жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Анаға қарап қыз өсер
"Анаға қарап қыз өсер" атты кештің сценариін ұсынамыз...
Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүлт.б.
Кештіңбарысы: Қонақтарды қарсыалу, кіріспе құттықтау сөз, тақырыпбөлісу, пікіралысу, саралаушытоптыңқорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды.
Видео қосылып ана мен баланың дауысы шығады.
Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді
-
Ән: «Жан ана» қабыл алыңыздар құрметті аналар.
1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!
2-жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Анаға қарап қыз өсер...» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!
Сененөскенбалалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймызмейраммен,
Құрметті, жананалар!-дей келе Құттықтау сөзді мектеп
директоры
1-жүргізуші:
Анадесемшешекашыпжанары,
Өмірімніңбастауаларажары.
Анадегентіршілікке пана боп,
Әрбірүйдежұлдызболыпжанады
-
Көрініс «Үш ана» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды
алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай
..
-
- сынып оқушсы орындауындағы
«Сенің анаң алтын» әнін қабыл алыңыздар..
1-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
4.Би:- сынып қыздары « ...................................»
2-жүргізуші: Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
Армысыңдар әжелерім,
аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді қос бүлдіршін
балаларын
5.Ән: «Ақ мамам»
1- жүргізуші:
Айнұр айтшы: Ең күшті нәрсе не?
2-жүргізуші
- Әйелдің әмірі! – дер едім.
Әйелдердің барлығын
Жердегі Тәңірі! – дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты.
6. Ән: Мама»
1-жүргізуші:
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар
2-жүргізуші:
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақсанадағы.
Ана – теңіз, мен – қайықтербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақжағадағы.
7.Би: - сынып қыздары «Ақ желкен»
1-жүргізуші:
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге...
Келесі кезекте: Ұстаздарымызға , аналарымызға, ару қыздарымзға сұрақ қойсақ қайтеді
1.сұрақ: Бүгін сіздің қызыңыздың ең жақын құрбысының туған күні. Қызыңыз сыйлық үшін ақша сұрады. Ал сізде ақша да, басқа бір бағалы сыйлық та жоқ. Мұны қызыңыз түсінер емес, үйді басына көтеріп, жылап отыр. Қарыз сұрадыңыз. Ешкімнен табылмады. Сіз қандай әрекетке барасыз?
2.сұрақ: Қызыңыз дәл қазір өтпелі кезеңде. Олтымдөрекіболыпбарады. Сіздіана, жарыңыздыәкедепқарамайды. Ылғи да дауыскөтеріпсөйлейді, айтқандарыңыздытыңдамайды. Күнненкүнгебұзылып бара жатқандығынбайқадыңыз. Ашықсөйлесіпкөріпедіңіз. Нәтижежоқ. Не істейсіз?
3.сұрақ: Сіздің қызыңыз сыныптасының ақшасын ұрлап алыпты. Мұнымен қоймай ол қызбен төбелесуге дейін барыпты. Сізді ата-аналар жиналысына шақыртып масқара етті. Қызыңызды тәрбиелеу үшін қандай әрекеттер қолданасыз?
4.сұрақ: Сіздің қызыңыз сабаққа барғысы келмейді. Ұрыстыңыз, ұрдыңыз, мұғалім көмегіне жүгіндіңіз. Бірақ, ол бәрібір де таңертең тұрмайды. Сабаққа деген еш қызығушылығы жоқ. Қандай әрекеттер жасайсыз?
1 – жүргізуші:
Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Келдегендейболадыбіркүмісбақ..
Сөндім-ау деп, өлдім-ау депышқынып,
Қалғанкездебойымдағыкүшбұғып,
Сөнбейсіңдепдауыстайдыанашым,
Мен орнымнанжығыламынүштұрып.
Ойнапшығамсоданкейінқұрақтай,
Жарқылдаймынжүрегімдіжылатпай,
Мүмкін,мүмкінанамахаббатышығарбұл,
Менісүйепкележатқанқұлатпай.Авторы: Тұманбай Молдағалиев
8. «Анашым қартаймашы»
2-жүргізуші:
Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана!
1-жүргізуші:
Күн болмаса, кім ерітер мұздарды,
Ағашы жоқ таулар қандай ызғарлы.
Жігіттергежақсы саяболсындеп,
Әуелерденжаратыпты-ау қыздарды
9. Ән:-сынып аруы алдарыңызда. «Қазақтың қыздары ».
2 – жүргізуші: Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
10. Хор орындайтын – сынып оқушылары.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің "Анаға қарап қыз өсер" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!
1-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықтажүздескенше! 8 наурызмейрамықұттыболсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген