400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аналар – асыл қазынам!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аналар – асыл қазынам!

Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер! Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 - наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз кұтты болсын!

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн үйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі

Қорғасындай балқытқан

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Иісін жүпар аңқытқан

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана!

Жүргізуші: Құрметті апалар, қадамдарыңа гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз. Сөз балабақша меңгерушісі: Баймбетова Алмагуль Абдешовнаға беріледі.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Ән: Ақ мамам

Жүргізуші:

Десекте уақытпен жарыспайды

Қияға қиялмен қарыштайды.

Балғындар шын жүрекпен тебірентіп,

Мың бұралған билерін бағыштайды.

Би: Ялла тобы

Тақпақтар


2-бала Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Салем жазып бүгін саған

Мерекеңмен құтықтаймын

3-бала Мен әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі.

4-бала Нұрын төккен маған

Шуағымсын сен

Айналайын анам қуанышынмен!

Жақсы көрем күлкіңді

5-бала

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам

6-бала Ана біздің күніміз

Аялаған анамаыз

Ана біздің күніміз

Саялаған панамыз.

7-бала: Анашым анам

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам

8-бала Мен гулдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын,

Ата-әжемді тыңдаймын,

Мамамды сыйлаймын


Жүргізуші: Бүгін наурыздің 8 - і

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.


Би: «Қамажай» қыздарымыздың орындауында


Жүргізуші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.


Хор: Мамочка милая мама мая!


Ойын: «Кім тез гүл тереді?»

Көктем

Есік қағылып көк көйлек киген Ару - Көктем кіріп келеді.

Ару көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтын,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге.

Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.


Жүргізуші: Амансың ба, Ару - Көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.

Көктем: Мынау менің құшағым толы қыр гүлін, гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр - деп гүлдерді таратады. Осы гүлдей, құлпыра беріңдер, аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші: Ал, Ару - Көктем біздің балаларымыздың өзіңе арналған өнерлерін қабыл ал.


Ән: Зуби-зуби


Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.


Хор: «Анашым»

Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру

Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар

Өнерлі ғой баршасы

Міне, осындай қойылым

Көрсетті «Салтанат» бақшасы.

Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Айналайын» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі