400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Анама арналған жыр жолдарым"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты өзімнің авторлық өлеңімді ұсынып отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана

Ана көктем, ана бақыт бесігі,

Ізгілік пен мейірімнің есігі.

Ғұмыр берген адамзаттың бәріне

Әр перзенттің жүрегінде есімі.

Шаңырақтың анашым ол шырағы,

Өн бойында мейірімнің бұлағы.

Тіршіліктің салтанаты анамның,

Мөлдіреген жанарында тұрады.

Жылылығы қара тасты жібіткен,

Алақаны жұмсақ оның түбіттен.

Жан анамның шуағына шомылып,

Келем өмір сүріп мен.

Аман болсын анам менің мерекем,

Өмірдегі аяулы жан сен екен.

Құтты болсын, ұзақ жаса анашым

Құтты болсын наурыздығы мерекең.





















Сүйікті анам

Сүйікті анам туралы

Мен сізге айтып берейін.

Мейірімді анаммен

Мақтанып бір сәт көрейін.

Жүректен шыққан лебізбен

Жыр жолдарын төгейін.

Анашым бүкіл ғұмырым,

Жылдарым ұзақ өмірім.

Ғұмырды мынау жалғанда

Анасыз қалай сүрейін?!

Сүйікті менің анашым,

Ана боп әркез қаласың.

Балаңа емес тек қана

Әлемге барлық панасың.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.02.2019
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі