жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Аналарға мың тағзым
Тақырыбы: «Аналарға мың тағзым!»
Мақсаты: Оқушылардың
аналарына, бар адамзаттың анасына
сүйіспеншілігін ояту, алтын құрсақты
аналарды құрметтеуге , ананың еңбегін
ақтауға, ардақтауға, аялай білуге
тәрбиелеу.
Сыныбы:
10-11
Күні: 05.03.2019ж.
Түрі: әдеби- сазды кеш
Көрнекіліктер: АКТ (пректор) ,слайдтар ,безендірілген гүлдер, нақыл сөздер, шарлар, плакаттар
Барысы:
Видеоролик
. Аналарды құттықтау
Ортаға жүргізушілер шығады
Ерсұлтан :
Құрметті
алтын құрсақты асыл аналар, әжелер
,ұстаз – аналар мен қыздар!
Сіздерді
көктемнің алғашқы айында еліміздің
барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз
әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын
жүректен құттықтаймыз.
Осынау
көркем мерекенің қай кезде де орны
бөлек.Олай болатыны,аналарға деген
ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан
сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің
жыры,әр отбасының алтын діңгегі.
Руфина:
Сіздерге
әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің
шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің
мәні де, сәні де сіздерсіздер!
Ананың
тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты,
ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе
жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың
шапағат мейіріміне жетпейді.
Би «Шашу» 6-сынып қыздары
Руфина:
Сіздерден
өскен балалар
Батырлар
мен даналар.
Құттықтаймыз
мейраммен,
Құрметті
абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз
кезегін мектеп директоры Юнусова
Алима Аштаевнаға береміз .
Ерсұлтан:
Әйел-Ана,
Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір
бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына
ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі
әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры
биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы
жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен,
жүзі мейірімді, қолы қайырымды.
Өлеңдер Нурали , Мурад ,Дилара ,Жәния,Мадина
Руфина: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.
Ерсұлтан
: Иә,
дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін
өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол –
анамыз. Барша аналарымыздың құрметіне
биші қыздарымыздың өзбек биін тарту
етеміз.
Руфина
: 1910
жылы Данияда Копенгаген қаласында
революционер әйелдердің халықаралық
конференциясы өтті.
Мінбеге Клара
Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді
орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол
жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз
күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының
мерекесі болсын деген ұсыныс айтты.
Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз
халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
Аяулым, Руфина , Іңкәр
Оқушылардың жыр шумақтары.
Ерсұлтан
:
Біз
ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан
туған небір даналар.
Ана
деген тіршіліктің тірегі,
Аман
болсын ,қасиетті аналар!
Руфина
:
Көңілің
Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің
күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша
аяулы ана тына алармын,
Ән
болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал
аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың
құрметіне Құрманбекқызы Еркежанның
орындауындағы «Бақытты әйел» әнін
қабыл алыңыздар.
Ерсұлтан:
Жанұяның
жылуын суытпай, тал бесікті тербей
отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз
ертегілері мен жақұт жырлары арқылы
ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді
дарытып отырған аналардың құдіретті
сезімдеріне арналған әсем күйді Алтынбек
Бақтияр мен Матжан Арсеннің орындауында
тамашалаңыздар .
Руфина
:
Әр
үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр
десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр
десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер
десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ерсұлтан:
Зор
десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар,
кең байтақ даласыздар.
Жаны
жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке
жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген
жауқазын баласыздар.
Би: Үнді
биі
Орындайтын:
6- сынып оқушылары
Руфина
:
Сіздер
— Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер
— өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер
— ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер
— жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Өлеңдер оқылады: Жібек , Альбина ,Аяжан , Эмилия
Ән:
«Әке –ана»
Орындайтын
Құрманбекқызы Е
Ерсұлтан
:
Гүлдей
болсын өміріңіз,
Нұрға
толсын көңіліңіз.
Биік
боп жұлдызыңыз
Көктемдей
құлпырыңыз.
Бақыт
қонсын басыңызға
Қолдап
жүрсін Тәңіріңіз!
Руфина
:
Құтты
болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар,
жаз күніндей жайдары!
Мерекесі
бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт
берсін әр көктемнің айлары!
Ерсұлтан:
Пәк,
бейкүнә періште деп танимын,
Бала
деген қызығы ғой әр үйдің.
Шаңыраққа
ажар беріп тұратын,
Сыңғырлаған шат
күлкісі сәбидің..
Біз пендеміз
тәлім алған саналы,
Аялайтын, мәпелейтін
баланы
Дегенменен бірдей емес бес
саусақ,
Әрбір істің екі жағы
болады.
Жәутеңдетіп мөп-мөлдір қос
жанарын,
Жетім бала тым көбейіп барады
«Жетім
қыздың монологы» Гушкелова Р (Жетім
балалар туралы фильмнен үзінді көрсетіліп
тұрады)
Ерсұлтан:
Мерейлі
сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші
наурыз келді қыр асып.
Қыз-
келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің
шапағатын тұр шашып. – дей келе келесі
кезекте мектебіміздің көңілді тапқырлар
клубына берсек. (КВН)
Руфина
:
Құттықтаймыз
аналарды, қыздарды,
Мерекеден
шуақты бір із қалды.
Болсын
әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын
шашсын мерекеге өңірлер!
Ерсұлтан
:
8
Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші
жаздың жылы елесін!
Барлық
халық аман болып елімде
8
Наурызға жете беріңіздер келесі!- дей
келе «Абзал ана» әнімен әнші қыздарымызды
ортаға шақырайық.
Ән
: «Абзал ана» (Тақиялы
періште» фильмінен үзінді көрсетіліп
тұрады)
Руфина :
Ана
дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді
жас сәби де жарқылдап.
Ана деген –
бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын
қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт
аралында,
Лайым мұң қонбасыншы
жанарыңа
Осыменен кешімізді
аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің
қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар
күніне арналған «Аналарға мың тағзым
» атты кешіміз аяқталды. Ардақты аналар
мейрамдарыңыз құтты болсын!!!!
Екі жүргізуші бірге айтады
Аналарға мың тағзым !!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген