Тақырыбы: «Анам және мен!»
Мақсаты: 1. Аналарды, аруларды мерекесімен құттықтау. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту; 2.Балалардың ой өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту; 3.Ана махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Ана мен бала суреті, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, шарлар, гүл шоқтары.
Жүргізуші: Армысыздар ардақты да, қадірлі, аяулы да сымбатты аналар,апайлар, ару қыздар!
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан да сөнбек емес. Ана - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай ұйымдастырылып отырған 3 сынып оқушыларының «Отбасы алтын ұя» атты сайысына қош келдіңіздер.Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейміз бәріміз де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.
Бүгінгі сайысымыздың әділқазы алқаларымен таныстыра өтейін.
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Нұрманова Г. 2. Ата ана Мықанова Нұрсұлу
3.Бастауыш класс мұғалімі - Талмурзина М.
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кең даламда шарықтасын әуені,
Әнші жұлдыз жас өнерпаз Нұржанаттың.
Ән: Зарлық Нұржанаттың орындауында «Құттықтаймын мама, туған күніңмен».

Ұрпақтарға бақыт жолын
аңсаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары,
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам, - дей келе құттықтау сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Нұрманова Гүлжайнар апайға сөз кезегін береміз. Сайысымызды бастамас бұрын сайыстың шарттарымен таныстыра өтейін. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру) 2. «Мақал сөздің мәйегі» (мақал мәтелдің жалғасын табу) 3. «»Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін көрсеті)
4. «Ас - адамның арқауы» (үй тапсырмасы) 5.«Кім тапқыр» ойыны (көрермендермен)
Әр таңды бақытпенен атыырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа келген ана мен балалар,
Үлгілі де, өнегелі, жылдам да, шапшаң,
Аналар мен балаларды шақырамыз.
1.«Қызғалдақ» тобы.
2.«Жауқазын» тобы.
3. «Бәйшешек» тобы. 4. «Сарғалдақ» тобы. 5.«Ана» тобы.
1-бөлім: Өнер қуып әрбірі өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген ана мен балалар, Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Бүгінгі сайысымыздың бөлімі бойынша анасы мен баласы өздерін таныстырса. Сайысымыздың бірінші бөлімі бойынша әділқазылар бағалай өтсе.
2-бөлім: Мақал-мәтел кезегіне кез келді,
тәнті етеді cіздерді.
Мақал деген сөз мәйегі емес пе,
қойып тыңдаңыздар біздерді.
Сайысымыздың 2-ші бөлімі «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Бұл бөлімде мақал - мәтелдің жалғасын табуы керек.
1.Ана үйдегі бақ,
Әке отыратын тақ.
2.Құс балапаны үшін тұзаққа түседі,
Ата ана баласы үшін азапқа түседі.
3.Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
4.Әке асқар тау,
Ана бауырындағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
5.Ананың басқан жерінде пейіш бар.
6.Баланың білегі ауырса,
Ананың жүрегі ауырады.
7.Анасын сүйгенннің, баласын сүй.
8.Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.
9.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.
10.Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.
11.Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.
12.Анасыз өмір сөнген көмір.
13.Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы.
14.Ананың сүті бал,
Баланың тілі бал.
15. Анасыз бала ұйықтамайды, Қатықсыз айран қйымайды.
16.Ананың ойы ұяда, Баланың ойы қияда.
Шын жүйріктер сыналады сайыста,
Сайыстың ба, орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре, алыс па, әлде, жақын ба? -деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
3-бөлім: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі ана мен бала сайысында,
Өнерлерін көрсетіп жан салыпты.
Үшінші бөлімде анасы мен баласы өз өнерлерін көрсетеді. Бұл бөлімді де әділқазылар бағалай өтсе.

Ән шырқалар, бақытымен бағымен,
Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы Бақдәулет ұлдарыңыз сіздерге,
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен.
Ән: Амантай Бақдәулеттің орындауында «Анашым»
Той тойлап дала менен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қар көз, абзал ана мерекесін,
Құттықтауға келе жатыр балаларың.
Балалардың тақпақтары:
Кенжегүл:
Ана көркі көгімнің,
Ана нұры жерімнің.
Ана баға баланың,
Мақтанышы елімнің.
Гүлдина:
Әр сөзіңдң жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Әли:
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Даниял:
Құттықтаймын мейрамыңмен, аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейді өмірде,
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Елдос:
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ахмет:
Аялаған, саялаған,
Бар бақытым берекем.
Апатайым құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.
Асылжан: Қуанышқа бөленетін халықпыз,
Ана сыйлау дәстүріміз, салтымыз.
Жыл құсындай әр көктемде келетін,
Құтты болсын 8-наурызымыз.
Арда:
Сіздерден өсер балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Дінасыл:
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Данияр:
Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,
Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,
Мәпелейсің аялайсың анашым!
Ердәулет:
Әрдайым да ана сөзін тыңдайық,
Аялайық қайда жүрсек жырлайық.
Әрбір сөзін екі айтқызбай әрқашан,
Аналарды құрметпенен сыйлайық.
Нұрқанат:
Алақаны ақсамал,
Мәпелеген жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
Нұржан:
Анам менің, ақ анам,
Балашым деп мақтаған.
Анам барда әрдайым,
Қуанамын, шаттанам.
4-бөлім:Бабын таба білу керек астың да,
Сыналары үлкеннің де, жастың да.
Ана менен бала сайысында,
Орындалсын үйге берген тапсырма.
Сөз әділқазыларға беріледі.
Ән: Берікқызы Томирмстің орындауында «Апам үшін»
5-бөлім:Бәйге десе сайысудан қашпайық, Ойланайық, асықпайық, саспайық.
Ал, бесінші сайыс шарты бойынша,
Сұрақтарға жауап бере бастайық.
Сайысымыздың бесінші бөлімі «Кім тапқыр» - деп аталады. (Көрермендермен ойын). 5-ші бөлім бойынша сұрақтарға жауап береді. 1.Жеті қазынаны атаңыз?
2.Төрт мұратты атаңыз?
3.Үш байлықты атаңыз?
4.Бес дұшпанды атаңыз?
5.Сал - дәстүрді атаңыз?
Ән: Зарлық Нұржанаттың орындауында: «Қамажай».
Бұл сайыста тартымды аяқталар,
Ғажап сырын өнердің оятты олар.
Біз тілейік қашанда сәтті қадам,
Өнерлерің өмірге қанат қағар.
Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарына.
Салтанатты сайысымыз аяқталды,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа.
Балалар аналарына гүл шоқтарын сыйлайды.
Алдыңызда жайнаған жүздері әні,
Сіздерменен кездесерміз біздер әлі.
Әділқазы көрермен сау болыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі. Осымен «Анам және мен» атты сайысымыз аяқталды. Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.
Қош сау боп тұрыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Анам және мен"

шағым қалдыра аласыз