Аналық махабаттың келбеті,баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аналық махабаттың келбеті,баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар жиналысы
Материалдың қысқаша нұсқасы













Тақырыбы:

«Аналық махабаттың келбеті,баланы

тәрбиелеудегі ананың рөлі»













Өткізген: Қайырбаева Ғайни-Жамал Бегалықызы

«№13гимназиясы»КММ












Ақтау қаласы




Тақырыбы: «Аналық махабаттың келбеті,баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі»

 Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне және жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әліс-тәсілдерін түсіндіре отырып,бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.Психологиялық-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру. 

Әдістері:сауалнама,пікір алмасу,психологиялық жаттығулар,сұрақ-жауап.

Тренинг барысы:

1.Танысу

2.Топқа бөлу

3.Баяндама оқу

4. Жаттығу. «Ата - ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін анықтайтын әдістеме»

5.Сергіту: «Өз жұлдызыңызды табыңыз» 

6. «Тілек шамы»

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

7.Қорытынды.


-Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар!Бүгінгі біздің «Аналық махабаттың келбеті,баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі»атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер!

Қазақ халқының ұлы жазушы М. Әуезовтің тәрбиелі бір әдемі де ұлағатты сөзі бар. 

« Тәрбие -тал бесіктен» деген. Міне отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз ата- ана, ата- әже, балалар, ұл ,қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір- бірімен тығыз байланыста болады.


Бала тәрбиесіндегі дұрыс ықпал ететін факторлар:

-Отбасында әке мен шешенің бір біріне сенімділігі;

-Балаға деген жауапкершілігі;

-Отбасында үй ішіндегі жеке қарым- қатынастар;

-Әке мен шеше үлгі ретінде балаға жарқын сеніммен сезіммен қарауы;

-Әке мен шеше неғұрлым баланың қасында көбірек болса, баламен бірге оның ортасымен бірлессе сода ғана бала жақсыға қарай ұмтылады;

-Еңбек тәрбие құралы дегендей , ата- ананың баламен жақсы қарым- қатынасы үй тірлігінде қалыптасады;

-Ынтымақ болған  отбасындағы балалар өнегелі болып өседі;

Отбасында жақсы дәстүр қалыптасса, ондағы өмір де мазмұнды болады.Ондағы балалар тәрбиелі болатыны анық;



Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі тиіс:

1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

2. Білім алуына көмектесуге міндетті;

3. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;

4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірімен танысуға міндетті;

5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

6. «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.

Ата – ананың жауапкершілігі:

1. Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты. 4. Балаға адамгершілік тәрбие беру үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты. Үйдегі тыныштық баланың мектептегі мәселелерін тиімді шешудің бірден бір жолы;

5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты; 6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.

Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертеңгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! 





















.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
759
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі