400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

"Аналарға мың тағзым"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге тәрбие сағатына керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аналарға мың тағзым!»

Мақсаты: Оқушылардың аналарына, бар адамзаттың анасына сүйіспеншілігін ояту, алтын құрсақты аналарды құрметтеуге , ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, аялай білуге тәрбиелеу.
Сыныбы: 10-11

Күні: 05.03.2019ж.

Түрі: әдеби- сазды кеш

Көрнекіліктер: АКТ (пректор) ,слайдтар ,безендірілген гүлдер, нақыл сөздер, шарлар, плакаттар

Барысы:

Видеоролик . Аналарды құттықтау

Ортаға жүргізушілер шығады


Ерсұлтан :

 Құрметті алтын құрсақты асыл аналар, әжелер ,ұстаз – аналар мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. 

Руфина:

Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

Би «Шашу» 6-сынып қыздары


Руфина: 
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, 
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Юнусова Алима Аштаевнаға береміз .

Ерсұлтан:

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. 

Өлеңдер Нурали , Мурад ,Дилара ,Жәния,Мадина



Руфина: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.


Ерсұлтан : Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол – анамыз. Барша аналарымыздың құрметіне биші қыздарымыздың өзбек биін тарту етеміз.


Руфина : 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. 
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.


Аяулым, Руфина , Іңкәр

Оқушылардың жыр шумақтары.



Ерсұлтан :
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Аман болсын ,қасиетті аналар!


Руфина : 
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Құрманбекқызы Еркежанның орындауындағы «Бақытты әйел» әнін қабыл алыңыздар.

Ерсұлтан: 
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры, аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем күйді Алтынбек Бақтияр мен Матжан Арсеннің орындауында тамашалаңыздар .


Руфина :
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.



Ерсұлтан:
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.


Би: Үнді биі
Орындайтын:  6- сынып оқушылары

Руфина : 
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.


Өлеңдер оқылады: Жібек , Альбина ,Аяжан , Эмилия

Ән: «Әке –ана»
Орындайтын Құрманбекқызы Е

Ерсұлтан :
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!


Руфина : 
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
Ерсұлтан:

Пәк, бейкүнә періште деп танимын,
Бала деген қызығы ғой әр үйдің.
Шаңыраққа ажар беріп тұратын,
Сыңғырлаған шат күлкісі сәбидің..

Біз пендеміз тәлім алған саналы,
Аялайтын, мәпелейтін баланы
Дегенменен бірдей емес бес саусақ,
Әрбір істің екі жағы болады.
Жәутеңдетіп мөп-мөлдір қос жанарын,
Жетім бала тым көбейіп барады


«Жетім қыздың монологы» Гушкелова Р (Жетім балалар туралы фильмнен үзінді көрсетіліп тұрады)

Ерсұлтан:

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып. – дей келе келесі кезекте мектебіміздің көңілді тапқырлар клубына берсек. (КВН)

Руфина : 
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Ерсұлтан : 
8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!- дей келе «Абзал ана» әнімен әнші қыздарымызды ортаға шақырайық.

Ән : «Абзал ана» (Тақиялы періште» фильмінен үзінді көрсетіліп тұрады)

Руфина :

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «Аналарға мың тағзым » атты кешіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын
!!!!

Екі жүргізуші бірге айтады

Аналарға мың тағзым !!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1080
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі