«Анама арналған сиқырлы
кәмпиттер»
(8наурыз Халықаралық әйелдер
күні»мерекесіне арналған
ертеңгілік)
Мақсаты:
анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу,
сыйлай білуге,
балалардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын
дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге
тәрбиелеу.
Залдың іші мерекеге сай
безендірілген: шарлар, гүлдер, суреттер,
фотосуреттер.
Жүргізуші:- Армысың ару қыздар, абзал
ана
Анаға тең келетін бар ма
дана?
Мерекең бүгінгі құтты
болсын
Қуанышпен құшағың гүлге
толсын!
-Құрметті мейірімі
сарқылмайтын аналар, дана әжелер, ұлағатты ұстаз-әріптестер, аяулы
құрбылар, ару қыздар! Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп
жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол
бақыт, отбасыларыңызға амандық, татулық, еңбектеріңізге жеміс
тілейміз.
Той тойлап дала мен
қалаларым,
Меркең құтты болсын
аналарым!
Қаракөз қыз, абзал ана
мерекесін,
Құттықтауға келіп тұр
балаларың. (балалар қолдарына жүрекше әуе шарларын ұстап, музыка
әуенімен кіреді.)
Құндыз: Шуақты көктем келді гүлін
алып,
Көктемнің мерекесі бүгін
анық.
Өмірдің көктемі де гүлі –
аналар,
«Ана» деп бас иеді күллі
халық!
Тұмарбек: Бүгін наурыздың
сегізі
Сұлулықтың
негізі.
Әдемі сөздің
адамның
Анаға айтар
лебізі.
Арсен: Сеніміңді
ақтаймын
Еркелеткен
балаңмын.
Аман жүріп
әрқашан
Мұңаймашы
анашым.
Құтты болсын
мейрамың
Құттықтаймын
анашым!
Шапағат: Достықты біз
ойлаймыз,
Бірге күліп
ойнаймыз.
Қыздарды да
құттықтап,
Мерекесін
тойлаймыз.
Нұрайым: Ана, әже,
апайлар,
Құтты болсын
мереке!
Осы келген
ортаға
Тілейміз біз
береке.
Би «Анаға
тарту»(жүрекшемен)
Балалар қолдарындағы әуе
жүрекшелерін сыйға тартады
Жүргізуші:-Балалар, қараңдаршы,
сіздердің жылы лебіздеріңнен кейін аналарыңның көздері жылылық пен
мейірімге толды. Енді бәрің орындарыңа жайғасып
отырыңдар
-Балалар, бүгін бір қызық
болды. Күнді қоян сәулесі терезеден қарады. Бөлмеме кірді де, шуқты
жол қалдырды. Сол жолмен жүріп едім, көрдім талай ерлікті. Қызық
болса әңгіме айтып берейін сіздерге.
Көрдім
мен: әкесі мен баласы үлкен сөмке
қолға алып, дүкенге олар жиналды, байыпты түр танытып. Аналарын
қуантуға көп тәтті алмақ сатып.
Көрдім
мен:ата, әке, немере бірігіп үй
жинап жүр. Шаңсорғышы гүрілдеп, үйдің шаңын соруда. Ана келіп
«Тамаша!» деп, алғысын жаудыруда.(құмыраға салынған гүлдер,
әдемі ашықхат пен кәмпит қорапшасы тұрған үстелге назарын
аударады)
-Ал мына жерді жөнге
келтіріпті. Әдемі гүл шоғы, аяулы аналарға ашықхат, қорапшадағы
кәмпит. Қалай ойлайсыңдар, бұның бәрі кімге? Әрине аналарға. Мына
қорапшадағы жазуын оқиын. Бұл кәмпиттер сиқырлы екен. «Кәмпитті
жесең-ойлаған тілегің сол мезетте орындалады. Сеніңіз.
Көңіл-күйіңіз сол сәтте шаттанады.» Міне, қызық!Ал кәнеки кім
бірінші болып мына кәмпиттен дәм татады?
Ана (тілек тілейді): - Көктем
келді қазағымның
Даласына
құлпырып.
Тілеймін бар
аналарға
Ұзақ жаса жүр
күліп.
Жүргізуші:- Күлкі өмір ұзартады дейді.
Тілегіңіз қабыл болсын. «Тәтті нан» көрінісін
тамашалайық.
Көрініс «Тәтті
нан»
Жүргізуші:- Балалар, көктемнің келгенін
қайдан білеміз? (балалар жауаптары)
-Көктем сәні неде деп
ойлайсыңдар?
Музыка әуенімен Көктем – Ару
кіреді.
Көктем:
Мен көңілді
көктеммін
Былтыр келіп
кеткенмін.
Көзін ашып
бұлақтың
Түбіне тал
еккенмін.
Гүл боп қырда
егілем
Дән боп жерге
себілем
Жаңбыр болып жауам
да
Нұр боп көктен
төгілем
Шуағын төгіп
әлемге
Қуатын күннің
әкелем
Табиғаттың
төсіне
Тіршілігін
әперем.
-Мен өзіммен бірге әдемі
гүлдерімді ала келдім. Солардың биін
тамашалаңыздар.
Би: «Гүлдер
биі»
Ойын: «Гүл
сыйлау»
(Ұл баласы бар кез-келген
анаға кәмпит береді)
Ана (тілек тілейді): - Мен ұлымның
ел қорғаны, қыздардың қорғаушысы болып өскенін
тілеймін!
Жүргізуші:- Әрине, өзін сүйетінін,
ешкімге ретжітпеуге бермейтінін білетін ана – бақытты. Бірақ бұл
тек әкелердің қолынан келеді деп ойлайсыңдар
ма?
Талап: Жақсы оқып
сабағын
Бәрімізге
жағатын.
Нұрайым кейде
қырсықса
Түйіп алар
қабағын.
Шапағат: Сабағын да
меңгерген
Жақсылықты жөн
көрген.
Ата-анасы
Нұрайға
Әдемі есім
теңгерген.
Тұмарбек: Мерекеде
көктемгі
Жақтырмайды
өктемді.
Құндызды біз
байқаймыз
Еркелігі көп
тегі.
Арсен: Ай секілді өзі
де,
Сыңғыр-сыңғыр сөзі
де.
Біздің
Айшабибінің
Әдемі ғой көзі
де.
Ән «Солдат болам мен
ертең»
Ойын: «Күлбикештің
туфлиі»
Жүргізуші:- Құрметті қонақтар,
кәмпиттердің сиқырлы екеніне көздеріңіз жетті ме? Тағы кім дәмін
көргісі келеді?
Ана (тілек тілейді): - Ас үйде
шаруа бастан асады. Күлбикештер тек ертегіде ғана болады, дегенмен
балалар аналарына көмекші болсын деп
тілеймін.
Жүргізуші:- Бұл тілегіңіз де
орындалады. Біздің балалар әрдайым көмекке
келеді.
Алихан: Қыз болсам ғой
қиналмай
Кірін жуып берер
ем.
Шай қайнатып, бала
ойнатып
Үйін жинап жүрер
ем.
Жандос: Қуантам деп
анамды
Жудым бүгін
еденді.
Бәрі тайып
құлады
Ыдыс жуам мен
енді.
Жүргізуші:- Осындай көмекшілері бар
аналардың асқан бақыты бар ма?! Енді сөздеріңді іспен
дәлелдеңдер.
Ойын: «Көмекшілер»
(жіпке кір жаю)
Жүргізуші:- Мен кәмпитті тағы бір анаға
ұсынамын (аналардың біреуіне береді)
Ана (тілек тілейді): - Бәрімізге
анасың,
Біз үшін күн боп
жанасың.
Құтты болсын
мейрамың
Аман жүрші
Анашым!
Жүргізуші:- Аналарыңның, әкелеріңнің
аналары сендерге кім болады? Әрине. Бұл әдемі тілекке біздің
балаларымыздың да қосары бар.
Нұрай: Аялаған,
саялаған,
Бар бақытым
берекем.
Әжетайым
құттықтаймын,
Бүгін сенің
мерекең.
Айшабибі: Әлпештедің,
аяладың
Ханшайымдай
бағаладың.
Айналайын аппақ
әжем
Күндей ыстық
алақаның.
Нұрайым: «Ана» дейміз бәріміз де
аңқылдап,
«Ана» дейді, жас сәби де
жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын
бақ.
Талап: Баланың да
тірегі,
Дананың да
тірегі.
Шаншылмасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі.
Жандос: Аяулы да, алтын нұрлы
анашым,
Жүрегімде мәңгі бірге
боласың.
Сен – асқарсың, сен –
аспансың, биіксің,
Сен – дарқансың, сен –
жомартсың, пейілсің.
Жүргізуші: Қандай бала
болмайық
Анамызға
дәріміз.
Көтерсінші
көңілін,
Ән салайық
бәріміз.
Ән: «Сағындым әже
өзіңді»
Ойын: «Немереңді
дауысынан таны»
Жүргізуші:
- Қандай тамаша кәмпиттер! Тағы
бір анаға берейін.
Ана (тілек тілейді): - Қанаттанса
балапан,
Қалайынша
ұшпайды.
Әрбір қыз, әр
балақан
Анасына
ұқсайды.
Жүргізуші:
- Әрине, қыздар өз аналарына
ұқсап өседі.
Нұрай: Если спросят: «В целом свете,
что всего милей?»
Я отвечу, что улыбка мамочки
моей.
«Что нас светом согревает, как
сама весна?»
Я отвечу: «Ну кончно, мамины
глаза»
Алихан: Если спросят: «В целом свете,
что всего добрей?»
Я отвечу: «Это руки мамочки
моей!»
«Кто нежней всех в целом мире
смотрит на меня?»
Я отвечу: «Ну конечно, мамочка
моя!»
Айшабибі: Алақаны ақ
самал,
Мәпелеген жан
ана.
Көкте күнім батса
да,
Өзің күнсің
балаңа.
Теңдесі жоқ
данасың
Арқа тұтар
панасың.
Еңбегіңді
ақтаймын
Аман болшы,
Анашым!
Ән: «Анашым,
анажаным»
Жүргізуші:
- Балалар мында тағы бір кәмпит
қалыпты. Рұқсат болса менің де тілегім бар еді. Жесем бола
ма? (тілек
тілейді)
Күлімде күн,
күлімде
Аналарым
қуансын.
Қырдың көкшіл
түгіндей
Мың бұралып би
салсын.
Би:
«Тентектер»
Жүргізуші:
- Ал енді балалар, аналарымызға
арнап торт пісірейік.
Ойын:
«Торт» Аналар үлкен шеңбер жасап
тұрады. Балалар тәрбиешісімен ортада кіші шеңбер жасап тұрады.
Айналып торт пісіреді.
Жүргізуші:
- Тортымыз дайын болды. Ал енді,
аналар, өздеріңе ең тәтті бөліктерін алыңдар. (әр ана өз баласын
өзіне тартып алады). Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқтаймыз. Әрбір
ананың баласы аман болсын деп тілеймін.