Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ана туралы ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге сыныптан тыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Айналдым, «Ана» деген үш әріптен

Мақсаты: Оқушыларды ананы ардақтай білуге тәрбиелеу. Баланың жан-жақты өз елінің, халқының қамын ойлайтын ,ата-анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеумен қатар ұлттық тәрбиені насихаттау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, түрлі формадағы қима қағаздар, «өмір» ағашы,жүрекше.

Тәрбие сағатының барысы: Ана туралы ролик көрсетіледі.

Жүргізуші:

Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен

Өмірдің бар асылын бойына жиып,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

Армысыздар ауылымның асылдары,

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы

Халықаралық әйелдер күнімен

Құттықтаймыз аналарды осындағы


1908 жылы 8 наурызда өздерінің ауыр жағдайына төзбеген Нью- Йорктегі еңбекші аналар демонстрацияға шықты. Міне, осы оқиғаны есте қалдыру үшін 1910 жыл Копенгагенде өткен аналардың ІІ халқаралық коференциясы 8- наурызды жұмысшылар күні деп белгілеп, оны жыл сайын атап өту туралы шешім қабылдайды. Ал, Ресейде бұл мейрам алғаш рет 1913 жылы тойланды.

Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Ананың алдында асқар тау да аласа,

Дүниенің жарық күні анамыз!

Жарық күннен қуат алған саналық,

Ұлы болсаң анаменен данамыз.

Туғаннан құлыным деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүниеде аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.




Жүргізуші

Әркімнің де өмірінде аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың

Ән жолдайтын апалардың баласы бар - дей отырып,

Хор «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

1- Жүргізуші:

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа, ақыл ойды тонатпай

Ана десем сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемде тыныштық – дей отырып, бүгін бізде қонақта- мектебіміздің оқу ісі орынбасары Бекбергенова Гулмира апайымызға, анамызға біздің оқушыларымыздың сұрақтарына жауап берсеңіз.


Келген қонақта сұрақтар қойсақ.

  1. Мектеп жасында есіңізде қалған қызықты бір оқиғаңызды айтып беріңізші

  2. Бала тәрбиелей отырып, еңбек ету дұрыс па?

  3. Қызды қырық үйден тыю- дегенді қалай түсінесіз?

  4. Болашақ ұрпаққа тілегіңіз?

Жүргізуші

«Ана » туралы бейне роликті қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Құттықтаймын мейрамыңмен аналар

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің жұртың , ұл мен қызың бағалар деп басымызды ие отырып,

Сіздердің құрметтеріңізге оқушыларымыздың «Ана туралы» жырын қабыл алыңыздар.





Жүргізуші

Сәулелі сөз сөне ме,

Орны бөлек батаның.

Бізге тәлім өнеге,

Ақ тілеуі ананың.

Әр сөзінің ақырын,

Жақсылыққа тірейді.

Қадап айтып ақылын,

Көпке бақыт тілейді. – дей келе оқушыларымыздың ана туралы көрінісін қабыл алыңыздар

«Ана» туралы көрініс

Жүргізуші

Анам менің – көктегі күнменен тең,

Анам менің – жауқазындай гүлмен тең,

Әлпештеген асыл анам болмаса,

Бұл өмірдің қадірін де білмес ем.

Жүзіңнен бір шаттық көрем анашым,

Мен үшін қуанасың,нұрланасың.

Осы өмірге жеткізген өзің үшін,

Хор: Ана туралы жыр


Жүргізуші:

Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға,- дей отырып бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз, ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен сынып тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз.

Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
2360
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12