Сабақтың
мақсаты:
Оқушыларға
8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру
және жанұядағы ана мен бала арасындағы
қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген
бала махаббатын ояту.
Балаларды
анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана
еңбегін ардақтап мейірімділікке,
сый-құрметке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушыларға
ұлтқа тән жақсы қасиеттерді білуге,
үйренуге және олардың логикалық ой
өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын,
ойлау қабілеттерін, бала бойындағы
өнері мен дарындылығын дамыту.
Сабақтың
көрнекілігі: «Ана
есімін әрқашан – біздер биік ұстаймыз»,
Суреттер.
Сабақтың
барысы
Жүргізуші: Адам
бойындағы барлық жақсы қасиет күннің
нұрынан, ананың сүтінен таралған.
Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі
апайлар, қыздар бүгінгі көктемгі күндей
жарқырап, гүлдей құлпырған гүл
мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты
болсын! «Аналар – асыл жандар» атты
сынып сағатымызды сіздердің құрметтеріңізге
арнаймыз.
Той
пердесін ашайық,
Тойға
шашу шашайық.
Аналарды
құрметтеп,
Ән
маржанын шашайық.
Ана
дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана
дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана
деген бәйтерегі өмірдің,
Ана
деген алтын қазық, алтын бақ.
Ана
деген – асыл жандар болаттай,
Ана
деген – мөлдір жандар бұлақтай.
О,
адамдар қадірлей біл ананы,
Жат
қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Сыйлаған
маған өмірді,
Анашым
менің аяулы.
Жүрегі
жұмсақ көңілі,
Күн
шуақты саялы.
Мейірі
анам күн нұры,
Шапағы
мол шашылған.
Сен
өмірдің бұлбұлы,
Гүлің
менмін ашылған.
Сенен
өскен балалар,
Батырлар
мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен
Құрметті
біздің аналар.
Ана
десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды
адамдарға туыстық.
Бар
адамға берсе ананың мейірін,
Орнар
еді бұл әлемде тыныштық.
Ән: «Ана
туралы ән» Орындайтын: Бөлекбай Нұрдәулет
Бүгін
– наурыздың сегізі,
Сұлулықтың
негізі.
Әдемі
сөз – Адамның,
Анаға
айтар лебізі.
Баланың
да тірегі,
Дананың
да тірегі.
Шаншымасын
ешқашан,
Аналардың
жүрегі.
Қуаныштың
ағайын,
Қоңырауын
қағайын.
Ағартпасын
тентектер,
Бір
ананың самайын.
Жүргізуші: Ана
дегеніміз – әлемнің жан дүниесі. Ол
тіршілік, үлкен тағдыр.
«Ана»
сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен
шуақты сездірмей қоймайды.
Жүргізуші: Ана
баласының ғана қамқоршысы емес, ол
адамзат атаулының амандығын тілеп, сол
үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан
да дүниежүзінің ойшыл жандары 8-Наурызды
халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі.
Ол
күн жыл сайын үлкен мереке ретінде
аталып өтіледі.