Материалдар / Аналар мерекесі

Аналар мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларга аналар мерекесі туралы түсінік беру. Ақ жаулықты аналарымызды сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу Шығармашылыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Наурыз 2024
188
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бейнеу Психологиялық-Педагогикалық түзеу кабинеті»КММ

Picture 2

































« Ана гүл, ана – өмір! »



Өткізген: Мұғалім-дефектолог:Қойшыбаева М











Бейнеу -2024жыл

Бекітемін: ____________

Күні:7.03.2024ж

«Ана гүл, ана – өмір!»



Тәрбие сағатының мақсаты:

Балаларға көктем мезгілі туралы, көктем мезгілімен қоса-қабат келген аналар мерекесі 8-наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Отбасындағы ананың орнын түсіндіріп, анаға деген құрметті ұғындыру. Ана мен баланың арасындағы байланысты барлық жақсы қасиеттерін өлеңмен, әнмен бимен, мақал-мәтелмен жеткізе білу.

Дамытушылық: Көктем мезгілінің құбылыстарын, анаға қалай көмектесетіндері туралы өз ойларын жеткізу арқылы байланыстырып сөйлеуге талпындыру, сөздік қорын молайту, ойын арқылы ой-өрісін дамыту, қолайлы орта ұйымдастыру арқылы қызығушылығын, белсенділігін арттыру, көңіл-күйін көтеру.

Тәрбиелілік: . Отбасына, туыстарына деген мейірімділік, қамқорлық, кішіпейілділік, адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу. Достыққа, ұйымшылдылыққа баулу, эстетикалық талғамын көтеру, әдемілікті сезіне білуге үйрету.

Жүргізуші:

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!



Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты ұстаздар- аналар , арулар ! бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару — ана, Ару — асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару — өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді.Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!



Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар, - дей келе балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.

(Балалардың тақпағы)

1.Медина

Ана бақыт , ана нұр

Әр сәбиге, балаға.

Ана кетсе елжірейді жүрегім,

Ана келсе қуаныштан күлемін.

2. Жадыра

Ақ сүт берген балаңа

Күш жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған

3. Ұлжан

Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

4. Ерасыл

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз



(Әуенмен Көктем кіреді)

Көктем: Сәлеметсіңдер ме , балалар!

Міне келдім табиғатты оятып,

Күн күркірі нөсерімен тоя түп.

Ағаштардың тамырына қан жүрді,

Жапырағын жасыл түске боятып.

Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер!



Жүргізуші: Салеметсізбе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді.



Көктем: Сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?



Балалар: Көктем мерекесін, аналарымыздың, аруларымыздың мерекесін тойлап жатырмыз.



Көктем: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Көктем: Жарайсыңдар, балалар! Өте ақылды екенсіңдер.

Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға тартпақшы.

Көктем: Иә балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім

Тақпақ:

5. Дидар

Ақ сүт беріп аялап

Өсірген менің жан анам

Түнде оянып ұйықтатқан

Мені ойлаған ақ анам

6. Мейірім

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

7. Нұрай

Аялы алақан

Әлпештеп өсірген

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген

8. Сезім

Алпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Салем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

9. Қызғалдақ

Менің әжем бұл әжем

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем



(Әуенмен Қызыл телпек кіреді)



Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме, балалар!



Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек! Мұнда қайдан жүрсің?



Қызыл телпек: Әжемнің жағдайын сұрап, құттықтауға бара жатырмын. Осы жерден өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келдім.



Жүргізуші: Балалар, Қызыл телпек өтіп бара жатып, әуеннің дауысын естіп келген екен. Ендеше Қызыл телпекке ән айтып берейік.



Ән: «Ақ дидарлы анашым»



Көктем: Балалар, сендер қандай өнерлісіңдер! Ана туралы тақпақ та, ән де біледі екенсіңдер Мен сендерге ризамын, мерекені жалғастыра беріңдер , мен қайтайын басқа да күтіп отырған сендер сияқты балалар бар. Сау болыңыздар!

(Әуенмен Көктем кетеді, Қасқыр келеді)

Қасқыр: Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Иісінен сезіп тұрмын, ол осында. Әлде келіп кетті ме екен? Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда?



Қызыл телпек: Құтқарыңдар мені!



Би: «Анашым» ұлдардың орындауында

(Қасқыр таңданып басын шайқайды, оқыс отырып, тұрады. Аңдып жүріп би бітісімен Қызыл телпектің қасына жетіп келеді)



Қасқыр: А, міне , өзіңе жеттім бе? Менің қарным ашып тұр, мен сені жеймін!



Қызыл телпек: Қасқыр! Қасқыр! Үлкен мереке өтіп жатыр. Балалардың өнерін тамашалайық! Олар аналарына арнап ән, тақпақ айтады. Мен де әжемді құттықтауым керек. Тамашаға қатысып, ойын ойнайық.



Қасқыр: Егер балалардың өнері маған ұнаса, мен саған тимеймін!



Жүргізуші: Қане балалар, олай болса ойын ойнайық!



Ойын: «Қыздарға гүл сыйлаймыз мерекеде»



Шарты: Оң жақ қатар мен сол жақ қатардан 1 қыз 1 баладан яғни жұп-жұппен шығады да, жәй әуен қосылып, соған вальс билейді. Музыка тоқтап қалған кезде, жүгіріп ортадағы гүлді кім бірінші алса, сол бала өзінің жұбына сыйлайды. Ойын 3,4 рет қайталанады.



Жүргізуші: Балалар, қасқырға озіміздің өнерімізді көрсетейік

10. Нұрислам Б

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін

11. Әлихан

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

12. Қуаныш

Ана пана , Ана дана

Өмірді әкелетін , Ана ғана

13. Әнуар

Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын

Қасқыр: Ой, балалар, сендердің өнерлерін маған ұнады, көп рахмет сендерге. Жүр Қызыл телпек әжеңді бірге барып құттықтайық. Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Болсын дейді балалар

Бақытты өмір, береке

Әжелер мен аналар

Құтты болсын мереке

Біз сыйлықты дүкеннен сатып алмаймыз.

Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

(балалар аналарына сыйлықтарын береді)

Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурызға байланысты әже, аналарымызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ