Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Аналар мерекесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК «Болашақ» балабақшасы



Бекітемін:

«Болашақ» балабақшасының

әдіскері ________

«___»____________ 2018 ж.







1 «Балапан» ІІ-кіші тобында

8 наурыз мерекесіне арналған

«Аялы алақан»

атты ертеңгілік сценарий





Тәрбиеші: Утенова Алия

Әдіскерлер: Утенова А.О.














Құрық ауылы

2018 жыл.

Шуағын шашқан - "Аялы алақан"

Мақсаты: жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, үйрету.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер!
                    Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
                    мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз 
                    жайдарлы
 жүздеріңіз жарқын болсын 

Мәпелейсін мені анам

Қолындағы құсындай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

Сен жалықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін-деп бүлдіршіндеріміздің аналарға арналған әнін тамашалаймыз.

Ән: «Ай дидарлы анашым»


Жүргізуші:

Бала, бала, бала-деп

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Бұл кім? Әрине ана ендеше аналарға арналған балаларымыздың тақпақтарын тамашалаймыз.
Тақпақ:
Әбілқайыр: Жанымызды жайнатқан,
              Сіздерді ғой аналар
              Зор денсаулық мол бақыт
              Тілейміз біз балалар.

Нұрбол: Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ  мамам!» - деп, шаттанам 
           
 Түн ұйқыңды  төрт бөліп
              «Бөпешім!»- деп жатпаған.

Мәлік :Теңдесі жоқ данасың, 
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.

Нүрел: Сегізінші наурыз күнін, 
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.

Әбдірахман:Аналарды сүйеміз, 
                Сөзін ойға түйеміз.
                Әжені де ардақтап,
                Әдеппен бас иеміз.


Гүлназ
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.


Мадина
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.


Жүргізуші: Қазір қай жыл мезгілі?

Балалар: Көктем

Жүргізуші: Көктемде қандай мерекелер болады?

Балалар: Аналар мерекесі

Жүргізуші: Дұрыс

Жүргізуші:

Күнде жерде, бұлтта, желде,

Бүгін қандай жайдары,

Қыстың қары сынып зәрі

Жоғалтыпты айбары

Мөлдір суға қиқу шуға

Толған дала сайлары

Айтыңдаршы балалар бұл қай кезде болады?


Көктем кіреді: Үстім жасыл түк басқан

Көктем келдім нық басыпғ

Жылғаларға жылыстап,

Кете барды қыс қашып.

Сәлеметсізбе балалар! Мені таныдыңдарма? ия, мен көктеммін менің сағындырған шуағымды күттіңдерме?

Жүргізуші: Ендеше Көктем аруы мерекемізді жалғастырайық балалардың өнерін тамашалаймыз.


Аят
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.


Әлнияз

Сенен өскен балалар 

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!


Шайхислам

Үлкен, кіші әркімде 

Әже де бар, ана бар

Аналарды әр күнде

Қуантса екен балалар!



Нұрислам

Жақсы көрем күлкінді 

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам.


Мирас

Келбетінде ұлылық 

Даладай кең пейілі

Ана –деген жылылық

Ана –деген мейірім


Ханшайым

Титтей бөбек кезімнен 

Әлдилеген емізген

Еркелетіп күлгізген

Алғаш «апа» дегізген


Жүргізуші:

Үн қатасың бал тіліңмен

Еркелеймін әр күніңмен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен-деп балаларымыздың өлеңін тамашалаймыз.


Ән: «Асыл әже, әз әже»


Жүргізуші:

Көңілдегі қуаныштың шуағын

Өмір бойы сөнбесін деп тілемін,

Мейірімді жанарлардан шапағат

Жер дүниені жылытсын деп тілеймін-деп бүлдіршіндеріміздің тілегін тамашалаймыз:

Балалар:

Нүрбол: Алтын әжем ол менің

Мені жақсы көреді


Сабина: Үйретеді өлеңді

Ертегі айтып береді.


Мирас: Айналайын анашым

Данасың да дарасың


Нүрай: Ақ кимешек киген

Ақ бетімнен сүйген


Әльнасыр: Әжем менің қандай

Әжем менің айдай


Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі
Балалар сіздермен ойын ойнасақ.

Ойын: «Саңырау құлақ»


Тақпақ:


Сабина

Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз.


Алуа

Наурыздың сегізі, 

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізім.

Рамазан

Анашым анам 

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам


Шахмардан

Мәпелеп мені өсірген 

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде


Жүргізуші: Құрметті аналар бүгін сіздерге арнап біздің балалар ертегі сахналап береді.


Сахналау: «Бауырсақ»


Жүргізуші: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі.


Ән; «Сағындым әже»


Тақпақ:

Ақнұр
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.


Ерназар
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым


Кемелхан
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым


Малика
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже


Арсен
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым


Айзере
Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған


Нұрайша
Еркелеттің асырадың
Мойыныңа асыламын
Аман болшы ардақты анам
Мен әрқашан қасыңдамын.



Ойын: (Ата - аналармен)
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.


Жүргізуші: Аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік.


Тақпақ:


Джақсыбай Нұрай
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.


Әльнасыр
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.


Елемес Нұрай
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.


Ырысбек
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.


Зафира
Мейірімді жүрекпен,
Бөлісетін бақытты.
Ақ ниетпен шын тілек,
Ізгі істерді жақұтты


Арайлым
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.

Жүргізуші: Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет Енді балалар аналарымызға арнап жапсырып жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12