400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анам гүлім, 8 наурыз мейрамына ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналар мерекесіне арналған іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Армысыздар аяулы аналар!

Армысыздар мейірімді әжелер!

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көктемнің алғащқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!

(Көңілді музыка ырғағымен ән-күй залына балалар шар ұстап кіріп, флешмоб билейді).

Жүргізуші: Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен.

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың алғыс.

«Анашым» әнін сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Өмірге ана бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен.

Ана, ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Жігіттеріміздіӊ орындауында аналарға арналған би.

Тақпақтар: Алан, Олжас, Абдуалим, Нұрали, Арнұр.

Алан: Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам

Олжас: Анам, анам, ақ анам

Менде өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Абдуалим: Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Нұрали: Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Арнұр: Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам барма екен.

Жүргізуші: Тамшы, тамшы тамшылар,

Көгерді ағаш, тал шынар,

Тамшылардан өнетін,

Тамаша гүлдер бар шығар.

«Кѳктем» әнін сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Көктем: Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кенеледі,

Орман, торғай, бақтарда,

Құстар сайрай жөнеледі.

Құрметті аналар барлықтарыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық, бақыт тілеймін.

Жүргізуші: Біз ғана емес,

Қадір тұтқан – бабалар,

Ана – деген тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен – Қасиетті Аналар!

Жасмин қызымыздың орындауында ән қабыл алыңыздар.

Ән: «Көктем келді»

Жүргізуші: Балалар «Ана деген керемет асыл жан ғой. Сондықтан да балалар, анамызға деген тақпақтарымызды айтып берейікші».

Тақпақтар: Санжар, Құндыз, Ерсін, Ақжол, Б.Кәусар.

Санжар: Наурыз күні  ана күні ,әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Құндыз: Анашым жан анам,

Балдай тәтті бал анам.

Үйге келсең қуанамын,

Құшақ жая қарсы аламын.

Ерсін: Ана – өмір шырағы,

Әке – өмір тірегі,

Сен бақытты ұлансын,

Бәрі саған қуансын.


Я у мамы самый самый,

Лучший сын, а потому.

Ей нарву букет тюльпанов,

И сегодня подарю.

Ақжол: Баққа гүл толғанда,

Біз оны жинаймыз,

Мереке болғанда,

Анаға сыйлаймыз.


С 8 марта, днем весенним,

Днем тепла и красоты.

Мы поздравим непременно,

И подарим Вам цветы.

Б.Кәусар: Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де!

Өзің жайлы сәнім де.

Көктем:

Көктемде көңілді,

Құлпыртып өңірді,

Гүл өсті бақтарға,

Баққа гүл толғанда,

Жинайық біз оны. Кәне, ұлдар бізге гүлдерді жинап беріңдерші.

Ойын: «Гүл жинау»

Жүргізуші: Құтты болсын шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Құрметті аналар  біздің қыздарымыздың орындауында «Қарлығаштар» биі сіздерге арналады.

Би: «Қарлығаштар»

Жүргізуші: Айналайын анашым,

Аялайсың бағасың,

Сен үшін балалармен,

Ән шырқайық бәріміз.

Ән: «Анашым»

Жүргізуші: Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой, аналар,

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар – деп аналарымызға арналған тақпақтарымызды айтып берейікші.

Тақпақтар: Олжас, Алихан, С.Кәусар, Жанель, Адия.

Олжас: Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Алихан: Аман болсын аналар,

Ананың біз гүліміз,

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

С.Кәусар: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам,

Сендей болса бар адам,

Шаттық кетпес баладан.

Жанель: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімді сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Адия: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар.

Көрініс: «Үш ана»: Ортада стол және үш орындық тұрады. Столдың астында қуыршақ жатады. Т.Әлия – қызы; Жасмин – анасы; С.Кәусар – әжесі.

Жүргізуші: Ойыннан келген Әлия,

Қуыршағын іздейді.

Столдың астынан тапты да,

Хәл сұрауды көздейді.

Әлия: Қуыршағым менің қалайсың?

Томсырайып қарайсың,

Қарның ашып отырмай,

Тамақ ішсең жарайсың.

Отыр қане қасыма,

Тамақтанып аласың.

(Қуыршағын алдына алып отырады).

Жүргізуші: Әлияның осы сәт,

Анасы үйге кіреді,

Тағат таппай қызының,

Қалын сұрап біледі.

Анасы Жасмин: Әлияжан, бүгін сен,

Тамақ іштіңбе?

Қызықтап әлде ойынды,

Кешке дейін жүрдің бе?

Күнде саған ұмытпай,

Тамағыңды іш деймін,

Тіл алмайсың қырсығып,

Осы сені не істеймін (отырады).

Жүргізуші: Анасының арт ынан,

Аптығып әже кіреді,

Ол – дағы қызының,

Қалын сұрап біледі.

Әжесі Кәусар: Айналайын алтыным,

Шаршадың ба жарқыным,

Ішпедің – ау тамақта,

Кешке дейін тұрып жұмыста.

Жүргізуші: Аналардың елжіреп,

Ет бауыры барады.

Әрқайсысы сұқтанып,

Өз қызына қарады,

Бәрі – үш ана,

Қандай қиын, қараңыздаршы,

Қырсық мінез бала болу,

Бәрінен де оңай емес,

Білсеңіздер ана болу!

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй,

Көңіліме түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй!

Ән «Он алты қыз»

Жүргізуші: Сізге бүгін сый құрмет,

Жан ана мерейім,

Қаласыңыз ән айтып,

Би де билеп берейік.

Би: «Гүлдер». А.Қалаубаева «Ертегілер».

Жүргізуші: Құтты болсын шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Санжар: - Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім, беретін гүлім бар. Әжетай сені жақсы көремін.

Жүргізуші: Алақаны ақ самал,

Мәпелеген жан әже,

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

Тақпақтар: Айша, Айару, Шырын, К.Әлия, Дамир.

Айша: Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әжем.

Айару: Менің әжем, ақ әжем.

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.


С 8 марта поздравляю,

Я мамулечку свою.

Сильно – сильно обнимаю,

Мама, я тебя люблю.

Шырын: Менің әжем – гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана – тілі әжем!

К.Әлия: Шуақты күнді көп көрген,

Жүрегі терең көк көлден,

Перзенті үшін шырылдап,

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Анадан артық жан бар ма?

Дамир: Бүгін Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың егізі,

Әдемі сөз баланың,

Әжеге айтар лебізі.

Жүргізуші: Қыздар, қыздар, сұлу қыздар,

Сұлу қыздар, ару қыздар.

Ару қыздар – деп біздің «Қызғалдақ» тобының джентельмен жігіттері қыздарымызды биге шақырады.

Вальс: «Қыздар, қыздар – сұлу қыздар»

Жүргізуші: Ана деген – жарық шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген – өмірдегі қамқорың,

Ана деген – жұбанышың, сүйінерің.

Флешмоб: «Ана жүрек»

Жүргізуші: Адал бол деп балдырған,

Әділдікке баулыған,

Жүрегінде махаббат,

Тіленгінде мархабат,

Анамызға мың алғыс.

Тақпақтар: Т.Алия, Бекасыл.

Т.Алия: Айналайын анашым,

Асқар таудай панасың,

Күн көзіңдей күлімдеп,

Құшағыңа аласың.

Бекасыл: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз,

Той күні бір – бірден,

Аналарға сыйлаймыз.

Жүргізуші: Осымен шағын ғана «Көктемнің алғашқы мерекесі» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Ал, енді кішкентай балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.



12


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
290
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі