Материалдар / анаға сыйлық ертеңгілік сценарий

анаға сыйлық ертеңгілік сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
"Анаға сыйлық" ертеңгілігі МАД топтары мен сыныптарына арналған. Ертеңгілікте мерекелік тағпақтар балалардың қатысуымен болатын көріністер, ойындар бар. Ертеңгілік сценарийі балаға да ата анағада қызықты, көңілд.і
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Анаға сыйлық!

Мектепалды даярлық тобы 8-наурыз.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қызғалдақтай қадірлі ұстаздар, құлпырған қыздар! Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді. Бәйшешек нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарса, ал біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді. Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын!

«Жаным, күнім» дегенді, «Құлыншағым» дегенді, «Ботақаным» дегенді, «Қошақаным» дегенді, «Айналайын» дегенді «Толған айым» дегенді, Ойлап тапқан аналар!

2 бала ортаға шығады:

Бұл күнді тойлап жатыр барша халық, Әйелдер күні бүгін халықаралық. Жарыққа бізді әкелген аналарды, Бүгінгі мерекемен құттықтайық!

Ардақты әжелерім, аяулы аналарым Мейірбан аппақ көңіл даналарым. Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен, Құттықтайды сіздерді балаларың!

Ән: «Анашым анажаным»

Көктем туралы тақпақтар.

Қары еріп даланың, Арықтардан су ақты. Ақ жүзіндей ананың, Көктем келді шуақты

Көктем келді далаға, Құлпырады айнала. Қызыл, жасыл гүлдерге Бөленеді баулар да.

Көктем, көктем көктемде. Құстар келіп жеткенде. Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз

Ән: «Гүл‑ көбелек»

Көбелек келеді: Көбелекпін қанатты, Көктемде гүлмен келетін. Гүлдің ерке қызымын, Гүлден өзім аумаймын.

Балалар, мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Менің ананы құттықтауға арналған ертегім бар. Тыңдайсыңдар ма?

Балалар: Иә.

Көбелек: Ерте, ерте,ертеде орманда көжек анасымен өмір сүріпті. Көжек өз анасын өте жақсы көреді екен. Біркүні көжек орманға серуенге шығыпты.

Көжек: Сәлеметсің бе күн! Сәлеметсің бе, көктемгі табиғат! Мұнда не мереке болып жатыр?

Қонжық: Сәлем, көжек!

Көжек: Сенің қолыңдағы не?

Қонжық: Менің қолымдағы бал Оны анама сыйлыққа беремін.

Көжек: Бүгін сенің анаңның туған күні ме?

Қонжық: Сен білмейсің бе, ‑наурыз көктемнің алғашқы мерекесі.

Көжек: Ол қандай мереке?

Қонжық: Халықаралық әйелдер күні. Сол үшін мына балды анама сыйлаймын.

Көжек: Ой, білмеймін. Менің ешқандай сыйлығым жоқ.

Қонжық: Тез ойлан. Бір дыбыс естіп тұрмын. Мен кеттім.

Көбелек: Көжек ойланып отырғанда сендер аналарыңа арналған тақпақтарыңды айта беріңдер, балалар.

Тақпақтар

Аналар‑ау менің шалқар көлдерім, Көлдерім мен асқар‑асқар белдерім. Мына өмірде қуанышты жүргенім, Сенің арқаң мына өмірге келгенім.

Мерекеңіз құтты болсын, анажаным. Өзіңменен атып келеді әрбір таңым. Өмірде сенен асқан жан бар ма екен, Алтын анам, аяулы менің, ақ мамам.

Анам менің‑ өмірдегі тірегім, Анам менің‑кеудемдегі жүрегім. Егер менің қасымда сен болмасаң, Бұл өмірде қалай ғана жүремін

Дүниенің жарық күні‑анамыз, Дана болсақ анаменен данамыз. Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын, Анаға арнап тағы бір ән саламыз.

Түлкі кіреді: Мұнда қандай аңның иісі шығып тұрған? Менің қарным ашып тұр. Ах, көжек, сенбісің? Анаңнан адасып қалдың ба? Қандай тәттісің, қәзір мен сені жеймін.

Көжек: Мені жемеші, бүгін анамның мерекесі еді, соған сыйлық іздеп жүрмін.

Түлкі: Ақымағың мен емес. Ондай жырыңды қасқырға айт мен саған алданбаймын.

Көжек: Енді не істеймін? Маған кім көмектеседі?

Көбелек:Көжек қатты қорқады. Осы кезде көмекке гүлдер келеді.

Гүлдер: Мұнда кел! мұнда кел! Біз сені құтқарамыз.

Көжек: сендер кімсіңдер?

Гүлдер: Біз гүлдерміз.

Көжек: Мені түлкіден тығып қойыңдаршы.

Би: «Гүлдер мен көжек»

Түлкі: Көжек қайда кетіп қалды? Мұнда тек гүлдер тұр ғой.

Көжек: Гүлдер сендерге көп рахмет. Мен анама сыйлық іздеп жүрмін. Маған көмектесіңдерші.

Гулдер көжекке гүл береді.

Көжек: Алақай, анама сыйлық таптым. Анашым, анашым, Бері келіңіз! 8-Наурыз мерекеңіз құтты болсын! Достар, сендер де құттықтаңдар анамды.

Тақпақтар:

Ана деген түн ұйқысын төрт бөлген Ана ғана өткізеді өткелден. Жадыратса жаздай етіп жаныңды, Шуағы ыстық аумайтұғын көктемнен.

Ана деген ақылшың, Анаң барда батырсың. Қасыңда кім болса да, Тек анаңа жақынсың.

Аяулы да, алтын нұрлы анашым, Жүрегіммен мәңгі бірге боласың. Сен‑асқарсың, сен‑аспансың. биіксің, Сен‑дарқансың, сен‑жомартсың, данасың

Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым. Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де.

Би: Вальс

Көжек қоянға гүлді береді.

Қоян: Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем, Көжегімнің құттықтаған сөзінен. «Көжегім», «Күнім» деп күліп жүрсем Бұдан өзге бақыттың керегі жоқ.

Қоян: Көжегім, бүгін әжеңнің де мерекесі екенін ұмытпа. Оны барып құттықтап қайтайық. Сен үстіңе таза киімдеріңді киіп ал.

Түлкі шығады: Мынау менен бұрын жетіп алған ба, енді оны әжесіне жібермеу керек.

Қоян: Түлкіжан, сен осы әдетіңді қашан қоясың. Оданда сен де барып анаңды құттықтасаңшы.

Түлкі: Онда сендер маған көмектесіңдер. Бәрің әдемі киініп алғансыңдар. Ал мен болсам сенің көжегіңді іздеп жүріп киімімді бұлғап алдым.

Қоян: Балалар, түлкіге көмектесейік!

Ойын: «Кім жылдам?»

Түлкі: Рахмет сендерге, достар, мен енді жақсы түлкі боламын. Барып менде анамды құттықтайын. Сау болыңдар достар!

Көбелек: Ал сендер қоян мен көжек әжесіне жеткенше өз әжелеріңді құттықтаңдар.

Тақпақтар:

Менің әжем бұл әжем, Ұл мен қыздың бағы әжем. Ертегі айтып бер десең, Айтып берер тағы әжем.

Әжем менің ақ әжем, Ақыл беріп үйреткен. Аппақ әжем пәк әжем, Мейіріммен тербеткен.

Аналарды сүйеміз Сөзін ойға түйеміз. Әжелерді ардақтап, Әдеппен бас иеміз.

Әжем менің асыл жан, Жақсылыққа үйреткен. Жамандықтан шектейді, Әжеме ешкім жетпейді.

Ән: «Аяулы әжем»

Көбелек: Осылайша көжек анасын да, әжесінде мерекесімен құттықтапты. Сендерде көжекпен бірге аналарыңды құттықтадыңдар деп ойлаймын. Енді аналарға қандай тілек айтсақ екен.

Бал бөбегін баптаған, Анам үшін мақтанам. Аялайтын біздерді Көп жасасын жақсы адам.

Ер жеткізіп елге берген баласын, Ақылдысың, ардақтысың, данасың. Қарайтыным қас‑қабағың бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме анашым

Аялайық аналарды әрдайым, Қуанышқа бөлейікші өздерін. Әжелердің, аналардың, қыздардың, Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ұрпаққа бақыт сыйлаған, Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған. Тіршіліктің тынысы мен ажары, Ақ анашым әрқашан да бол аман!

Жалпы би







ЖИ арқылы жасау
28 Қаңтар 2025
172
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі