жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Анаэробты және аэробты тыныс алу
Пән |
Биология |
|
Сынып |
9 |
|
Бөлім |
9.2A Тыныс алу |
|
Тақырып |
Аэробты және анаэробты тыныс алуға физикалық жүктемелердің әсері. |
|
Оқу мақсаттары |
9.1.4.2 - бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру; аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістерімен байланысты бұлшық еттердің қажуы |
|
Сабақ мақсаты |
Аэробты және анаэробты тыныс алуды білу; Аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстыру; Физикалық жүктемелердің аэробты және анаэробты тыныс алуға әсерін қарастыру; тыныс алу түрі бойынша шаршаудың пайда болу тәуелділігін зерттеу |
|
Тілдік мақсат |
Muscle fatigue - утомление мышц – бұлшық еттердің қажуы Aerobic and anaerobic respiration - аэробное и анаэробное дыхание – аэробты және анаэробты тыныс алу Lacticacid - молочная кислота - сүтқышқылы Unableoffulloxygenation - невозможность полного окисления Luckofenergy – недостаток энергии – энергия тапшылығы relationship between type of respiration andfatigue – связь между типами дыхания и усталостью – тыныс алу түрлері мен шаршаудың арасындағы байланыс |
|
Күтілетін нәтиже |
Аэробты және анаэробты тыныс алуды біледі; Аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады; Физикалық жүктемелердің аэробты және анаэробты тыныс алуға әсерін қарап; тыныс алу түрі бойынша шаршаудың пайда болу тәуелділігін зерттейді |
|
Бағалау критерийлері |
Аэробты және анаэробты тыныс алуды біледі; Аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады; Физикалық жүктемелердің аэробты және анаэробты тыныс алуға әсерін қарастырады; Тыныс алу түрлері мен шаршаудың арасындағы байланысзерттейді. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру. |
|
АКТ қолдану дағдылары |
Тақырыпқа қатысты интернет желісінен алынған видеолар, презентация |
|
Пән аралық байланыс |
Химия, дене шынықтыру |
|
Бастапқы білім |
Анаэробты және анаэробты тыныс алуды салыстыру- 7 сынып. Тыныс алу мен тыныс шығаруға қатысатын бұлшық еттер - 8 сынып. |
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы 10минут |
Оқушылар өткен тақырып бойынша тыныс алу туралы білімдерін қолданып, тест орындайды Дескриптор: - Аэробты және анаэробты тыныс алуды біледі - Аэробты және анаэробты тыныс алуды салыстырады Өзін-өзі бағалау Орындалған тапсырмаларға талқылау жүргізе отырып, сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықталады. |
Тест жазылған парақтар
Презентация |
Сабақтың ортасы 20 минут |
Аэробты және анаэробты тыныс алуға физикалық жүктемелердің әсері туралы түсінік беріледі. Бейнеролик көрсетіп және оқушылармен бірге талқыланады Мұғалімнің бағалауы Жаттығу: Аяғыңызды иық деңгейінде қойыңыз. «Диірмен» секілді қолыңызбен айналмалы қозғалыстарды жасаңыз, бірақ қолыңызды бір уақытта бұруыңыз қажет, алдымен алға және артқа қарай. Жатығуды 5, 7 рет қайталаңыз. Оқушылар бұлшықеттердің максималды бұлшықет күшін және динамометр көмегімен қол бұлшықеттерінің төзімділігін зерттеу бойынша тәжірибелік жұмысын жасайды. Дескриптор: Бұлшық еттің максималды күшін және төзімділігін зерттейді. Формула бойынша қолдың жұмысқа қабілеттілік деңгейін есептейді. Берілгендер бойынша бұлшықеттердің жұмысқа қабілеттілігі динамикасының төмендеуі бойынша график құрастырады. Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасайды. Мұғалімнің бағалауы жүреді |
Презентация:
Бейнематериал https://www.youtube.com/watch?v=xP1T7uPcFu4
Қосымша 2 қол динамометрі, секундомер.
|
Сабақтың соңы 7минут |
«Балалар философиясы» әдісі Бұл әдіс балаларды сыни ойлауға ынталандыруға бағытталған. Нұсқаулық: Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызыңыз. Оқушылар шеңбер бойымен доп лақтыру арқылы бір-біріне сұрақ қояды. Өзара бағалау Осы әдістің көмегімен мұғалім оқушылардың жаңа материалды игеру деңгейін тексереді |
доп
|
Рефлексия 3минут |
Рефлексия «Бес бармақ» Бас бармақ – басты мәселе Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балалы үйрек – бірлесу Мен топта (жұпта) қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім? |
Кері байланыс |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген