400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аналарға сазды сәлем!

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тәрбиешілерге көмегі болады деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Аналарға – сазды сәлем» 

Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б 

Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше «Көгершін» мектепке даярлық тобының,көктемнің алғашқы күндеріне арналған «Аналарға- сазды сәлем» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

(Балалар залға әдемі әуенмен билеп кіреді.)

 Ханкелді:

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

 Батырхан: Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,

Ханкелді: Армысыздар мейірімді әжелер мен аналар!

Батырхан: Армысыздыр қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Ханкелді: Біздің халық өнерпазға бай тегі,

Әнші деп те күйшідеп те айт оны!

Батырхан: Күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді

 Ән:«Анашым»

Ханкелді:- Батырхан,білесің бе? Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.

Батырхан:- Неге,сиқыршы келе ме?

Ханкелді: -Жоқ,Батырхан таппадың.

Батырхан: -Ә,таптым,таптым. Қайрат Нұртас келетін шығар?

Ханкелді: -Жоқ Батырхан!Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні қарсаңында бүлдіршіндер мерекені құттықтап, «Сазды сәлем» бағдарламасында қонақта болған еді. Енді кезекті сол бағдарламаға берейік.

(Эфирде жүргізуші ұл мен қыз отырады)

Мейіржан: Армысыздар құрметті теле көрермендер! Эфирде сіздермен бірге «Сазды сәлем» бағдарламасы. Бүгін біздің студиямызда алматы қаласы Медеу ауданына қарасты Думан ықшам ауданында №166 бөбекжай-балабақшасының «Көгершін» тобының бүлдіршіндері қонақта.

 Інжу: Ана -әрбір адамның,жарық дүниедегі ең жақын жанашыры, ақ сүтін беріп аялаған, жанын  да аямаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі хабарымыз аналарға арналады. Сондықтан «Сазды сәлем» хабары арқылы барша аналарды мейрамымен құттықтаймын.

Мейіржан:  Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық ықыласын таңдайық.

 Балалар тақпақ айтады.

 Аружан:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.


Ерасыл : Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.


Балым: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

Шерхан:

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

Мирас:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!



Шұғыла:

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

Нұртөре:

Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.
Адия:

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Д.Диас:

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Інжу: Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 382-80-21. Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.

Ханкелді: Балалар, бүгінгі мерекеге қонаққа көктем келіпті! Ортаға шақырсақ қалай болады?

Айзере (Көктем): Мен көңілді көктеммін, Былтырда келіп кеткенмін Құшағым гүлге толсын деп Нөсерімді төгемін.

 Батырхан: Ару көктем, қошкелдің, төргешық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

Көктем: Гүлдердің сан алуан, Түрлерін мен білемін Сол гүлдерді өсіріп Аялаумен келемін  (Гүлдер орынан тұрады.)

 Сәнім (Бәйшешек

Көктем гүлі бәйшешек Мен боламын қараңдар Наурыз сәуір айында Мен шығамын жайқала

Көркем (Қызғалдақ):

Қырқалардың төрінде Қаулап көзге ұрамын, Құлпыра жайнап өңірде Қып қызыл боп тұрамын.

 Жанайым (Жауқазын):

Жауқазынмын жайқалған Сұлу гүлмін жайнаған Көктемде мен гүлдесем Құлпыра кетер айналам

 Арай (Раушангүл):

Әдемімін сұлумын, Менен қай гүл аса алған Мен боламын раушангүл Гүл патшасы атанған. 



Көктем:

Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.

Би: Гүлдер

(Қоңырау соғылады)

Мейіржан: Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық!

Жандос:Алло сәлеметсіз бе? Менің атым Жандос. Мен әжемді мерекесімен құттықтаймын.

 Мейіржан:Әжеңе қандай тілек айтасың?

 Жандос:

Әжеме тақпақ айтып беремін.

Әжелерді ардақтап қуантатын келді күн,

Құттықтаймын қуанып мейрамымен мен бүгін.

Бөбегіңнің тілегі қабыл алшы әжетай,

Ұзақ өмір, жүз жасап жүрші әже қамықпай.

 Енді менің әжеме арнап әдемі әже туралы ән айтып берсеңіздер екен. Сау болыңыздар!

 Інжу:  Осы бір тамаша әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғастырамыз. Ән «Сағындым әже,сағындым»

 Інжу:  Ана деген бәйтерегі өмірдің Ана деген қуанышы көңілдің Ана деген әрбір үйдің жылуы Ана деген гүлі туған өңірдің- дегендей, ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.

Мейіржан: «Құрметті сазды сәлем бағдарламасы» деп басталады бұл хат. Менің атым Болат мен сіздердің хабарларыңызды үзбей көремін. Мен әскери борышымды әскерде өтеп жүрген сарбазбын. Сіздерге хат жолдап отырған себебім сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы аяулы анамды және әжемді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын! Мен оларға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Музыкалық сәлем ретінде «флешмоб» жолдасаңыздар екен. Құрметті көрермендер,ұлдардың орындауында «флешмоб» тарту етеміз қабыл алыңыздар.

 Би «Флешмоб»\

Ханкелді:  балалар сендерде келешекте осындай ел қорғайтын азаматтар боласыңдар! Қане балалар! Сендер үйде аналарыңа қандай көмек бересіңдер? Соны айтып беріңдерші. 

Жасмин:

Қалай көмектесем деп Ертелі кеш ойладым Ыдыстар сынып қалар деп Кір болсада жумадым Шаңы шығып кетер деп Үй сыпырып қоймадым

 Амир:

Балабақша болмаса Дүкенге өзім барар ем Ақшам көп болса анама Сәнді көйлек алар ем





К.Диас:

Қолымнан келсе от жағып Ағашты да жарар ем Қыз болсам ғой қиналмай Кірін жуып қояр ем Шәй қайнатып, бала ойнатып Үйді жинап қояр ем

Рамазан: Тамақ жасай алмаймын Еденде жуа алмаймын Анама берер көмегім Мазасын алмай ойнаймын.

Батырхан: Мінекей, ардақты аналар! Біздің балаларымыздың берген жауабы осы болды. Расыменде бұл балалар қанша тырысып көмектескісі келгенімен шамалары келмейді. Хабарымызға  сәл үзіліс жасап «Әжелер» көрінісін тамашалайық. Ал біз сіздермен көріністен соң жолығамыз.

 Қызықты көрініс «Әжелер»

Інжу:  Құрметті көрермендер! Хабарымызға тағы бір көрермен хабарласқан екен. Қоңырау қабылдайық.

Інжу:  Алло біз сізді тыңдап отырмыз.Кімді құттықтайын деп едіңіз.

Ата ана:

Сәлеметсіздер ме? Менің атым балалар бақшасының ата-анасымын. Мен сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы осы балабақшаның басшысы Роза Майданқызын және балабақша ұжымын және барша аналарды 8- наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасан еңбек жасап жүрген апайлардың дені сау болсын , бастарына бақ қонсын,  ұстаздық  деген  ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсін дегіміз келеді. Апайлардың құрметіне арнап тамаша би тарту етсеңіздер деймін.

 Інжу:  Расыменде, балабақшадағы апайлардың арқасында көптеген бүлдіршіндер болашаққа самғап, биіктерден көрінуде .

 Мейіржан: Осындай апайлардың құрметіне тамаша би сұраған екен. Би «Аналар мен ұлдар»

 Ханкелді: Асыл аналар! Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын әнмен жеткізгісі келеді. Адияның орындауында: Ән: «Сәби тілегі» 

Мейіржан: Құрметті көрермендер, осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды.

Інжу: Хабарымыздың соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған әсем гүлін қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды. Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!

Батырхан: Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды.

Ханкелді:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын Жүрегіңе жүрегімді жалғадым Өзің мына сыйға берген өмірде Ақ сүтіңді ақтап өту арманым

Жүргізуші: Осымен «Көгершін» тобының «Аналарға-сазды сәлем» атты ертеңгілігіміз аяқталды! Сіздерді 8-наурыз мерекесімен тағы да құттықтаймыз, әр отбасына бақыт, береке тілей отырып, сөз кезегін балабақша меңгерушісі: Ималова Роза Майданқызына беріледі.




 

 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі