Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аналар асыл қазынам

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналарын құрметтеу,сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Аналар асыл қазынам »

Мақсаты: Балаларға 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамы екенін ұғындыра отырып,аналарын ешқашан ренжітпеуге ,қолғанат болуға ,әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ұлдар әуенмен залға кіреді.

Ахмаддияр :

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ

Төреғали:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық.

Ерасыл:

Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!

Жүргізуші :

Қайырлы күн ,қымбатты әжелер –аналар, апайлар ,арулар!

Көңілдеріңізге көктемнің шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да

8- наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көктем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны ,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар –өмірдің гүлі,көңілдің жыры ,

әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең

дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Ендеше көктемнің алғашқы

күндеріне арналған ертеңгілгмзді батауға рұқсат етіңіздер .Бүгінгі

арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,

бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Ақ жаулықты

аналарымыз аман болсын ,

мерекелеріңіз құтты болсын.

Жүргізуші :

Балалар біздің топтың қыздары қайда ?

Ахмаддияр:

Апай біздің топтың қыздары әдеміленіп келе жатқан шығар.

Төреғали:

Өйткені біздің қыздардың мейрамы ғой.

Ерасыл:

Апай біз қыздарды күтіп алайық

Жүргізуші :

Түсіндім балалар олай болса біздің топтың аруларын қарсы алайық.

Әуенмен залға топтың қыздары кіреді.

Жүргізуші:

Балалар бүгін қандай мереке ?

Балалар :

Аналар мерекесі.

Жүргізуші :

Бұл мереке қай мезгілде болады?

Балалар:

Көктемде

Жүргізуші :

Жарайсыңдар балалар .

Жүргізуші :

Онда жігіттеріміздің билерін тамашалаңыздар

Би : Жігіттер тобы

« Әсем ән»

Жүргізуші :

Балалар қар еріп , құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда .Адамдарға қуаныш сыйлайтын сыйқыршы көктем . Олай болса мерекемізге ару көктемді шақырайық.

Ару көктем :

Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне тал еккенмін

Гүл боп қырда егілем

Дән боп жерге себілем

Жаңбыр болып жауам да

Нұр боп көктен төгілем

Шуағын төгіп әлемге

Жылуын күннің әкелем

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.

Жүргізуші :

Амансың ба , Ару көктем ? Ұлан –байтақ жерімізге қош келдіңіз.Шуағыңды шаттандырып ,нұрыңды мол төге бер.

Балалар :

Сәлеметсіз бе , Ару көктем

Ару көктем:

Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар ?

Балалар :

Көктем мерекесі , аналардың ,қыздардың мерекесін тойлап жатырмыз.

Ару көктем:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?

Балалар:

Көктем мезгілі

Ару көктем :

Жарайсыңдар , балалар ! Өте ақылды екенсіңдер.

Жүргізуші : Ару көктем біздің балалардың барлығы да әдемі,ал бүгін ерекше көңілді.Себебі, олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.

Ару көктем:

Иә мен де сендерді құттықтауға өзімнің әсем гүлдерімді жинап келдім.Қане менің гүлдерім .

Би : Гүлдер биі.

Жүргізуші :

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй –деп , Абай атамыз айтқандай ендігі кезекті балалардың орындауындағы әнге берейік.

Ән: « Ақ мамам »

Жүргізуші :

« Анамның әрбір сөзі жылылыққа толы , ананың көз нұры тастай

мұздай тасты да жібітеді» демекші балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Айзере :

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

«Алтыным» деп мақтаған

Айналайын ақ мамам!

Али:

Сеніміңді ақтаймын

Еркелеткен балаңмын

Аман жүрші әрқашан

Мұңаймашы анашым

Әбдірайым Мерей:

Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ,ақ мамам !

Аят:

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Жүргізуші :

Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де құттықтаймыз. « Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» -деп бекер айтылмаса керек .Кезекті әжелеріне арналған тақпақтарға берсек .

Инабат: :

Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі

Еңлік:

Сендерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар !

Асия:

Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне

Сабина:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді

Еркежан:

Аялаған , саялаған

Бар бақытым , берекем

Апатайым , құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең



Жүргізуші:

Ән : « Анашым менің»

Жүргізуші :

Мәпелесін мені анам

Қолындағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағың да қысылмай, -деп кезекті аналарымызға арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар .

Інжу:

Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсаң аналар

Амира :

О, алақай балалар

Шақырады балалар

Көктем келді гүл алып

Құстар келді жыр алып

Ернар:

Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан







Айым:

Апатайым анашым

Ақылы мол данасың

Қамқоршысы баланың

Гүлі сенсің әр үйдің

Ая:

Бүгінгі көктем күнінде

Барлық адам қуанар

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар

Жүргізуші :

Ән : « Мамам гүлдің бағбаны »

Жүргізуші : Ару көктем осы залға балаларымыздың әкелері келіп отыр екен. Қарап отырмай әкелерді ортаға ойын ойнауға шақырайық.

Ойын: « Кір жаю »

Шарты: Балалар ыдыстағы бет орамалдарды алып беріп тұрады , ал әкелер орамалдарды жіпке іледі .Бірінші болған топ ыдыстарын қолдарына алып ,орындыққа отырады.

Жүргізуші :

Сыңғырлаған күлкісі

Балдай тәтті сөздері

Біз кішкентай бишіміз

Біз өнерлі баламыз

Бізде сіздей боламыз

Шұғыла апа жолымен ,- деп айтқандай ендігі кезекті балабақшамыздың кішкентай бишілеріін қарсы алыңыздар .

Би: « Қуыршақ» барби

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек берейік.

Төреғали:

Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет

Аят:

Өнерлі боп өсеміз

Өмір сырын шешеміз

Өсіріп ой –сананы

Қуантамыз ананы

Ерасыл:

Үлкейдім ғой мен енді

Жудым бүгін еденді

Аналарға арналған

Жаттап алдым өлеңді

Еңлік :

Ана –біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Інжу:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Жүргізуші :

Жарайсыңдар балалар. Ендігі кезекті аналармен ойынға берейік.

Ойын : « Құрақ көрпе »

Шарты: Ортаға шыққан аналарымыз түрл түсті қағаздан қазақтың бір оюын кесіп құрақ қып желімнің көмегімен қағаз бетіне

орналастырады.

Жүргізуші :

Ару көктем балаларымыздың өнерлерін көрдіңіз ,балалар сизбен бір би билегісі келеді .

Ару көктем:

Дұрыс айтасыз балаларымыз өте өнерлі , бірінен бірі асып тұр екен.

Жүргізуші :

Би: « Флешмоб»

Ару көктем:

Балалар сендер өнерлі екенсіңдер.Аналарыңды қалай жақсы көретіндеріңді тақпақтарыңмен , әндеріңмен көрсеттіңдер.Енді мен қайтайын,сіздерді құттықтап кетуге келген едім.Басқа да балабақшаларға барып балаларды құттықтауым керек. Сау болыңыздар.

Балалар : Сау болыңыз Ару көктем. ( Ару көктем кетеді ) .

Жүргізуші :

Құрметті қонақтар біздің топтың ұл-қыздарының аналарына арнаған сыйлықтары бар соны табыстауға рұқсат етіңіздер .

( Залда әуен ойнап тұрады.)

Жүргізуші :

Осымен біздің « Аналар асыл қазынам» атты ертеңгілігіміз аяқталды .

« Бәйтерек» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз.Аяулы аналарымыз , ардақты әжелеріміз аман болсын.

Көз көрген балапандарымыз аман болып жылдан жылға тек жақсылықта жете берейік. Бүлдіршіндерімізге жылы лебізін білдіруге балабақша меңгерушісі Салтанат Тұрсынқызына сөз кезегін береміз.

 Осымен « Бәйтерек » тобының ертеңгілігі аяқталды зейін қойып тыңдағандарыңызға рақмет.


















































Ахмаддияр :

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық алтын бақ

Төреғали:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық.

Ерасыл:

Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым!

Ахмаддияр:

Апай біздің топтың қыздары әдеміленіп келе жатқан шығар.

Төреғали:

Өйткені біздің қыздардың мейрамы ғой.

\

Ерасыл:

Апай біз қыздарды күтіп алайық



Айзере :

Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсақ шаттанған

«Алтыным» деп мақтаған

Айналайын ақ мамам!

Али:

Сеніміңді ақтаймын

Еркелеткен балаңмын

Аман жүрші әрқашан

Мұңаймашы анашым

Әбдірайым Мерей:

Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегімде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ,ақ мамам !

Аят:

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген аптайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Еңлік:

Сендерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар !

Инабат:

Менің әжем мейірбан

Мені жақсы көреді

Қажетіне жарасам

Жас балаша күледі







Шакир Аңсар:

Анам менің « Күнім» дейді

Мен қуансам күлімдейді

Інжу:

Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсаң аналар

Амира :

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
327
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12