13
Аналар мерекесіне арналған «Айгөлек» сазды жобасы.
(Зал іші мерекеге сай безендірілген, экранда «Айгөлек» сазды жобасының заставкасы тұрады. Залда қонақтардан басқа ешкім болмайды. «Айгөлек» жобасының әуені қосылып, кезек – кезек балалар билеп кіреді, барлығы қосылып айтады, алдыңғы қатарда 7 солист бөлек айтып тұрады, қалғандары қосылып айтады. Ән соңында балалар артқа қарай шегініп, белгілі бір қалыпты қабылдап тұра қалады да, 5 жүргізуші алдыға қарай қадам басады.)
Ақмарал Т. :
-
Армысыздар, қадірменді қонақтар, ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар!
Алиманың анасы:
-
Бармысыздар, әпке – сіңілі, сұлу қыздар!
Ерсұлтан:
-
Барлықтарыңызды 8 наурыз мейрамымен ...
Барлық жүргізушілер бірігіп:
-
ҚҰТ – ТЫҚ – ТАЙ – МЫЗ!!!
Алима:
-
Бүгін, дәл осы залда, «Айгөлек» сазды жобасы өткелі жатыр.
Д. Медина:
- Бүгінгі жобада «Құлыншақ» тобының балалары барша нәзік жанды ханшайымдар үшін өнерден шашу шашады.
Ақмарал Т. :
-
Бүгінгі кешті жүргізетін жүргізушілермен таныс болыңыздар. Балалар үшін жанын салатын, сұлу да сымбатты Алиманың анасы Мөлдір (әкесінің атымен)
Алиманың анасы:
-
Және балаларымыздың жанашыр апайы, Ақмарал Темірбекқызы.
Ерсұлтан :
-
Және тобымыздың сұлу, әдепті, алғыр қыздары: Алима мен Медина!
Алима :
-
Және тобымыздың сегіз қырлы, бір сырлы жігіті....
Д. Медина:
- Біздің досымыз.....
Алима мен Д. Медина (бірге) :
-
Ер – сұл – тан !!!
Балалар орындарына жайғасады. Барлық жүргізушілер сахна артына кіріп кетеді. Ерсұлтан мен Д. Медина Ақмарал Т. -мен қалады (Алима мен анасы артқы есіктен шығып кетіп, шет жақтағы дайындап қойған орындыққа анасы отыра тұрады, Алима балаларға қосылады).
Ақмарал Т. :
-
Бүгінгі аналар мерекесіне арналған «Айгөлек» сазды жобасына қош келіпсіздер! Жоба төмендегідей аталымдар бойынша өтеді:
-
“Эстрадалық ансамбль”
-
“Хит билер”
-
“Поэзия әлемі”
-
“Актерлік шеберлік”
-
“Өзге тілдің бәрін біл”
- Ең бірінші балалар “Эстрадалық ансамбль” аталымы бойынша өнер көрсететін болады.
Д. Медина:
-
Өнер көрсетуге келген топпен танысу үшін экранға назар аударайық.
ТОП ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕРОЛИК
Ерсұлтан:
-
Алдарыңызда “ORLEU VOICE” тобы өнер көрсетеді.
(Балалар ән айтуға шыққанда, жүргізушілер балаларға қосылады)
Ән : “Ана туралы” попурри (“ORLEU VOICE” тобы)
(Әннен соң екінші жүргізушілер ортаға шығады. Алима және анасы)
Алиманың анасы:
-
Алима, сендер жаңа өлең айтқанда сенің құрбың Ясина көрінбеді ғой? Бағана топта әдемі көйлегін киіп, сәнденіп, дайындалып жүріп еді ғой? Ән айтпайтын болып қалды ма?
Алима:
-
Жоқ, анашым, Ясина да, қалған ән айтпаған достарым да ән айтады. Олар дайындалып тұр.
Алиманың анасы:
-
Ендеше, келесі өнер көрсетуге келген топпен танысу үшін экранға назар салайық.
ТОП ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕРОЛИК
Алима:
-
Алдарыңызда “Foal music” тобы.
(Балалар ән айтуға шыққанда, жүргізушілер биге арналған костюмдарын киюге шығып кетеді, орындарына тұра қалуға дайын тұрады)
Ән: “Апатай” (“Foal music” тобы)
(Әннен соң Ақмарал Т. – на ортаға шығады)
Ақмарал Т.:
-
Келесі тамашалайтын аталым: “Хит билер”. Бұл аталым бойынша “Құлыншақ” тобының сұлу қыздары екі топқа бөлініп өнер көрсететін болады. Ең бірінші тамашалайтын билеріңіз “Көбелек” биі. Көбелек биіне қыздарымыздың қалай дайындалғанын экраннан тамашалайық.
РЕПЕТИЦИЯ КЕЗІНЕН ҮЗІНДІ КӨРСЕТІЛЕДІ
-
Қыздарымыздың әдемі биін тамашалауға дайынсыздар ма?
-
Иә!
-
Ендеше , “Көбелек” биін қабыл алыңыздар!
“Көбелек” биі
(Биден соң Ақмарал Т. мен Алиманың анасы бірге шығады)
Алиманың анасы:
-
Уух ! ( Терең тыныс алып, қолымен бетін желпиді)
Ақмарал Т.:
-
Алиманың мамасы, бәрі жақсы ма?
Алиманың анасы:
-
Зал ысып кетті ме, әлде мен қобалжи бастадым ба ұқпай тұрмын?
Ақмарал Т.:
-
Аааа, зал расымен де ысып келе жатыр! Неге екенін білесіз бе?
Алиманың анасы:
-
Неге?
Ақмарал Т.:
-
Өйткені, дәл қазір жалындап жанып тұрған “Құлыншақ” тобының ұл – қыздары “Танго” биін билеуге шыққалы тұр! Содан залдың іші ыстық болып кеткен болар.
Алиманың анасы:
-
Ал, балалардың қалай дайындалғаны қызық болса, екі көзіміз экранда болсын.
РЕПЕТИЦИЯ КЕЗІНЕН ҮЗІНДІ КӨРСЕТІЛЕДІ
Алиманың анасы:
-
“Танго” биін қабыл алыңыздар!
“Танго” биі
(Биден соң шымылдық жабылады, балалар артқы есіктен орындарына орналасып алады, Ақмарал Т. ортаға шығып, хабарлайды)
Ақмарал Т.:
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Мен де анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе, бұл әлемге адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді! , - деген екен Ерлан Жүніс. Жалпы ақын – жазушылардың ішінде ана жайлы өлең, жыр жазбаған ақын жоқ ау. Келесі аталым: «Поэзия әлемі». Бұл аталымда «Құлыншақ» тобының балалары «Ана» жайлы әйгілі ақын - жазушыларымыз жазған өлең жолдарын осы залда отырған барша аналарға паш етеді. Қошеметтеп қарсы алайық!
(шымылдық ашылады; Ислам, Ерсұлтан, Нұрәділ – үшеуі бірге тұрады; Алима мен С. Аяла бірге; Б. Аяла мен Д. Медина бірге; Ясина өзі бөлек кітапша ұстап орындықта отырады; Р. Айзере ортаға аяңдап келе жатып айтады; Зере өзі бөлек айтады; Алижан мен Мейірхан бірге айтады, иығына бір қолын қойып тұрады.
«Поэзия әлемі»
ЯСИНАҒА – КІТАП, ОРЫНДЫҚ, НҰРӘДІД ҚОЛЫН АЙҚАСТЫРЫП ТҰРАДЫ, ИСЛАМ ҚЫРЫМЕН ТҰРЫП 1 ҚОЛЫН ҚАЛТАСЫНА САП ТҰРАДЫ, АЛИМА- АЯЛА ОРТАҚ КІТАП, ЕРС.- ПАРАҚ ПЕН ҚАЛАМ, ЕКІ ҚЫЗ ҚОЛ ТҮЙІСТІРІП ТҰРАДЫ
Ясина:
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алима :
Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
С. Аяла :
Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Б. Аяла:
"Әке, әке, сен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Айтшы енді, ана жайлы ең жақсы сөз не?" деді,
Ана жайлы...
Ана жайлы пайғамбарлар сәлемі,
Ана жайлы ақындардың өлеңі.
Д. Медина :
Ана жайлы жақсы сөзді есту үшін тыңда, ұлым,
Тыныштықты,
Тауды,
Көлді,
Ай сәулесін,
Күн нұрын,
Ана жайлы сенің тәтті қиялдарың, арманың,
Ана жайлы менің барлық шындығым.
Алижан:
Олқы соғар бір саған бұ да, сірә,
(Сыйлық күтпес ұлынан кім асыға).
Жүзіңдегі жылдардың дағын анау,
Жуып берем ойымның тұмасына.
Мейірхан:
Әр күніңе таң болып күле кірем,
Гүлің болам, бағыңа мың егілем.
Саған алқа сыйлар ем, қалтам тесік,
Мөп-мөлдір ғып мойныңа жүрек ілем.
Ерсұлтан:
Тыныштығын жанымның түнге ұрлатып,
Жыр жазамын, бұл – азап, бұл бір бақыт!
Қиялымның шетінен қиып алып,
Сырға тағып беремін сыңғырлатып.
Нұрәділ:
Тарқамаған бойынан далам шері,
Жұмақ күнге жетелеп барам соны!
Қартайсам да, қайрыла, бір еркелеп,
Алу үшін, жан Апа, табам сені!
Ислам:
Шырқасам деп халқымның аяулы әнін,
Сағат сайын, сәт сайын ояу жаным.
Самайыңның ағына берем жағып,
Қара түннің тұп-тұнық бояуларын.
Зере:
Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді…
(балалар кезек - кезек өлеңдерін оқып шығады, иіліп, орындарына жайғасады; сол кезде Ерсұлтан мен Д. Медина ортаға шығады)
Ерсұлтан:
-
Медина, қалай ? Бүгінгі жоба саған ұнап жатыр ма? Достарымыздың көрсетпеген өнері қалмады иә?
Д. Медина:
- Жооооқ, Ерсұлтан! Әлі көрсететін өнеріміз қаншама! Қонақтарымыз әлі біздің әртістерімізді көрген жоқ қой!
Ерсұлтан:
-
Иә! Мүлдем ұмытып кетіппін. Ортаға жас әртістерімізді шақырайық! “Ушки- Неслушки”
“Ушки - Неслушки” орыс тіліндегі қойылым
(АЛИЖАН – ӘКЕСІНЕ ГҮЛ, ҚУАНЫШ АСЫЛЫМ – АНАСЫНА С-Р ОЙЫН КУХНЯ+ВАЗА+ФАРТУК, Б. МЕДИНА – ӘЖЕСІ – ОРАМАЛ БАСЫНА И ҚОЛЫНА ҚУАРШАҚ, Д. АЙЛИН – ҚЫЗЫ ОЙЫНШЫҚПЕН)
(Балаларға суфлёр ретінде Ирина В. көмектеседі)
(Қойылымнан кейін әртістер ортаға шығып, иіліп, орындарына жайғасады; ортаға Алима мен анасы шығады)
Алима:
-
Анашым, менің достарым аналарымызға арнап сыйлық сыйлағысы келеді. Бірақ , біз әлі кішкентаймыз , жұмыс істемейміз. Аналарымызға қандай сыйлық сыйласақ болады екен? Бізге кеңес берші.
Алиманың анасы:
-
Ханшайымым ау! Барлық аналарға сендер ауырмай, аман – есен жүріп, ақылды болсаңдар содан асқан қымбат сыйлық жоқ! Ал, тіпті сыйлық сыйлағыларың келсе, мына отырған аналарымызға, апаларымызға, әпкелерімізге арнап тақпақ айтып берсеңдер қуанып қалатын болады!
Алима:
-
Рас па, анашым?
Алиманың анасы:
-
Әрине ботам!
Алима:
-
Ендеше, “Құлыншақ” тобының балаларын аналарына, әжелеріне арнап жаттап келген тақпақтарымен ортаға шақырамыз.
ТАҚПАҚТАР.
Қуат Асылым:
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Б. Медина:
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Д. Айлин:
Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Айлана:
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
Саянұр:
Мен анамды сүйемін,
Сөзін ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін
Қуаныш Асылым:
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Б. Айзере:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Айерке:
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
(Ортаға Ерсұлтан мен Медина шығады)
Ерсұлтан:
-
Медина, енді барлық өнерімізді көрсетіп болған сияқтымыз. Солай ма?
Д. Медина: (Сықылықтап күледі, Ерсұлтанның құлағына сыбырлайды.)
-
Ұмытып кеттің бе?
Ерсұлтан:
-
Иәәә! Шынында да ұмытып кетіппін ғой. (Мединаға қарап сұрайды) Сен айтасың ба, мен айта салайын ба?
Д. Медина:
- Сен айтшы, бүгін қыздардың мерекесі ғой, мен біраз былай демалыыыып тұрайын! (майысып, шаштарын түзетеді)
Ерсұлтан:
-
Жақсы онда. Ортаға Америкадан келген қонақтарымызды шақырайық.
Ән: “I’m a music man”
(Әннен соң балалар орындарына отырады, перде жабылады, Ақмарал Т. қалады)
Ақмарал Т.:
-
Мен музыкант мырзаға айналған екенмін, ендеше Сіздермен «Жалғастыр» атты музыкалық ойынын ойнағым келіп тұр.
(«Ана» туралы әндердің қайырмасының екі жолы қосылады, тоқтаған жерден залда отырған қонақтар жалғастырады; ойын ән айтуға дайындалып жатқан балалар киініп, дайын болғанша жалғасын табады)
-
Құрметті қонақтар, аналар, апа – әжелер, әріптестер. Бүгінгі 8 наурыз мерекесіне арнап балаларымызбен дайындаған «Айгөлек» сазды жобасы өз мәресіне жетті. Кешімізді балаларымыздың әсем әнімен тәмамдасақ дейміз. Ән «Ана»!
Ән : «Ана» (Садраддинның әні)
(Зере мен Алижан айтады; Д. Медина, Б. Аяла, С. Аяла, Р. Айзере, Ерсұлтан, Ясина, Алима, Нұрәділ қайырмасын қосылып айтады)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аналар мерекесіне орай шығарылған мерекелік «Айгөлек» сазды жобасы.

шағым қалдыра аласыз