Бекітемін.
Балабақша
меңгерушісі:
Исакулова
А.У.________
«Аналар
асыл жандар»
«Меруерт-Ана»
бөбекжай балабақшасы ЖШС
Мектепалды
«Жұлдызша» тобы
2025-2026
оқу жылы
Тәрбиеші:
Бәкір Талшын
«Аналар
асыл жандар»
-Қош
келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар,
қызғалдақ қыздар, қадірлі
тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші
наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі
де келіп жетті.Бүгінгі Жұлдызша
тобының «8-наурыз
– аналар күні» атты
ертеңгілікке қош келдіңіздер.Олай болса
бүлдіршіндерімізді қошметпен ортаға
шақырайық!
(Музыка
ырғағымен балалар кезекпен залға билеп
кіреді орындарына отырады)
-Балалар
қалай ойлайсындар бүгін
қандай мереке?
-Жарайсыңдар,
ал мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын
табасыңдар ма?
-Ақ
қар еріп
Су
көбейіп!
Сай
салаға толады.
Ағаш
басы бүршік атып,
Гүл
бәйшешек басады.
Балалары
айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем
мезгілінде\
(Көктем
келеді)
-Көктем
,қош келдің ,төрлет Көктем! Біз сені көп
күттік ! Біздің балалардың көктемнің
алғашқы мерекесіне қалай дайындалғандарың
тамашала !
-Ақ
анашым, әппағым.
Өзің
жайлы тақпағым.
Арналады
сіздерге.
Бар
баланың тақпағы.-дей
отыра аналарына арналған тақпақтары
қабыл алыныздар!
Әбунасыр:
Анамды мен жақсы көрем
Айтқан
тілін алып жүрем
Қасымда
апам жүргенде
Шаттанып
ойнап күлем
Інжу: Бөбегіңнің
сыйлығын
Қабыл
алшы анашым.
Ұзақ
өмір жүз жасап,
Ауырмашы
анашым.
Қарақат: Өмір
сыйлаған анашым,
Өзіне
мен ризамын.
Аяулы
менің анашым
Қайда
жүрсем де сағынамын.
Аялаған
алақаның,
Мандайымнан
сипағаның
Мен
бақытты баламын.
Өскен
соң, бағамын,
Алғысыңды
аламын!
Көркем: Әже
деген көп шығар
Әжемдей
менің жоқ шығар
Мейірімді
бұл кісі
Қандай
ғажап күлкісі
Әжем
ұйықтар алдында
Ертегі
айтып береді
Еркелеп
ойнап жатқанда
Ылғи
ұйықтап қаламын.
Әбілмансұр: Анам
менің сүйіктім
Тек
өзіңе табынам
Қасымда
жүрсең биікпін
Алыстасаң
сағынам
Асылжан:
Түн ұйқысын төрт бөліп
Әлпештеген
анашым
Ырысбек: Құтты
болсын ақ анам
Сегізінші
науырызың!
Қасымда
бол әрқашан
Жансын
жарық жұлдызың,
Тілейді
бақыт бір саған
Әлпештеген
ұл - қызың.
-Бүлдіршіндеріміздің
әжелеріне арналған «Ақ
әжем» хор
әнін қабыл алыңыздар!
-Жарайсыңдар,
балалар!
Мерекеге
арналады бүгін билер ,
Көтерілсін
канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға
қазір қыздар биі
Қол
соғып демеу берер көрермендер
Би:
«Кәмпиттер»
Көктем
ханшайымы:
-
Қандай тамаша би!Рахмет. Балалар
аналарымыздың тырнағына маникюр жасап
үйренгілерің келе ме?Олай болса
аналарымыздың тырнағына маникюр
жасау шеберлік сыныбын
өткізейік.
Шарты:
ортаға екі бала шығады.Суреттегі
аналарымыздың қолының тырнақтарына
маникюр жасаймыз.
Сіздерден
өскен балалар,
Батырлар мен
даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті
абзал аналар,- дей келе
балаларымыздың сіздерге арналған
тақпақтарын тыңдайық.
Айша: Дүниеде
ең кемеңгер дананы,
Ана
табады, аялайды бағады.
Сол
үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік
қасиетті – ананы
Зейнеп: Әжемді
жақсы көремін,
Өлең
айтып беремін.
Үлкен
болып өскенде,
Бәрін
алып беремін.
Кербез: Ана
біздің күніміз
Ана
біздің гүліміз
Аналардан
тарайды
Біздің
ана тіліміз.
-Жарайсыңдар,
балалар. Ал ендеше ұлдарымыздың 8-наурыз
мерекесіне арнайы дайындаған «Джентльмен» биімен
қарсы алыңыздар!
Ойын:
«Күнбағыс» құрастыру
Шарты:
Ортағы 2 бала ойынға шығып, күнбағыс
күлтелерін құрастырады.
-Бүлдіршіндеріміздің
аналарына арналған «Ақ
мамам» хор
әнімізді қабыл алыңыздар!
-Бүгінгі
мерекеге орай бүлдіршіндеріміздің
ерекше биімен орта шақырайық. Вальс
биін тамашалайық!
-Балабақшамыздың
директоры А.Исакуловаға сөз
кезегін береміз.
-Құрметті
аналар мен әжелер! Сіздерді «Жұлдызша»
тобының бүлдіршіндері атынан шын
жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз,
ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз
әрқашан аман болсын
Көңілді
музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.