400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Анаға қарап-қыз өсер" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Аналардың өмірдегі орнын танытып, оның еңбегін ақтауға үйрету. Аналарды сыйлауға, ардақтап қадірлеуге, өнеге тұтыуға құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Анаға қарап - қыз өсер!

Мақсаты. Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Аналардың өмірдегі орнын танытып, оның еңбегін ақтауға үйрету. Аналарды сыйлауға, ардақтап қадірлеуге, өнеге тұтыуға құрметтеуге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:Құрметті ата- аналар, қонақтар! Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - АНА. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде бұл қасиетті сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі. Шыр етіп өмірге келген сәттен бастап бар шуағы мен мейірімін тек біздерге арнап, жүрегінің әрбір дүрсілі тек біздер деп соғатын жан АНА екені даусыз.

Жүргізуші:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

«Қарлығаш»бөбекжай балалар бақшасында өткелі тұрған « Анаға қарап – қыз өсер » атты сайысымызға қатысатын аналарымызды, қыздарымызды ортаға шақырайық.

1 Құлпырған дала гүліндей,

Жүрсең әркез күлімдей.

Аман болсын анашың,

Ділдә қыз, арманына жет сүрінбей.

Ділдә қызымыз анасы Айданамен

2. Анасын әркез сүйетін

Келесі біздің Раян

Шырқап ән сап беретін.

Раяна қызымыз әжесі: Жансая апамен

3. Қазақтың қызы ғой ол елін сүйген,

Бойына әдептілік нәрін түйген.

Анасын әрқашанда сыйлап өтер,

Ажарым орындалсын басты арманың.

Ортаға Ажар қызымыз анасы Асиямен

4. Сабырлы әрі салмақты,

Дәмелі біздің ардақты

Қияға қиял менен қарыштайды.

Өнерін анасына бағыттайды.

Ортаға Дәмелі қызымыз Анасы Әлиямен қол соғып қарсыалайық





Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділ қазы алқасын сайлап алайық

  1. Нұрсұлу апай– балабақша меңгерушісі м.у.а.

  2. Әсел -әдіскер

  3. – тәрбиші

Ендегі кезекші сайыс шарттарымен таныс болайық:

  1. «Сәлем сөздің анасы»Таныстыру

  2. «Ситуациялық сұрақтар»

  3. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнрлерін көрсетеді)

  4. «Қол өнер»

  5. «Сән үлгісі»

1-тур Жүргізуші:

Ал кімнің өнері бар баршалықты,

Таныстырып өздерін ән салыпты.

Бүгінгі сайыстан бәйге алуға,

Сайыскерлер аянбай жан салыпты – деп кезекі таныстыруға берейік..

Мақсаты: Өз отбасы, шыққан тегін таныстыруда шығармашылық қабілетін көрсету

  1. Сайыскер анасы Айдана мен қызы Ділдә

  2. Сайыскер әжесі Жансая мен қызы Раяна

  3. Сайыскер анасы Асия мен қызы Ажар.

  4. Сайыскер анасы Алия мен қызы Дәмелі


2-тур. Ситуациялық сұрақтар.

Мақсаты: Ата-анамен бала-бақшада тығыз байланысты ояту, ой-пікірлерімен бөлісу. Үстел үстінде 4 қағазды таңдап сұраққа жауап береді

1. Балаңыз бала-бақшада құлап қалған жағдайда не істер едіңіз?

2. Балаңыз бала-бақшаға келмеймін деп жылаған жағдайда не істер едіңіз?

3. Тәрбиешімен араңызда келіспеушілік жағдай болғанда не істейсіз?

4. Балаңызды бала-бақшаға кешіктіріп алып келгенде тәрбиеші қабылдамай жіберді не істер едіңіз?

3-тур . Жүргізуші:

Өнерді көп білетін көсем болар

Өнерлі өрге жүзер шешен болар

Сайысқа қатысушы сайыскерлер,

Ортаға өнерлерін көрсетер – Келесі сайыс өз өнерін көрсету.

Мақсаты: Өзінің өнерін шығармашылығын көрсету. Қызының өнерге деген қызығушылығын ояту.

1-Сайыскер анасы Айдана мен қызы Ділдә

2-Сайыскер әжесі Жансая мен қызы Раяна

3-Сайыскер анасы Асия мен қызы Ажар.

4-Сайыскер анасы Алия мен қызы Дәмелі

4-тур. Қол өнер

Мақсаты: «Ана көрген тон пішер» қыз баласын осы бастан қол өнерге бейімдеу. Ұлттық қол өнерді насихаттау.

1-Сайыскер анасы Айдана мен қызы Ділдә

2-Сайыскер әжесі Жансая мен қызы Раяна

3-Сайыскер анасы Асия мен қызы Ажар.

4-Сайыскер анасы Алия мен қызы Дәмелі

Өздеріңіздің қол өнерлеріңізді таныстырып,қалай жасалатынын айтыңыздар.


5-тур. Сән үлгісі

Сайыскерлер өздері арнайы әртүрлі материал пайдаланып сән үлгісін көрсетеді.

Әділ қазы мүшелері өз шешімдерін шығарғанша балабақша тәрбиеленушісі

________________ орындауында ________________әнін қабыл алыңыздар

Сайысқа қатысушы аналармен ойын:Үрілген төрт шарға тапсырма салу сайыскерлер шарды жарып тапсырма алып орындау.

1.Ана алдында — құрмет,.....(Ата алдында — қызмет) мақал жалғастыр

2. Төрт жол тақпақ айту

3.Өлең айту

4.Қазақ биін билеу

.

Әділ қазы мүшелері 4 отбасына да номинация берді.

1-ші сайыскеріміз – ибалы отбасы.

2-ші сайыскеріміз – инабатты отбасы.

3-ші сайыскеріміз – өнерлі отбасы.

4-ші сайыскеріміз – көркем отбасы номинациясына ие болды


Жүргізуші:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз.

Бақыттыда ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әр дайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

Құрметті қонақтар, балалар, осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыыңызға Рақмет!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі