Аналар мерекесі тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Аналар мерекесі тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл тәрбие сағатында 3 -сыныпқа арналған сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Ана өмірдің шуағы»

Сабақтың мақсаты:

1. Бұл мереке ең жарқын да әсерлі мереке ретінде өтуі тиіс екенін оқушыларға ұғындыру.

2. 8 наурыз мереке қарсаңында өтілетін іс-шараларға оқушыларды өз дәрежесінде қатысуға дағдыландыру.

3. Ана – тіршілік, үлкен тағдыр. Махаббат пен шабыттың нәрін осы сөз арқылы оқушыларды жақсы адам болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Фанфары

-Сәлеметсіздерме,құрметті қонақтар!Ақ жаулықты әжелер,асыл да ,аяулы аналар! Көктемді қанатына қондырып,жан жылуын көкірегіне жинап, аналар мен қыздардың дәстүрлі мерекесіде келді.Қызғалдақтай құлпырған ,сұлу да әдемі аналарымызды 8-наурыз мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

1.жүрг:

Жақсылықтың нышанындай,

Жанын сүйген адамның жып-жылы құшағындай,

Жайма шуақ сәулелерін төгетін,

Көңілдерге қуаныштар егетін,

Көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,

8 НАУРЫЗ келді ортамызға!

2. жүрг:

Осы мерекенің иелері,

бар адамзаттың табынары мен киелері,

қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,

мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,

сүйкімді қылығымен сағындырған,

әсем көркімен, жүрегінің өртімен

небір дана мен данышпандарды табындырған,

асыл аналар, аяулы қыздар,

мерекелеріңіз құтты болсын!/екеуі бірге/

1.жүрг:

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік ән-жырлар бір өздеріңізге арналады:

Оқушылар вальс билеп кіреді

Бұл кім?Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған;

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған;

Аялы қолда талпынтқан;

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан;

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Қаймақты сүттей қалқытқан;

Суық болса жөргегін,

Қорғасындай балқытқан;

Бұл кім?

Ыбырай Алтынсарин

Тоқтар:Алтыным деп аңсаған,

Өзіңсін ғой жан Анам.

Алаңдауым жүрегім,

Сені аңсап сағынам.

Тек өмірде сен ғана,

Жалғызсың ғой сен Анам.

Бұл өмірде тек қана,

Өзіңе арнап ән жазам.

2 –оқушы :Мәңгілік бас иетін қасиетім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.

Ана сұлу аққуым көлімдегі,

Ана жарық жұлдызым көгімдегі.

3 –оқушы :Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

5 –оқушы :Ана жолын ана болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол бір биік құзар, шың.

Балаң үшін кеуде керіп мақтанып,

Балаң үшін биіктерден құларсың.

6 –оқушы :Ана сөзі күн көзімен пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан,

Көп жасандар, ақ ниетті Аналар.

11-оқушы :

Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам барма екен?

12-оқушы :

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы

Біздің үйдің жылуы

Анамыздан тарайды


Асыл ана би

1жүрг:Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.

2 жүрг: Йә,....... сәби шағында олар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

1-жүрг:Дұрыс айтасың .......... !Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

Сахналық көрініс: «Кірпі баласын жұмсағым дер»

Кірпі баласы жылап отырады.

Қоян келеді.

Қоян:-неге жылап отырсың?

Кірпі:-Анамнан адасып қалдым.

Қоян:-Анаңнан адасып қалдың ба?

-Анаңның түрі қандай еді?

Кірпі:-Ол бәрінен сұлу!

Қоян: - Сұлу дейсін бе? Мм білемін,білемін!

-Міне анаңды ертіп келдім.Ормандағы ең сұлу осы аң.

Кірпі:-Жоқққ ол менің анам емес!

Түлкі:-бұл менің балам емес!

Қоян:- Қалай сен менің анам бәрінен сұлу дедің ғой.

Кірпі:-Ол бәрінен ақылды!

Түлкі:- Үкі қайдасың , кел мында сені балаң іздеп жүр?

Үкі:- Қайда менің балам? Мен оған үйде отыр дедім ғой.

Қоян: -міне сенің балаң!

Үкі: -Жоқ ол менің балам емес.

Қоян, түлкі: -Қалай???

Түлкі: -Ең ақылды сен емессің бе үкі?

Кірпі:-Жоқ ол менің анам емес!!!

Кірпі анасы :(кіріп келеді)-балам қайдасың?

Түлкі,үкі,қоян: -Осы ма сенің анаң!(хормен)

Кірпі: -Йә ең ақылды, ең сұлу менің анам!!!

2-жүрг:

Ананың берген тағылымына ешқандай бақ-дәулет те, хан қаһар да, батырдың айбары да теңдесе алмайды.

1-жүрг: Осындай ананы құдіретті ұлылар қалай суреттеген екен?

Оноре-де-Бальзак:

Адамдар- әрқашан да өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да батыр да болмайды.

Владимир Белинский:

Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді.

1-жүрг: - ................жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?

2-жүрг:- ..................жоқты бар, ашты тоқ ететін мейрімді әке.

1-жүрг:-Жоқ, ............., әке қанша мейрімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана - үйдегі бақ, әке - отыратын тақ.

Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы..

1-жүрг:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары,- деп


6 оқушы Маған арнап бар асылды жинадың

Мейіріміңді, жүрегіңді арнадың

Әлем сенің табаныңда бас иер

Жан анашым құтты болсын мейрамың!

7-оқушы :

- Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Сабақтан шаршап үйге келгенімде

Бал сөзі "жаным" деген сая маған

8-оқушы :

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті жан, аналар!

9-оқушы :

Еркелеймін,шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші,келші ақ мамам!


Мұғалім : -Ананың жүрегі,ананың махаббаты,ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ.Бала үшін ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейріміне жетпейді.Едеше балаларыңыздың сіздерге деген ыстық лебізін тыңдаңыздар.

Арнур: Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам

Айым Қ: Ана өмір шырағы

Ана өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады



Муслим : Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы, анашым

Айым Ә : Ана –дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана-дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана-деген бәйтерегі өмірдің

Ана-деген алтын қазық, алтын бақ

Ұлан :

-Ана! Ана!Ана! осы сөздің өзі адамға қандай күш береді!Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар.Ана парызы алтынға бөлеуді,ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп,адам болуын қалайды.

Інжу: Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Айым «Әжем»

 10-оқушы :

Жылылықтан жаралған

Құшағы оның -таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу барма екен?

2 – бөлім










Топқа бөліну (жүректер жинау арқылы өздеріне ұпай жинап отырады)

1 – топ Қызғалдақ

2 – топ Раушан

3 – топ Бәйшешек

Пазлы құрау арқылы топқа бөлінеді

1 – тапсырма «Кім жылдам?» жұмбақтар шешеді

1.Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)

2. Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
(Пияз)

3.Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.
(Тұз)

4.Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ.
(Жұмыртқа)

5.Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.
(Айран)

6.Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
(Құрт)
7.Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып.
(Су)

8.Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.
(Ара)

9.Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.
(Көбелек)

2 – тапсырма «Ойлы болсаң озып көр»

Берілген қиынды қағаздан мақал құрап оқиды.

1. Ананың алды — ақ жайлау.


2.Анасыз үй - көңілсіз күй.

3.Ана жүрегі — теңізден терең.

3 – тапсырма «Қол өнер» сайысы

Қиылған ою өрнек,қималардан құрақ құрастырады.

Сайыстың нәтижесі: Достық – жеңілмейтін күш дей келе бұл сайыста «Достық жеңді»ендеше қыздарды қошеметтеп қояйық.

Мұғалім :

- Балалар бүгінгі бір ақ күн ғана аналарымызды құттықтап қоймайық.Әр күніміз аналар мерекесі болып есептелсін.Үнемі оларды сыйлап,айтқанын тыңдап,қуантып жүре беріңдер.Олай болса аналарымызға қыздарымызға мерекелік сыйлықтарымызды табыс етейік.

\Сыйлықтар тапсыру\













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.04.2025
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі