400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аналар асыл жандар

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар күніне арналған мерекелік сабақ.аналарға бас иіп,құдіретті есімді қадірлеп.мерекелерімен құттықтап ән шашу тарту етеміз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аналар - асыл жандар»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз – аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ,ата – анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Тәрбиеші: Армысыздар ардақты аналар,арулар,көктем айымен қатар келген төл мерекелерінізбен шын жүректен құттықтаймын.Сыныбымыздың мерекелік сынып сағатына қош келіпсіздер.Келесі сөз кезегі сынып оқушыларында.

Жанел: Қайырлы күн, қымбатты ұстаз – аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8 – Наурыз халықаралық әйелдер күні келе жатыр .Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар – өмірдің гүлі,көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер

Келесі кезекте сыныбымыздың ұлдары өлең жырдан шашу шашпақ Қабыл алаңыздар .

Жамбол:

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар.

Нұрсұлтан

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде
Сенің салған сара жолды жалғағам.
Ислам Сағидолда
Айымсың ғой жарық қылар түнімді,
Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.
Бір Алладан саулығыңды тілеумен
Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Ислам Сәкен
Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!
Аллам сенен жамандықты қашырсын.
Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа
Жастарыңды жүзден дағы асырсын!
Талант
Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.
Өмірбек
Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.
Темірлан
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

Жанел:

Әйел – Ана, Әйел – Өмір, Әйел – тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі – алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел – анақұдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана– болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

Алдарыңызда «Қыздар-ай»тобының орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар

Жанел:

Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Сыныбымыздың жез таңдай әнші қыздары тағы әннен шашу шашпақ

Қол соғып қошеметтей отырыңыздар Тағы да Қыздар-ай тобы

Жанел

Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде, 

Биші қыздар қане ортаға шығып өнерлерінізбен тәнті етіңіздер

(Қыздар би билейді)

Жанел:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел – ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.Ал осы аналарымызды ардақтап алақанына салып отырған ол асқар тау әкелеріміз.Ендеше осы кеште қос бәйтерегімізді бөліп жармай «ӘКЕ АНА» әнін тату етейік Аналарымыз Әкелеріміз аман болсын .

Хор: ӘКЕ АНА

Жанел:Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды ,- демекші

Аналарға не арнасақта не сыйласақта көптік етпейді аналар жайлы әдемі жыр шумақтарымен қортындыласақ деп отырмыз.

Рауан:

 Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған

Шуақтарың бар әлемге таралған

Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың

Орындалсын жүректегі бар арман

Алтынай:

 Құтты болсын аналардың мейрамы

Жарқыраңдар жаз күніндей жайдарлы

Мерекі бұл көктемнің алғашқы

Бақыт берсін әр көктемнің айлары

Аружан А:

 8-Наурыз қуанышқа бөлесін

Әкелсінші жаздың жылы елесін

Барлық халық аман болып елімде

8-наурыз жете берініздер келесі

Асем:
Дүниеде ең кемеңгер дананы

Ана табады , аялайды, бағады

Сол үшінде кеудесіне бас иіп

Құрметтейік қасиетті ананы.

Асел:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым

Жанел:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза, дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту – арманым

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Қабыл алыңыздар: Хор Анашым

Құрметті қонақтар ,біздің «Аналар - асыл жандар» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар Аналар құрметіне сыныбымыздың дайындаған шағын бағдарламасы осымен тәмәм.Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі