалпы білім
беретін мектеп
Ашық тәрбие
сағаты
Тақырыбы: Ана тіршілік
тірегі.
Сынып:
3«А»
Мұғалім: Әділқұл
З.
Ашық тәрбие сағатының
тақырыбы: «Ана тіршілік тірегі»
Тәрбие сағатының
мақсаты:
1. Балаларға 8 - наурыз туралы түсінік беру. Жанұядағы ана
мен балаларасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала
махаббатын ояту.
2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге
және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын,
ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын
дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін
бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Тәрбие сағат
көрнекілігі: Суретті плакаттар, қабырға
газеттері, нақыл сөздер, гүлдер.
Тәрбие сағат барысы
Ұйымдастыру кезең:
Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Ана – өмір себуші.
Қыз ақылы анадан.
Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар,
көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық
әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық,
отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс
тілеймін.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың
сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар,
қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған
мерекелеріңіз құтты болсын!
1 жүргізуші Әли
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз
халықаралық әйелдер күні келді.
2 жүргізуші Айсұлу
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар
1 жүргізуші
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,
тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы
ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі
тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында
емес пе?
Қарсы алыңыздар қазақша би.
1 жүргізуші
Құрметті қонақтар, оқушылардың аналарына арналған өлең
шумақтарын қабыл алыңыздар!
1 оқушы Айша
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
2 оқушы Нұрәлем
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
3 оқушы Қайратқызы Айзере
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын
4 оқушы Мағжан
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам.
2 жүргізуші
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды
көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да -
Ана.
1 жүргізуші
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл
адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді
халқымыз. Дүниеде анасыз туған адам жоқ.
Ана туралы ән: Мағжан
5 оқушы Айару
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
6 оқушы Лескен Айзере
Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар
белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.
7 оқушы Ерсұлтан
Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін.
Ана деген ардақты жан,сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің
1 жүргізуші
Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған
көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана
- барлық өмірдің бастауы.
2 жүргізуші
Дұрыс әр ана өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын
қалайды.
Көрініс: ата мен балалар
8 оқушы Айшуақ
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген –алтын қазық,алтын бақ.
9 оқушы Оразалы
Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ мамам.
Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.
10 оқушы Маржан
Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиған,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
1 жүргізуші
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,
Қол соғып қарсы алайық «Қыздар»
биін.
Өзбек биі қабыл алыңыздар.
11 оқушы Айқын
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
12 оқушы Ерасыл
Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күншуақ,
Бізге қымбат аналар!
Ойын
13 оқушы Раяна
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн
қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің.
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
14 оқушы Құрбанай
Ана- өте қымбат жан,
Әлемге өмір сыйлаған
Мәпелеген біздерді,
Баласы үшін жан қиған
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата- аналар ұлдарыңыздың,
қыздарыңыздың өздеріңізге деген шағын құттықтау бейнеролигін
тамашалаңыздар!
2 жүргізуші
Мен анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын
тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып
жатамын.
1 жүргізуші
Мен де кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар.
Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым-ау» деп өкініп қалам. Бірақ
анам кешірімшіл, ақылды, байсалды кісі.
2 жүргізуші
Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға
қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені,бізді өмірге алып
келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай
болса, құрметті аналар балаларыңыздың өз қолдарымен дайындаған
сыйлықтарын қабыл алыңыздар!
Балалар сыйлықтарын аналарына
табыстайды.
Хор:
ана
Құрметті ата-аналар,ұстаздар!Осымен
біздің «Ана тіршіліктің
тірегі»
атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Әрқашан аман сау
болыңыздар. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты
тілейміз.