Тақырыбы:
«Анашым,Анажаным»
Мақсаты: Анаға
деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай
білуге, балалар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту,
адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге
тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:
Көктем аруы,
Ара,Шегіртке,Мики Маус. (Құралай,Жұлдыз,Гаухар,Құндыз,Отаровна)
Безендірілген
әдемі залға екі жігіт келеді.
Ескендір:
Ана дейміз біріміз де
аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын
бақ.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты
аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы
мерекесі 8 Наурыз құтты
болсын!
Димаш:
Той пердесін
ашайық
Тойға шашу
шашайық
Аналарды
құрметтеп
Ән маржанын
ашайық. Ендеше
ортамызға айдай сұлу апайымыз Ляззат Нұрланқызын қарсалыңыздар
.
Жүргізуші:
Біз ғана емес,
қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған
небір даналар.
Ана деген
тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,
қасиетті аналар! Бұл тойды тойлап жатыр барша халық Аналар күні
бүгін халықаралық. Жарыққа бізді әкелген аналарды Бүгінгі мерекемен
құтықтайық. Мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі сіздерге арналған
ән шашуымызды қабыл алыңыздар.
Кіру: Ән: «Ана мен
бала»
Ән айтылып жатқанда жігіттер
кіреді.
Әннің соңында қыздар әдемі орындықта кеіреді.
Қыздарды әкелер ортаға әкеледі.
Құтты болсын осы шаттық
күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл
өмірде күліп қана жүріңіз! Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Ата-аналар, әжелер, ұстаздар, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8
Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош
келдіңіздер!
Бала, бала,
бала деп,
Түнде шошып
оянған
Түн үйқысын
төрт бөліп,
Түнде бесік
таянған.
Қаймақты сүттей
қалқытқан
Суық болса
жөргегі
Қорғасындай
балқытқан
Айналасына ас
қойып,
Өзенді көлдей
шалқытқан.
Қолын қатты
тигізбей,
Иісін жүпар
аңқытқан
Бұл
кім?
Балалар:
Ана, ана, ана!
Дұрыс айтасыңдар балалар, Балалар айтыңдаршы
біз бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз? Балалар: Аналаррррр
мерекесін.
Жүргізуші:
Балалар, айналаға көз салайықшы. Көктем күн
шуағын төгіп тұр. Көктемгі күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып,
жадырап, жарқырайды.Айнала толған қызыл—жасыл гүлдер. Біз гүл
бағына келген сияқтымыз.Ендеше ортамызға Көктем ханшайымын
шақырайықшы: Әуенмен Көктем
ханшайымы келеді.
Көктем
Ханшайымы.
Әдемі әуенмен залға:
Ара, Шегіртке келеді.
Көктем
сөзі. Мен көңілді
көктеммін,
Былтыр келіп
кеткенмін.
Көзін ашып
бұлақтың,
Басына тал
еккенмін.
Шуағын төгіп
әлемге
Жылуын күннің
әкелем! Мен көңілді
көктеммін,
Былтырда келіп
кеткенмін
Құшағым гүлге толсын
деп
Нөсерімді
төгемін.
Жүргізуші:Ару
көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында
айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді.
Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.
Көктем ханшайымы, менің достарым
төрлетіңдер.
Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал
бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз
өнерлерін сыйға тартпақшы.
Бәрімізге
анасың, Біз үшін күн боп жанасың. Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым! Дей отыра аналарға арналған ән шашуымызды
қарсы алыңыздар.
Ән Хор «Ақ
Дидарлы Анашым»
Бүгін наурыздің
8 - і
Сүлулықтың
негізі
Әдемі сөз
баланың
Анаға айтар
лебізі.
Тақпақтар: Балназым
,Айсұлтан,Айсұлтан,Әмина,Зиннур, Медина
Р.
Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан
Балназым
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
Айсұлтан Б
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Айсұлтан Ж
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Зиннур
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Әмина
Мен
анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Би: «Қыздарай»
Медина,Айкөркем,Фариза,Балназым,Айбике,Әмина.
Той пердесін
ашайық
Тойға шашу
шашайық
Аналарды
құрметтеп
Ән маржанын
ашайық. Ән «Анашым
Ана Жаным» Орындайтын Ару қыздар Асылым және
Медина
Ана біздің күніміз
Ана біздің
гүліміз
Аналардан
тарайды
Біздің ана тіліміз.
Тақпақтар:
Айкөркем,Айбике,Медина,Хан,Абдулла,Асылым.
Шашымды өріп
тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар
адам.
Айкөркем
Айналайын анашым,
әлпештеген
баласын,
Еміп өскен
бөбекпіз,
анамыздың мамасын.
Айбике
Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген
баласын,
айналайын анашым.
Медина
Қ
Анам, анам, ақ
анам
Мен өзіңдей ақ
балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда
барамын.
Хан
Жүзіне біз
қараймыз.
Анамызды пейілді
Жомарт жанға балаймыз
Абдулла.
Би Флешмок
Ұлдар

Көрініс :
«Аналар күнінде» Анасы барлық
жұмыс жасайды, үй жинайды,тамақ жасайды,нәски жуады,киім
үтіктейді,күйеуін жұмысқа жібереді. Аналардың мерекесінде ұлдары
келіп құтықтайды, аналарына көмектеседі. Мереке біткенде барлығын
өзі қайтадан жасайды. Сонда аналар Бір ақ күн демалады, Аналарға
үнемі көмектесіп жүрейік.
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі
Қол соғып демеу берер
көрермендер
Ән:
«Папури»
Орындайтын: Әнуар, Ескендір,
Айсұлтан.

Тақпақтар:
Бейбарыс,Иманғали,Арлан,Байкен,Амирхан,Ахмат.
Бейбарыс.
Анам менің
сүйіктім
Тек өзіңе
табынам
Қасымда жүрсең
биікпін
Алыстасаң
сағынам
Имангали
Әр сөзіңді
жаттаған
Жүрегіңде
сақтаған
Анашым деп
мақтанам
Айналайын ақ
мамам
Арлан
Ана
пана,
Ана
дана.
Өмірді
әкелетін,
Ана
ғана!!!
Байкен.
Жарқын жузді
жан анам
сендей болсын
бар адам
сендей болса
бар адам
шаттык кетпес
баладан
Амирхан.
Көбелек - ау,
көбелек
Әдемісің
гүлдейсің
Ұстап сені не
керек
Ойнамайсың
күлмейсің Би
«Көбелектер
Ойын: «Кім жылдам»
Аналармен Шарты: Бас,құлақ,мұрын,ауыз,қол,аяқ,бас
,шокалат.кім алады сол жеңіске
жетеді.
Би: «Әкелер мен
қыздар» «Қызым менің»

Тақпақтар:
Мұхамеджан,Айя,Алімжан,Меруерт,Әнуар,Фариза.
Ақ мамамды
әрқашан,
Сағынамын,
сыйлаймын.
Мейрам сайын мен
оған,
Түрлі сыйлық
сыйлаймын.
Мұхаммеджан
Бізге қарап елжіреп,
...
Сүйсе беттен күнім
деп,
Құшақ ашса келші
деп,
Жүгіреміз
күлімдеп.
Айя
Аналарды
сүйеміз
Сөзін ойға
түйеміз
Әжені де
ардақтап
Әдеппен
басиеміз
Алімжан
Бөбегіңнің
сыйлығын
Қабыл алшы
анашым
Ұзақ өмір жүз
жасап
Ауырмашы
анашым
Меруерт
Жанымызды
жайнатқан
Сіздер ғой ол
аналар
Зор денсаулық мол
бақыт
Тілейміз біз
балалар
Әнуар
Өзің мені
өсірген
Айналайын ақ
әжем
Тентек болсам
кешірген
Ауырмашы ,ай
әжем
Фариза
Жүргізуші: Бұл
Аналарға арнайы жасалған сыйлық.
Күндеріңіз толсын гүлге,
желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен
сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі
мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп
тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа
қайтады.

«Білім компаниясы «Еламан»
ЖШС
«Қарлығаш» балабақшасы
«Бекітемін» _____________
Байдильдаева А.К.
«Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір
шуағы»
Ертеңгілігі.
Ересек «Күншуақ»
тобы.
Тәрбиеші: Алханова Л.Н.
Қаскелең-
2024 жыл.