15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аналар мерекесіне сценарий
«АНАМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС» (ОРТАҢҒЫ ТОП)
Көңілді әуенмен балалар залға кіреді де жарты шеңбер бойымен тұрады.
ТӘРБИЕШІ: - «Бала, бала, бала» деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Бұл кім екен балалар.
БАЛАЛАР: - Ол біздің анамыз!!!
Айтолқын: Үн қатасың бал тілмен.
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым
Сегізінші наурызбен!
Ырысбек: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген маматайым.
Сәлем жолдап бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Маржан: Анам менің панам ғой.
Содан қорған табам ғой.
Асықпа, Анашым.
Отың болып жанам ғой.
Ерсұлтан: Гүл- гүл жайнап бәріміз.
Кіреді біздің сәніміз.
Аналарды тойымен
Бәрі: Құттықтаймыз бәріміз!
ӘН «Айналайын ақ мамам» (орындалады)
Фатима: Жанымызды жайнатқан.
Сіздерсіз ғой Аналар.
Зор денсаулық мол бақыт.
Тілейміз біз балалар!!!
Құрмет: Анашым, жан анам,
Балдан тәтті бал анам.
Өзіңді ардақтап
Құшағыма алам.
Алина: Қабағыма қараған.
Көңілімді таба алған.
Ең жақсысы адамның,
Ол өзімнің, Жан анам.
Мирас: Сегізінші наурызда.
Құттықтаймыз Ананы.
Теңеп оны жұлдызға.
Сый тартамыз бағалы.
ТӘРБИЕШІ: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек.
Аналардың жүрегі
Мейірім ғой керемет.
Қыздарымыз сіздерге арнап «ҮШ АНА» атты көрініс-қойылымды ұсынады.
КӨРІНІС «ҮШ АНА»
Жүргізуші: Ортаға стол қойылып, айнала үш орындық қояды, орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Рамиля – қыз бала
Аяжан – қызметкер ана көрінісімен киінген,
А. Аружан – кемпір киімін киінген.
Жүргізуші: Ойыннан келген Рамиля
Қуыршағын іздеді,
Астынан стол тапты да,
Хал сұрауды көздеді.
Рамиля: Қызым менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең.
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың. (отырады).
Жүргізуші: Меруерттің осы сәт
Анасы үйге кіреді,
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі.
Аяжан: Рамиляжан , бүгін сен
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды
Кешке дейін жүрдіңбе?
Күнде сағат ұмытпай
Тамағыңды іш деймін,
Тіл алмайсың қырсығып,
Осы сені не істеймін. (отырады).
Жүргізуші: Анасының артынан,
Аптығып әже кіреді.
Ол дағы өз қызының,
Қалын сұрап біледі.
А.Аружан: Айналайын алтыным,
Шаршадың ба, жарқыным?
Ішпедің-ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың,
Соткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды-ау тамағың....(отырады).
Жүргізуші: Аналардың елжіреп
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып.
Өз қызына қарады.
Бәрі-үш ана: Қандай қиын, қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу,
Бәрінен де оңай емес
Білсеңіздер ана болу! (иіледі)
ТӘРБИЕШІ: Көңілдердің хошын ай
Бар баланың досындай.
Болашақ бизнесмендер
Біздің жігіттер осындай.
«ЖІГІТТЕР БИІ» ОРЫНДАЛАДЫ. (ұлдар)
ТӘРБИЕШІ: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтым береді.
Барған кезде бір жаққа
Кәмпит әкеп береді.
Бұл кім екен, балалар?
БАЛАЛАР: -Әжеміз, Апамыз!!!
Айзере: Әжем менің ертегі
Өте жақсы біледі.
Сол ертектің бәрінде
Маған айтып береді.
Иманғали: Менің әжем әлі де .
Ұқсамайды кәріге.
Шәй қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне.
Қ.Аружан: Шашымды өріп тараған
Қабағыма қараған.
Үлкен-кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Әлия: Мен әжемнің қызымын
Соңындағы ізімін.
Екі етпеймін айтқанын,
Көбейтемін қызығын.
Динара: Менің әжем сымбатты
Әжем маған қымбатты.
Құртпен майын жинайды
Біздерге оны сыйлайды.
Асылжан: Қуанатын балаша
Әжелер неткен тамаша.
Көңіліңді табады,
Бізбен ән де салады.
Ақнұр: Менің әжем, жыр әжем.
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.
Хадиша: Әжелерді ардақтап
Қуанатын күн келді.
Мейрамымен құттықтап,
Ән салайық біз енді.
ӘН «ӘЖЕТАЙЫМ»
ТӘРБИЕШІ: Көктем келді шуақты
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай
Құстар сайрап, бақтар жайнап, Гүл атты!
ТӘРБИЕШІ: Көктем, көктем, көктемде
Қырлар гүлге толады.
Көбелек гүлге қонады
Керемет бақта болады.
ВАЛЬС ОЙНАЛЫП, КӨКТЕМ КІРЕДІ, БИ ҚИМЫЛДАРЫН ЖАСАП, ОРТАДА ТҰРАДЫ.
ТӘРБИЕШІ: Көктем, сені күттік біз,
Айнагүл: Көк шалғынды сағындық.
Нұрын төкті көкте күн,
БӘРІ: Хош келіпсің көктемім!
КӨКТЕМ: Ой, балалар, балалар.
Дала қандай тамаша!
Гүл десте біз жасайық,
Кел, ойнайық, жараса!
ОЙЫН: «ГҮЛ КҮЛТЕЛЕРІН ҚҰРАСТЫРУ»
КӨКТЕМ: -Жарайсыңдар, менің кішкентай достарым! Қандай әдемі гүлдер!
Гүлдер нәзік болады.
Қаулап өсіп толады.
Қарамасаң аялап,
Солып қурап қалады.
ТӘРБИЕШІ: Көктем, коктем, көктемде,
Айнагүл: Құстар келіп жеткенде.
Көктеммен бірге жырлайық,
Би билейік, тойлайық!
«КӨҢІЛДІ МАТРЕШКАЛАР» БИІ (қыздар)
Айтолқын, А.Аружан,Рамиля,Фатима,Қ.Аружан,Айзия,Қ.Аяжан,Әлия,Айзере.
ТӘРБИЕШІ: -Балалар, бізге бүгін қонаққа аналарымыз, әже-апаларымыз келіп отыр. Қараңдаршы, аналарымыз, апаларымыз бүгін қандай?
БАЛАЛАР: - Әдемі,сұлу, ақылды. Сүйкімді, мейірімді, әйбәт, батыр, мықты....
КӨКТЕМ: - Олай болса сұлу да әдемі аналарымызға мерекелік сәлем жолдап, әрі қарай жылы лебіздерімізді жалғастырайық.
С. Аяжан: Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін.
Шыңғыс: Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
Айзия: «Ботам» деуден танбаған
Айналайын, ақ мамам.
Ұзақ өмір сүргейсіз
Тілерім сол – Алладан.
Сырым: Ана – біздің күніміз
Ана – біздің гүліміз.
Анамыздан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Б.Диас: Айналайын, анашым
Әлемдегі жан асыл.
Болса маған не керек
Бәрін іздеп табасың.
Мейіржан: Баланың тірегі
Дананың тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Рамазан: ?
А.Аружан: Менің анам тамаша
Еркелетер иіскеп.
Мен өскенде анама
Берем әсем үй істеп.
Мади: Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз.
Әжелерді ардақтап
Басымызды иеміз!!!
Олжас: Бал бөбегін баптаған .
Анам үшін мақтанам.
Аялаған біздерді.
Көп жасасын ақ анам!!!
Көктем: Жарайсыңдар, балалар! Бәрің әдемі тақпақ-өлеңдер жаттап алыпсыңдар!
Әуен ойналып шарлар ұстаған Карлсон кіреді.
Карлсон: Сәлем, достар! Сәлеметсіздер ме, аналар? Мерекелеріңіз құттыболсын!
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
ТӘРБИЕШІ: Хош келдің, Карлсон! Бүгін өзің ерекше көңілдісің ғой!
Карлсон: Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйіп не керк?
Көңілді боп жүрейік!
Тәрбиеші: Жарайсың, Карлсон!
Карлсон: Балалар, мен анау үйдің шатырында отырып, сендердің көңілді әндеріңді естідім. «Бірге тойлайын»- деп тез-тез, былай- былай (тез қимылдап көрсету) ұшып келдім.
Тәрбиеші: Аналарға қандай тартуың бар?
Карлсон: Қандай тартуың бар дейсің бе? Тарту дейсің бе? Ол тәтті сыйлық па? Балалар, айтып жіберіңдерші, сендердің қандай тартуларың бар?
Тәрбиеші: Мерекені тойлайық
Көңілді біз болайық
Аналармен қуанып
Асыр салып ойнайық.
Карлсон: Алақай! Ойнаймыз! Ойнағанды мен де ұнатамын! Ал мен мынандай қызық ойындарды білемін. Кім батыр? Кім күшті?Шығыңдар ортаға!
ОЙЫНДАР: 1.«Қыздардың есімін білесің бе?» ( бірнеше табандар, гүлдер; ұлдар)
2. «Біздің оркестр» (4 балалар аспаптары; 5 аналармен ойын)
Карлсон: Керемет! Балалар, сендердің аналарың да өздерің секілді епті, өнерлі екен. Жарайсыңдар! Ал енді мен басқа балаларды қуантайын. Ал мен кеттім, ұштым, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңдар!
КӨКТЕМ: Құрметті біздің аналар
Қуанып бізге қараңдар.
Көңілді би билейді
Еркелеген балалар.
«БАШМАҚТАР БИІ» (қыздар, бастарына гүл кию)
Алихан: Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен?!
Айару: Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп демалам,
Құшағыда қысылмай.
Қ.Аяжан : Анам менің, ақ анам.
«Алтыным» деп мақтаған.
Анам барда әрдайым.
Қуанамын, шаттанам.
Ануар: Ойыншықтарды жинаймын.
Бөлмені де шашпаймын .
Келген кезде Анашым .
Таң қ алдырып тастаймын.
А.Диас: Сізден өскен балалар.
Сізден өскен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің Аналар.
БАЛАЛАР БЕЛГІЛЕНГЕН ОРЫНДАРЫНА ТҰРАДЫ
ТӘРБИЕШІ: Аялаған баптаған
Асыраған сақтаған
Сақтандырып күнде еппен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға –
БАЛАЛАР: - Мың алғыс!
ӘН «Ақ мамам» (орындалады).
ТӘРБИЕШІ: Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Ана деген – қуанышы көңілдің.
КӨКТЕМ: Ана деген – әрбір үйдің жылуы
Ана деген – асыл жандар болаттай.
ЕКЕУІ: Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай .
Тәрбиеші: аяқталуы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген