Материалдар / Аналар мерекесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды аналарын, әжелерін, апа - қарындастарын сыйлауға, құрметтеуге баули отырып, бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
443
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Балауса» ересектер тобындағы аналар мерекесі


Жүргізуші:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар да даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Балам деп келген Аналар!

Армысыздар құрметті қонақтар, қымбатты Аналар және Ақ жаулықты әжелер! Көктеммен бірге келген мерекелеріңіз құтты болсын» баршаңызға отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық,еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Бүгін сіздердің құрметтеріңізге арналған «Айналайын Анашым!» атты ертеңгілігіміз Сіздердің құрметтеріңізге арналады.

Үкі – Әліби:

Жерде әлі қар жатыр,

Орман қысқы ұйқыда.

Жылғалардан су ағып,

Көктем келеді жақындап.

Сахнаға Тиін мен Бәйшешек шығады.

Тиін –Адия:

Тезірек күн жылынса екен,

Мен басқа тон киер ме екем?

Бәйшешек – Салтанат:

Тиін ау сен сәл шыда,

Шықты ғой көктем жолға.

Мен шығамын алғашында,

Дайын жүрмін қарсы алуға.

Қыс- Ақбота:

Гүлдер,көктем? Жоқ қой олар,

Бәлкім олар жалған болар.

Жан –жақтың бәрі суық, қараңғы,

Ал, мен Қыс, мұнда ұзақ боламын.

Сауысқандар ұшып келеді.

Сауысқан-Ақбота:

Айтпап пе едім, күтеміз,

Ешқайда біз ұшпаймыз.

Сауысқан-Едіге:

Олай болса әзірше,

Ұя салып алайық.

Ұямызда тұрайық,

Ендеше мен ұямызды салуға барайын.

Тиін –Адия:

Айтыңызшы сіз маған

Шет елге ұшқан құстар,

Қандай түсті қауырсын тағар?

Сауысқан-Зейнеп:

Онда сарғыш түс қана

Сәнді екен ол жерде,

Басқа түстер жоқ мүлде.

Бәйшешек – Салтанат:

Осы орманның сәнқойы,

Тиін екен ғой ендеше.

Аңдары бұл орманның,

Қызыға қарар сен десе.

Тиін –Адия:

Қандай сәнді киінем,

Тоным да менің әдемі.

Ж.ндерім күнге жарқырап,

Бәрінен жақсы көрінемін.

Күн сәулесі- Айзере:

Күн сәулесі мен едім,

Сендерді көруге келдім.

Өзіммен бірге сіздерге,

Көктемнің бұйрығын әкелдім.

«Ұзақ енді күтпеймін,

Уақытында келемін!»

Сіздерге шұғыл айтуды,

Көктем маған бұйырды.

Бәйшешек – Салтанат:

Көрдіңдер ме, достарым!

Қорқытуға болмайды екен көктемді.

Қыс қанша суық болсада,

Біз дайынбыз өарсы алуға көктемді.

Қыс- Ақбота:

Көктем бізге жақындап келді,

Орманның соңғы қары еріді.

Енді мен солтүстікке барайын,

Мұнда тым ыстық енді.

Күн сәулесі- Айзере:

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Күн сәулесі- Рүстем:

Сылдыр қағып ақ бұлақ,

Күйге салып жатты бақ.

Күн сәулесі- Айзере:

Күн ұзарып түн қысқарды,

Ағаштар бүршік жарды.

Күн сәулесі- Ерасыл:

Таудан аққан өзенде,

Гүрілдеді қаттырақ.

Күн сәулесі- Рүстем:

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ білемін!

Ормандағы аңдар да көктемді қарсы алуға шығады.

Аю- Алихан:

Көктемде бар бір мейрам,

Сондай жарқын,мейірімді.

Наурыздың сегізінші жұлдызы,

Ана сіздің мейрамыңыз бұл күні!

Әділет:

8 наурыз – мецрамын,

Біледі екен балалар.

Ең сүйкімді Аналардың,

Мейрамы боп табылар

Қоян- Шыңғысхан:

Көп ертегі білетін,

Тәтті тағам беретін.

Асыл әжем тағы бар,

Бар жаныммен сүйетін.

Қоян- Еркебұлан:

Құттықтаймыз біз міне,

Барлық ана, әжені.

Әкелер сізді құрметтеп,

Балалар сізді сыйласын.

Тілейміз біз сіздерге,

Қуаныш, бақыт, береке.

Надир:

Мұнда қанша ару бар,

Сұлу әрі,сүйкімді.

Барша ерлер атынан,

Құттықтаймыз сіздерді!

Ортаға көбелектер ұшып келеді.

Көбелек Анеля:

Ақыл құйған санама,

Күннен де артық,расында.

Күн алыста, ал Анам,

Ылғи менің қасымда.

Көбелек – Айдана:

Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол күн әжем.

Арамызда осылай,

Аман есен жүр әжем.

Көбелек – Айзере:

Айналайын анашым,

Әлемдегі жаны асыл.

Болса маған не керек,

Бәрін іздеп табасың.

Көбелек – Дана:

Ана біздің күніміз,

Ананаың біз гүліміз.

Қасымызда аман боп,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Көбелек – Нұрдана:

Әркімнің бар анасы,

Шуақ күннің баласы.

Анасымен әрқашан,

Жарқырайды жанады.

Барлығы бірге:

Шұғылалы Күн- Ана!

Бізге келші тез ғана

Күн- Ана:

Сәлемет пе қонақтар!

Сәлемет пе балалар!

Сәлемет пе аналар!

Сәлемет пе ұлдар!

Және сұлу қыздар!

Жүргізуші:

Көкте күн боп жанасың,

Сәулелерге анасың.

Балаларың сізге арнап,

Әсем әнін жолдасын.

Ән: «Ана деп ән салам» (хор)

Күн- Ана:

Басталды міне қызық сәт,

Тыңдап ал сен мұқият.

Сәулелерді жинайық,

Кел,бәріміз ойнайық.

Ойын: «Сәулелерді жина»

Ойынның шарты: Балаларды 2 топқа бөліп, әрқайсысына екі түсті күн беріледі. Балалар сол күннің түсіне сәйкес сәулелерін жан – жағына құрап үлгеруі тиіс.

Күн- Ана: Үлкен рахмет балалар!

Бұлт:

Неге көкте жанасың,

Сәулелерің нұрланып.

Қалай мейрам тойлайсың,

Мені мүлде ұмытып.

Бұлтшаларды шақырып,

Жаңбырды мен құямын.

Жарқыраған Күнді мен,

Сендерден алып қашамын.

Жүргізуші:

Балалар, бұл қалай болғаны,

Енді бізге күнімізді құтқару керек

Кімнен көмек сұраймыз?

Карлсон- Нұрасыл:

Амансыңдар ма достарым!

Білесіңдер ме, мен не көрдім

Шатырда ұшып жүріп ем,

Күнді көрдім жүгірген.

Қуып едім асығып,

Қанатымды сындырдым.

Көңілсіз неге отырсыңдар,

Әлде мені аяп кеттіңдер ме?

Жүргізуші:

Карлсон, білесің бе?

Бұлт көкте жарқырамасын деп біздің күнімізді ұрлап кетті. Енді күнді кім құтқарады?

Карлсон- Нұрасыл: Қалайша кім? Мен ше?

Мен деген әлемдегі ең кұшті құтқарушылардың бірімін.

Бірақ, сендерде тосап бар ма?

Балалар: Карлсон, бізде тосап жоқ.

Карлсон- Нұрасыл:Ал, тәтті тоқаш бар ма?

Балалар: Бар шығар.

Карлсон- Нұрасыл:Онда маған дәл қазір тәтті тоқаш әкеліңдер!

Карлсонға тәтті тоқаш әкеліп береді, ол оны қалтасын салып алады.

Карлсон- Нұрасыл: Ооо, сендерде қаншама кәмпит бар екен? Ендеше ойын ойнайық.

Жүргізуші:Тоқта,Карлсон! Ал, күніміз ше? Оны құтқаруымыз керек қой!

Карлсон- Нұрасыл:Менде Күнді құтқаруға көмектесетін бір ойын бар.

Ойын: «Кім тәттіні тез жинайды?»

Карлсон- Нұрасыл: Ой , қандай жақсы балаларсыңдар! (Ол кәмпиттерді бір банкіге сала бастайды)

Жүргізуші:Қоя ғой енді, Карлсон! Сен тәттіні алу үшін бізді алдаған екенсің ғой. Өз жөніңмен кете бер! Сенен ешқандай көмек жоқ.

Карлсон- Нұрасыл: Расында да, мен сендерде ұзақ отырып қалдым-ау. Маған алғыс білдірмей-ақ қойыңдар. Сау болыңдар балалар! Мен ұштым. (Карлсон қашып кетеді)

Жүргізуші: Енді қалай болғаны. Бізге күнді қайтару үшін,Бұлтты қалай көндірсек екен?

Үкі-Әліби:

Күнімізді қайтарып,

Беру үшін қара бұлт.

Шақырайық бәріміз,

Шұғылалы көктемді.

Жүргізуші:Әрине! Күнді қайтарып беру үшін Бұлтты Көктем ғана көндіре алады.

Келді көктем қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

Келді көктем қызыл-жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен.

Міне, көктем де келді.

Көктем:

Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар!

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сендер мені шақырдыңдар ма?


Жүргізуші:

Ашулы бұлт бәріміздің,

Күнімізді ұрлады.

Өзіңізді шақырудан басқа,

Еш амалымыз қалмады.

Көктем:

Бұлтты сендер байқамай,

Ренжітіп алмаған бе едіңдер?

Мүмкін ата- аналарың,

Байқап қалған болар?

Надир:

Анашым менің айта ғой,

Көмегіңді бере ғой.

Ата-аналардың ішінен біреуі көмек береді.

Жүргізуші:

Қалайша біз білмедік?

Ал да ана емес пе?

Балалар: Бұлт-Жаңбырдың анасы!! (хормен)

Бұлт: Рахмет! Естеріңе түсті ғой!

Жүргізуші:

Кешір бізді Бұлт- Ана!

Білместік болды бізден.

Айзере:

Жаңбырға сен анасың,

Жауын –шашын боласың.

Нұрын төккен баршаға,

Күн – Ананы қайтаршы!

Бұлт:

Шыға ғой енді Күн –ана,

Сәулеңді шаш баршаға!

Музыка әуенімен Күн –Ана шығады.

Күн –Ана:

Бұлт– Ана, кешірерсің кінәмді,

Сенің де мейрамың құтты болсын!

Сен де мына әлемге өте керексің,

Сенсіз әлемнің сәні жоқ.

Күн –Ана:

Кешіремін Күн –Ана!

Сен де мені кешірерсің!

Сенің орның бөлек қой бұл әлемде,

Сенсіз жылу болмайды.

Сенсіз жарық болмайды,

Нұрыңды төк әлемге.

Жылуыңа бөленесің,

Жерлеріміз көгерсін!

Көктем:

Екеуің де қажетсіңдер бізге,

Бірің жерді суғарар.

Бірің әлемге жылуын себер,

Сондықтан да екеуің,

Айырылмас дос болыңдар!

Жүргізуші:

Иә, шынында да әлемдегі әрбір тіршілік иесінің бәрінің де анасы бар! Сондықтан да анамызды әрқашан құрметтеп,қадірлеп,сыйлап,аялап және еңбегін әрқашан бағалап өтейік!

Әрдайым да ана сөзін тыңдайық,

Аялайық, қайда жүрсек жырлайық.

Әрбір сөзін екі айтқызбай әрқашан,

Аналарды құрметпенен сыйлайық!

Хор: «Апатайым Анашым!»

Жүргізуші:

Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйер өзінің,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!