15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аналар-асыл қазынам!
Аналар асыл қазынам!
Мақсаты: Балаларға 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыра отырып, аналардың мерекесін сезінуге ешқашан анларын ренжітпеуге, қолғанат болуға құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекліктер: Залдың іші мерекеге сай безендірілген, аналардың суреті, әдемі шарлардың т. б. суреттер. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге жүріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші : Армысыңдар ұстаздар, сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен аяулы аналар кішкене бүлдіршін қыздарымыз 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей сан алуан гүлдеріндей құлпырып жайнап жүре беріңіздер!
Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын.
Той пердесін ашайық.
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық.
Балалар аналарымызды бәріміз жақсы көреміз бе? Аналар мерекесіне дайынбыз ба?
Ендеше бәріміз аналар туралы ән айтайық.
Ән: Анашым
Жүргізуші: Балалар сендер білесіңдер ме казір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Казір жылдың көктем мезгілі:
Жүргізуші: Көктем мезгілі неше айдан тұрады? Үш айдан тұрады.
Ендеше көктем мезгілін мына көріністерден тамашалайық. Видео көрсету.
Жарайсыңдар балалар бүгін бәріміз аналар мерекесіне жиналдық. Бірақ біздің мерекемізге біреу жетіспейтін сияқты. Сендер білесіңдер ме ол кім?
Балалар: Ол Ару Көктем.
Жүргізуші: Ендеше көктемді ортаға шақырайық.
Музыка әуенімен ішке көктем кіреді.
Көктем: Мен көңілді көктеммін
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал екенмін.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Ару көктем. Ертеңгілігімізге қош келдіңіз, төрге шығыңыз.
Көктем. Рахмет сендерге балалар?
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен құр келгенім жоқ өзіммен бірге тапсырмалар алып келдім.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жұмбақ жасыру:
Қар мұз еріп су көбейіп
Сай салаға толады.
Бүршік жарып жарық ашып
Гүл бәйшешек басады. Шешуі: Көктем.
Көктем: Дұрыс таптыңдар жарайсыңдар балалар.
Көктем: Ендеше балалар мен бір ойын ала келдім:
Қимылдық ойын
Гүлдерді түсіне қарай жинастыру.
Жүргізуші: Біздің балалар аналар туралы ән, би билеп ән салады жайғасып отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
Би: Аналар қыздардың орындауында
Ән: Ақ мамам
Жүргізуші: Келесі кезекте ертегіден көрініс. «Екі дос»
Жүргізуші: Келесі кезекте балаларымыздың тақпақтарына береміз.
Мен мұғалімнің анамның
Өнегесін аламын
Ертең менде анамдай
Оқытушы боламын. Айнар
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық. Раяна
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін. Айда
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам Абдурахман
5.Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де. Жансая
6.Аялы алақан
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Катемді кешірген Арсен
7. Құстар келіп көктемде
Ағаштар да гүлдеді
Қырдан теріп қызғалдақ
Анам үйге әкелді Айым Қ.
Орысша тақпақтар;
Моя бабушка родная
Лучшая на света
Самая красивая
На всей большой планета. Айнар
Бабушку и маму
Сегодня поздравляем
В ден восьмого марта
Счастья пожелаем Гүлнұр
Би: Ұлдардың орындауында
Келесі кезекте балаларымыздың тақпақтары:
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар
Санжар
Қозы бағып жүргенде
Жаңбыр жауды
Бір тамшысын әкелдім,
Анам, саған!
Гүлдер жауып кетіпті
Қырды, тауды.
Бір шоқ теріп әкелдім, анам саған. Гүлнұр
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз. Қ. Айзере
Аппақ мама, ақ мамам
Ақ мамам деп мақтанам
Түн ұйқысын төрт бөліп
Бөпешім деп жатпаған Асемай
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз Адилья
Мейірім төккен баршаға
Онымен өмір қаншама,
Анасыз өмір бола ма,
Айтыңдаршы баршаң да? Сезім
Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын. Манап
Анам, анам, ақ мамам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілді аламын
ӘН: Ақ мамам орындайтын : Гүлден
Дидактикалық ойын: «Гүл құрастыру»
Жүргізуші: Ару көктем біздің балаларымыздың өнері сізге ұнадыма?
Көктем. Ұнады керемет балалар өте тамаша екен. Мен енді басқа да бала бақшаға барып апайларды аналарымызды кішкене бүлдіршіндерді құттықтауым керек кететін уақытым болды, қош сау болыңыздар!
Жүргізуші : Қош сау болыңыз Ару Көктем
Ән: Көктем.
Осымен аналарымыздың мерекесіне арналған Айша тобы бүлдіршіндерінің ертеңгілігі аяқталды. Тағыда көктем мерекесі құтты болсын. Кішкене қыздарымыз аналарымыз ұстаз апайларымыз аман болсын. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген