Материалдар / Аналар асыл қазына! Ертеңгілік мектепалды даярлық тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аналар асыл қазына! Ертеңгілік мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарга
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2021
497
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Барыс » бөбекжай бақшасы








Ертеңгілік

«Аналар –асыл қазынам!»

«Лашын » мектепалды даярлық тобы












Тәрбиеші : Сәлімбаева А.А





Тараз қаласы

Аналар –асыл қазынам! 1

Балалар музыка әуенімен залға кіріп , вальс билейді.

Жүргізуші : Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

М.Інжу : Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

Ерасыл: Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,





Хор: « Нұрлы көктем »

Балалар отырады моряк биіне шыгады киінеді 2

Жүргізуші : Балалар біз қандай мерекені тойлаудамыз?

  • 8 наурыз аналар ,қыздар, әжелер мерекесі

  • Бұл мереке жылдың қай мезгілінде болып жатыр?

  • Көктем

  • Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай ?

  • Жер көгеріп,күн жылып, табиғат оянатын мезгіл

  • Дұрыс айтасыңдар

Олай болса көктем мезгілін қарсы алайық

Би: « Гүлдер » барлық қыздар шығады , ұлдар жапырақ ұстап ,сахнада

тұрады. (Қыздар дайын гүл әкеледі )моряк биіне шығады

Көктем: Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

 Жүргізуші:Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.





Тақпақ: 3

Нұрасыл ,Әжем менің ақ әжем, ешкімде жоқ жан әжем.

Ертегі айтып береді ,мағанда сол керегі

Әжемді жақсы көремін ,өлең айтып беремін

Үлкен болып өскенде, бәрін алып беремін.

М.Кәусар Балапандай сәбидің ,қанаты әсте талмасын

Арманы ол әр үйдің ,биіктерге самғасын.

Даниал : Әжем менің жан әжем, ақыл білім үйреткен.

Аппақ әжем жан әжем,тербететін мейіріммен

Аман болсын ақ әжем ,жүзге жетсін жасыңыз

Ағармасын шашыңыз

Раяна ;Көктем болды алақай ,қуанар барлық балақай

Көктемде жаңбыр болады, бақшаға гүлдер толады

Күн шуағы шашады,Жауында жауып алады

Көктем келіп жеткенде, ағаштар бүршік жарады

Айша ; Көктем келді құлпырып,Арықтардан су ақты,

Мал төлдеді мыңғырып, бәйшешектер гүл ашты

Жан жануар оянып ,бақта бұлбұл сайрады

Жасылға талдар боянып ,егінші кетпен сайлады.

Ақназар ; Әжем ұйықтар алдында ,ертегі айтып береді,

Еркелеп ойнап жатқанда, ылғи ұйықтап қаламын



Әжем өрнек тереді,сырмақ отыр оюлап,

Басы ауыра береді,шай ішпесе қоюлап.

Тәуке ; Мәпелейсің мені анам,қолыңдағы құсыңдай, 4

Құлпыра өсіп дем алам , құшағыңда қысылмай,

Жүре берсем қасыңда,әйбат анам әй анам,

Ботам деген дауысыңнан, мен мәз болып оянам

Би: «Теңізшілер» - Алижан , Ералы , Бек , Ерасыл , М. Інжу, Н.Інжу,Х.Кәусар, Айым

Көктем : Балалар сендер сондай өнерлі бала көрінесіңдер бүгінгі мерекеде

аналарымызға көмектесіп қуантсақ қайтеді . заманауи биге киіну

Ойын: «Кір жуу » - прищевка сүлгі 10 шт

Тақпақ:

Адина : Көктем келді күн шығып ,айлар күндер тұр күліп

Тура анам секілді ,мейірімді тұр күліп.

Бақшаларға гүл егіп ,жемістерді тереміз

Дала жасыл түске еніп көктем мезгіл келіпті

Сана : Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң маған

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар мекен


Шаттық Ана ана анасың,әрқашан маған данасың, 5

Ақ сүт беріп өсірдің ,түн ұйқыңды төрт бөлдің,

Ризамын саған анашым !

Жасмин : Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық, алтын бақ .

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай

Нұрхан Әлемдегі ақылды адам бәрінен сол жақын маған

Ол жанымда жүрсе менде ,батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып,жақсы ісімді мақтан қылып

Ақ мамамды мен әрқашан ,жүрсем деймін шаттандырып .

Абылай Аялаған саялаған

Бар бақытым берекем

Апатайым құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең




Шоқан : Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Хор: « Айналайын мама » 6

Би: « Қуыршақтар » парик кию

Нұрасыл ,М.Кәусар ,Даниал ,Раяна,Айша ,Ақназар ,


Көктем : Балалар аналарың өте бақытты екен сендер әнді де ,биді де, ойынды да жақсы көрсетесіңдер ,білімді,ақылды екенсіңдер , мен сендердің тапқырлықтарыңды байқайын

Жұмбақ жасыру :

  • Төрт түліктің бірі.(жылқы

  • Тышқанның жауы.(мысық)

  • Араның қорегі.(бал)

  • Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)

  • Көктемнің бірінші айы. (наурыз)

  • Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық)

  • Нарда бар,
    Малда жоқ.
    Нанда бар,
    Қарда жоқ. Н

  • Балада бар, 7
    Данада жоқ.
    Бабада бар,
    Ағада жоқ. Б

  • Басы да «а», соңы да «а»,
    Оқығандар ұғады.
    Ортасына не қоссаң,
    Ата болып шығады?

.Сан жұмбақ

  • Алдында үш балапан
    Артында үш балапан
    Ақ тауық пен балапан
    Айтшы санын ,балақан (8)

  • Көлден ұшты жеті қаз
    Қайтып қонды екі қаз
    Қонбады оның нешеуі
    Қане ,кім тез шешеді(5)

  • Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді
    Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі
    Нешеуі енді жайылып, Жүргенін айт ,айырып?
    (5)

Ойын: «Анамызға мерекелік дастархан »




Тақпақ : 8

Алижан : Өзіңсің өмірде жан анам, жұлдызым жарқырап жанама

Ақ сүтін нәр беріп әр беріп ,әр сөзің нұр құйды санама

Еркелесем күлімдейтін ,ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан искеп менің , құлыншағым күнім дейтін

Ералы Анамды мен жақсы көрем ,айтқан тілін алып жүрем

Қасымда анам жүргенде,шаттанып ойнап күлем

Жүре берсем қасымда, әйбат анам әй анам

Ботам деген дауысыңнан ,мен мәз болып оянам

Бек Жасыл көктем келеді ,самал беттен өбеді

Көкте бұлттар көбейсе ,мөлдір тамшы төгеді

Тамшы тамшы тамшылар ,Көгерді ағаш тал шынар

Тамшылардан өнетін ,тамаша гүлдер бар шығар

Ерасыл :Анам менің аялаған ақ гүлім

Анам менің абақытым мен шаттығым

Анашым деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнің

М. Інжу Анам менің өмірдегі тірегім

Анам менің кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін



Н.Інжу; Аяулы ана қымбаттым ,ұйқыңды бөліп түн қаттың 9

Нәрін беріп ақ сүттің ,құшағыңда гүл бақтың

Армандарға жетерміз ,құстай ұшып кетерміз

Ыстық құшақ анамнан ,сізді бақытты етерміз

Х.Кәусар ; Көктем келді өлкеме ,табиғаты тамаша

Гүл қаптады бөктерді ,нұрға толды айнала

Бүршік жарып ағаштар,құстар ұя салады

Сылдыраған бұлақтар,ағып бара жатады

Айым : Бүршік жарып жапырақ ашып ,даланы гүлдер басады

Сұлу көктем есігін ашып ,шуағын бізге шашады,

Көктем келді көктем келді,жадыраған жайнаған

Шашыраған сәулесімен ,жасыл көктем сайраған

Би: «Заманауи қимыл » Адина Сана ,Шаттық, Жасмин , Ақназар Нұрхан , Абылай ,Шоқан

Хор : « Жаңбыр жауды »

Жүргізуші : Құрметті ата аналар, балалар, апалар осымен «Лашын » тобының мерекеге арналған ертеңгілігі аяқталды . Мерекелеріңіз құтты болсын!



































«Лашын» мектепалды даярық тобы

  1. Кіру Вальс Н. Абдуллин

  2. Жүргізуші сөзі

  3. Көктем келді

  4. Жүргізуші сөзі

  5. Би: Гүлдер

  6. Көктем сөзі

  7. Жүргізуші сөзі

  8. Тақпақ

  9. Би: Моряк Алижан Бек Ерасыл Ералы Айым Інжу Інжу Кәусар Х .

  10. Көктем сөзі

  11. Ойын

  12. Тақпақ

  13. Хор: Айналайын мама минус

  14. Би: Куыршақтар Нұрасыл Раяна Аиша Ерсултан М.Кәусар Даниал

  15. Көктем сөзі Жұмбақ

  16. Ойын

  17. Тақпақ

  18. Би: Заманауи Шаттық Адина Сана Жасмин Ақназар Нұрхан Абылай Шоқан

  19. Хор Кап КАп казакша

  20. Балалар аналарына сыйлық таратады

  21. Жүргізуші сөзі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!