Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Аналар мерекесіне арналған концерттің сценарийі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық» атты аналар мерекесіне арналған концерт сценарийі
Класс жетекшісі Сулейменова А.Ж.
Мектебі: Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия, 5-класс
1-Жұлдыз, 2-Ғ.Асылан
2-жүргізуші:
Біз ғана емес,қадір
тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір
даналар.
Ана деген – тіршіліктің
тірегі,
Армысыздар,қасиетті
аналар!
1 -жүргізуші.
Армысыздар, ардақты аналар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі 5 «Г» класының «Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық » атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Алғашқы құттықтау сөзді гимназия /директоры ....// директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары .... береміз.
2-жүргізуші:
Сіздерді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
Көктеріңізден күн кетпесін, құшақтарыңыздан гүл кетпесін,
өмірлеріңізден күлкі кетпесін. Құт болып әрбір үйден табылып, шуақ
болып әрбір үйге жағыла беріңіздер.
Нұрмұхан Адинаның орындауында «Мама» әні. Ән барша аналар қауымына арналады.
1-жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.!
Ақын Ғабиден Қожахметтің аналарға арналған өлеңдерін ұсынамыз. (Өлеңдер оқылады)
2-жүргізуші: Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымын төл мерекесімен құттықтау үшін ортаға Абдығани Айсенімді шақырамыз. Халық әні – «Илигай».
1-жүргізуші:
Аялаған ,
баптаған,
Асыраған,
сақтаған.
2-жүргізуші:
Сақтандырып күнде
еппен,
Айтып бәрін
үйреткен
Бірге: Анамызға мың
алғыс!
1-жүргізуші:
Ерлік еткен біз
үшін,
Еңбек еткен біз
үшін.
2-жүргізуші:
Еркелеткен
біздерді,
Еркіндеткен
біздерді.
Бірге: Аналарға мың
алғыс!
1-жүргізуші:
Ана деген – бастауы
ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі
сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар
шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ
атын.
2-жүргізуші:
Олай болса
__Өркенді
____
қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп
тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті
болып,
Уа, халайық, жұмыла қол
соғайық!
1-жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп кетті
тербетіле.
Аққудай қалықтаған
теңіздегі,
Бишілер өнерлерін
көрсетуде
2-жүргізуші. Ортаға қазақтың бас ақыны Абайдың «Торжорға» күйіне мың бұрала билейтін биші қыздарымызды шақырамыз.
1-жүргізуші:
- Асылан, ең биікке, шырқау аспанға кімнің атын жазар едің?
2 – жүргізуші: Бұл сұраққа ақын Мұқағали жауап беріп кеткен болатын.
Аспанға жазам сенің есіміңді.
Ана! Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігіңді... Бесікте жатқанымызда әлдиімен жұбатқан аналарымызға әсем әуен арнайтын Әселімізді қошеметпен ортаға шақырайық. «Көзімнің қарасы» әнін кларнет аспабында орындайды.
2 –
жүргізуші: Мен қазақ қыздарына
қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай
жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген
сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран
бабам!
Класымыздың ару қыздарына арналған ер
балалардың құттықтау сөзіне кезек
берелік.
(Ер балалардың құттықтауы 9 ер бала. )
-
Өнердің айдынында самғаған,
Музыкалық дәстүрді ол жалғаған,
Айсенімнің өнеріне барша жұрт,
Ықылас пен құрметін арнаған.
-
Өнегесін үлгі тұтып дананың ,
Талай өрді жыққан еді талабың.
Білім, өнер айдынында тең жүзіп,
Қалады Әсел мығым берік қамалын.
-
Өнерімен бата алған сүйікті елден,
Таланты бар бойында жиып терген.
Жалындаған Жұлдызды біз әрқашан,
Көрінсін деп тілейміз биіктерден.
-
Ақылы сай келеді тұлғасына,
Көп қасиет дарыған бір басына
Спортты да еңсерген Диляраның
Әр ісі үлгі болсын ортасына.
-
Үлкендерді құрметтеп сыйлаған,
Достарына адал әрі сыйлы адам.
Мінезінің кеңдігіне сөз жетпес,
Адинадай болсын дейміз әр адам.
-
Қалың елді биімен тамсандырған,
Байқауларда жүлдемен жар салдырған.
Айдананың болмысы дараланып,
Көрген жанды еріксіз тамсандырған.
Өнеріңмен өз шамаңды таныттың,
Бояу сырын ұғынатын Аяулым
Болар дейміз суретшісі халықтың.
-
Тұлғасына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Сұлулыққа жаны құмар Даянаға,
Достары да қызығып қарасатын.
-
Достарына айтар сөзін өткізеді,
Ойлағанын нақтылап жеткізеді.
Жауапты қыз Дария әрбір істі,
Соңына нәтижелі жеткізеді.
-
Достарының ішінде бағалы адам,
Жақсы менен жаманды саралаған.
Айшаның ибалығы көп ортада,
Алтыннан да жоғары бағаланған.
-
Инабатты, ізетті боп жаралған,
Анасының тәлімінен нәр алған.
Айжанның ұяңдығы, әдебі
Қазағымның қаныменен таралған.
-
Бала кезден суретке машықтанған,
Өнеріне көрген жан ғашық болған.
Тәрбиелі, үлгілі Айселіміз
Бес дұшпаннан ұдайы қашық болған.
-
Қазақылық бойынан табылсын деп,
Салтқа лайық шашбауын тағынсын деп
Ата-анасы өсірді Салтанатты,
Бұрымды қыз боп ортада танылсын деп.
-
Қылығымен жүрер әр кез таң қылып,
Ашық мінез - бойындағы заңдылық .
Сабираның жатсынбайтын мінезі
Қала берер болмысында мәңгілік.
-
Алинаны мақтанышпен айтамын,
Достарына адалдығын байқадым.
«Спорт пенен өнерді бірдей ұстап,
Биіктеші!» деген тілек айтарым.
-
Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Сабағына көңіл бөліп жүретін,
Адинадай білімді қыз табылмас
-
Тәрбиесі үлгі болған баршаға,
Білімі мен еңбегі мол қаншама!
Асиманың жақсылығы –бір төбе,
Мақтау айтсаң, сөз де жетпес қаншама!
-
Болмысы бар еш қоспасыз шынайы,
Білімдінің бетке ұстар шырайы.
Айназдың жүрген ізін кейінгілер,
Үлгі етіп, мақтан тұтсын ұдайы.
2-жүргізуші:
Аяулысың, жанымның
асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл
бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен
би,
Сендер үшін мереке
шашулары.
1-жүргізуші: Алина пианино аспабында «Буре», «Танец гномов » музыкалық шығармаларын ұсынады.
1-жүргізуші. Жаңабай Асылбектің орындауында «Лезгинка» биі.
1-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейрімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына
алармын,
Ән болып сағыныштан
ақтарылмай,
2-жүргізуші. « Анашым құдіретіңе табынамын» әнімен ортаға.Даяна мен Айназды шақырамыз.
1-жүргізуші
Шыдаумен өмір-жолда
сынақтарға,
Тырыстың отау жүгін
құлатпауға.
Жалғадың өз ұлтыңның
ұрпақтарын,
Пәниде бұдан асқақ мұрат
бар ма?!
2-жүргізуші:
Ұрпақтарға бақыт жолын
аңсаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ
саған,
Тіршіліктің тынысы мен
ажары
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы
адам.
1-жүргізуші:Теңдесі жоқ аналарымыз осындай жап-жас қалпында ұзақ өмір сүрсін деген бала тілекпен «Жастар биін» ұсынамыз.
Хабарланбай 1 номер шығады. (Класс жетекші орындауында «Анаға сый» әні)
2-жүргізуші:
«Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық » атты бүгінгі мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз. Көктемнің нұрындай жарқырап жүре беріңіздер! Әр күндеріңіз шаттыққа толы болсын.