Тәрбиеші: Құрметті
әжелер,аналар, қыздар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер
мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, көктем
гүліндей шуақты көңіл-күй тілейміз. Сіздерге арналған мерекелік
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Аман: Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ
шығар.
Мейірімді бұл кісі
–
Қандай ғажап
күлкісі.
Әсем:Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем, күн
әжем.
Апам үшін, мен
үшін,
Нағыз ана тілі әжем.
Жанбота:Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр
әжем
Ақ таяққа
сүйеніп,
Аман-есен жүр
әжем.
Жалғас:Мейірімді жібектей,
Күндей ыстық
құшағы.
Ет жүрегі
елжіреп,
«Құлыным» деп
құшады.
Мирас: Ақ әжемді әрқашан,
Сыйлап жақсы
көремін.
Қуантайын деп
оны,
Өлең айтып
беремін.
Ән: «Зеңгір
көктем»
Томирис: Сегізінші наурыз күнін
Мейрамдайды
аналар
Аналардың
шаттығын
Құттықтайды
балалар.
Саят: Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам
мерекең,
Құтты болсын
тендік алған
Қуанышты
мерекең.
Ерхан: Анасыз жоқ бір күнің
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Сізге сұлу шоқ
гүлін.
Темірхан:
Баланың да
тірегі.
Даланың да
тірегі.
Шаншымасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі.
Нұрдасбек:Бар өмірдің жүрегі
Өзің алтын
ордасын
Тілегімнің
тірегі
Уайымың
болмасын.
Жалғасбек:Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде
сақтаған
Анашым деп
мақтаған
Айналайын ,ақ
мамам.
Елхан:Әлпештеген баласын
Ана бақыт,Ана
күн
Әркім сүйіп
өзінің
Мақтан етер
анасын.
Руслана:Сендерден өскен балалар
Батырлар мен
даналар
Құттықтаймыз
мейраммен
Құрметті
аналар:
Мержан:Ана көркі көгімнің
Ана нұры
жерімнің
Ана бағы
баланың
Мақтанышы
елімнің.
Асылай:Ерлік,еңбек атқарған
Еңбегімен
мақтаған
Ел сенімін
ақтаған
Айналайын ақ
мамам.
Ералы:Бәріңізде анасын
Біз үшін күн боп
жанасың
Құтты болсын
мейрамын
Құттықтаймын
анашым.
Әсет:Маған ақыл беретін
Әжем менің асыл
жан
Сипап жақсы
көретін
«Құлыным» деп
басымнан.
Анар:Жақсылыққа үйретіп
Жамандықтан
шектейді
Ертегі айтып
беретін
Әжеге ешкім
жетпейді.
«Наурыз келді
алақай»
Әні,сөзі:Еспенбетова А.
Наурыз келді
алақай
Кел билейік
балақай
Бізде қарап
тұрмайық
Тойға шашу
шашайық.
Ля-ля-ля-ля
Тойға шашу
шашайық.
Той думанға
келіңіз
Тамашаны
көріңіз
Ән шырқайық
бәріміз
Қосылып кәне
бәріңіз.
Ля-ля-ля-ля
Тойға шашу
шашайық.
Тәрбиеші:Құрметті аналар!Енді өзіңізге арналған балаларыңыздың
дайындаған сыйлығын кабыл алыныздар.
Тәрбиеші:Қазір балалар, «ТҮЛКІ МЕН ҚОЯНДАР» деген ойын
ойнаймыз.
№
1.
«Айгөлек» балабақшасы
(Ашық оқу
іс-әрекеті)
«Апта күндерімен таныстыру»
Тәрбиеші:
Сисенгалиева Н.Ж
Жаңақазан
ауылы