15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Аналар - асыл жандар " ( мерекелік шара )
« Аналар - асыл жандар »
(мерекелік шара)
Дайындаған: Дариға Дузелбаева
2018 жыл
Күні: 7.03 2018
Тақырыбы: « Аналар – асыл жандар »
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер,өлеңдер,әндер арқылы аналар мен аруларды
мерекемен құттықтау. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Ұстазға, ата- анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: Шарлар, гүлдер, суреттер, плакаттар.
Балалар музыка ырғағымен орындарынан тұрып билеп тұрады.
Мұғалім :Қош келдіңіздер аяулы аналар,асыл әжелер,ұлағатты ұстаздар,қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындайсезіммен нұр құйып,тағыда 8 наурыз халық аралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген
ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар өмірдің гүлі,көңілдің жыры,
әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен
ажарлы. Ендеше көктемнің шуақты мерекесіне арналған дайындық сыныбының
«Аналар - асыл жандар » атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім :
Армысың мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым.
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
1.Айбол
Әр сөзімді жақтаған,
Жүрегінде сақтаған.
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам.
2.Аягөз
Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнгеде, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи ана менен
Бақытты ғой ұл – қыздар.
3.Өсербай
Менің анам ардақты,
Алтыннанда салмақты.
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым.
4.Ақбота
Ана, сен бақыттысың,
Гүлің болып өсіп келем.
Жәйнап жүрші, күліп жүрші,
Алладан мен тілеп жүрем.
5.Нұрағат
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Мәпелеп өсірген.
Ана деген керемет,
Бар қатеңді кешірген.
Мұғалім:
Армысың ақ жаулықты әжелерім,
Ақылы дариядай кемеңгерім
Ардақты аналардың мейрамында,
Арнайды бүлдіршіндер өнерлерін.
Ортаға « Көктем » биімен қыздарымызды шақырамыз.
Мұғалім:
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып.
Гүлге бөлеп даланы,
Әнге бөлеп қаланы
Көрікті көктем келді.
Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктем келіп, айналамыз құлпырып кетті.Көрікті көктемнің мерекесі аналар күні бүлдіршіндер сіздерді құттықтап, сазды сәлемдерін жолдайды.
«Ақ мамам » әнімен алдарыңызда Матай Айназ
Мұғалім:Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақын жанашыры.Ақ сүтін беріп аялаған ардақтысы.Бүгінгі мерекелік кеш аналарға арналады.Кезекті аяулы аналарын құттықтар бүлдіршіндердің ыстық ықыласын тыңдайық.
6.Айзере
Мектепке кетсемде
Сағынамын мен сені.
Әрқашан жанымнан,
Табылатын менің анашым
7.Дамир
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым
8.Сымбат
Ана біздің күніміз
Біз ананың гүліміз
Аналардан тарайды,
Біздің ана тіліміз.
9.Нұрдәулет
Мейірімін төккен баршаға,
Онымен өмір қаншама?
Анасыз өмір болама
Айтыңдаршы баршаңда.
10.Айназым
Еркелеттің асырадың,
Мойныңа асыламын.
Аман болшы ардақты анам,
Мен әрқашан қасыңдамын.
11.Есет
Ақ сүтін берген анашым
Ақылды менің данашым.
Өзіңдей жанды әлемнен
Қайдан табамын анашым.
Мұғалім: Ана сөзі үш әріптен тұрсада, ол сөздің мағынасы өте керемет балалар.
«Ана» сөзінен күн шуағын құрастырайықшы.
( бақыт,дос,тәрбиеші,тірек,жылу,мейірім,ақылшы,сұлулық )
Алдарыңызда сыныбымыздың биші қызы Айназым қазақ биімен.
Мұғалім :Кезекті балаларымыздың жылы лебіздеріне берейік.
12.Әмина
Ақ сүт берген балаңа
Күш- жігерін жұмсаған.
Бұл өмірде жан ана,
Тең келеді кім саған.
13.Нұртас
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Мереке күні бір- бірден
Анамызға сыйлаймыз.
14.Әулет
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім.
Мейірімін таусылмас,
Күн нұрына теңедім.
15.Ғалымжан
Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тияды.
Миіріммен тәрбиелеп,
Иман нұрын құяды
16.Айназ
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашаш,
Жансын жарық жұлдызың.
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл- қызың
17.Ықылас
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар
18.Шұғыла
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған.
Құтты болсын мерекең,
Айналайын жан анам
Мұғалім :
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің.
Ана деген әр бір үйдің жылуы,
Ана деген гүлі туған өңірдің. Балалар біздің алдымызда үлкен тілек ағашы бар.Сол тілек ағашына бәріміз анамызға арнап тілек айтып, гүлдер өсірейікші.
Мұғалім:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз. Хор «Ақ дидарлы анашым »
Мұғалім:
Бүгін наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі адамның,
Анаға айтар лебізі. ән «Ақ мамам » орындайтын Айдарбай Аягөз
Мұғалім:Балалар, ұлдар бүгін аналарымыз бен әжелеріміздің ғана мерекесі емес,біздің қыздарымыздыңда мерекесі.Кәне қыздарды да құттықтап жіберейікші.
Ұлдар :
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар. (қыздарға гүл сыйлаймыз)
Мұғалім:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Көбейген Ақботаның орындауында ән «Анашым қартаймашы»
Мұғалім.
Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен қасиетті аналар. Сөз кезегі кеш қонақтары аналарымызда.
Мұғалім:Біздің балаларымызға тәлім - тәрбие берумен қатар олардың саналы,білімді,өнерлі де өнегелі болып өсуіне үлесін қосып жүрген ұстаздарға сөз кезегін берсек.
Мұғалім:Асыл аналар! Мінекей сіздер әлпештеп,аялап отырған балапандарыңыз болашақта абыройлы, беделді азамат болатынына біз сенеміз.Әлемнің бастауы мен таусылмас қазынасы аналар өздеріңіз.Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын бүгінгі кешімізде әнмен, бимен, өлең шумақтарымен жеткізуге тырысты.Аяулы да ардақты аналар!
Кешіміздің соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған шағын сыйлықтарын қабыл алыңыздар.Мереке құтты болсын.Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген