жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Анама бәрін арнаймын
ҰОҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Анама бәрін арнаймын |
Мектеп/МДҰ: Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия |
|||
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: Байбосынова Гүлзада |
|||
Сынып: 0 «А» |
Қатысқандар саны: 25 |
Қатыспағандар саны: 0 |
||
ҰОҚ оқытылу мақсаты |
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану 0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
|||
Күтілетін нәтиже |
Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. |
|||
Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады. |
||||
Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады |
||||
Тілдік мақсат |
Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады. Сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: ана – мама – mother. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сөйлемді аяқта, сызбаға қарап әңгімеле, неге теңеп еркелетеді. Пікір алмасу сұрақтары: Cендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Не үшін жақсы көресіңдер? Ол қандай адам? |
|||
Өткен ҰОҚ алған білім |
Отбасы туралы білімі бар. |
|||
Жоспар |
||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 минут
ІІ. Мақсатты болжам. 3-5 минут |
Біз бақытты баламыз, Үлкеннің тілін аламыз. Оларға көмектесеміз, Келгенінше шамамыз. Осы кезде педагогтің телефоны шырылдап, педагог балаларға анасы хабарласып жатқанын айтып, тұтқаны алады.
жүрмін. Ол кісі ең мейірімді, ең сұлу, ең еңбекқор адам. Мен анамды қатты жақсы көремін. |
|
||
ҰОҚ ортасы |
Ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
(Балалар өз аналары туралы әңгімелеп айтып береді.) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Үй шаруасында анаңа қандай көмек көрсетесің? Суреттерден белгілеп көрсет және айтып бер. Дидактикалық ойын: «Мен де!» Шарты: Педагог айтқан іске келіссе, балалар «Мен де!» – деп қосылып айтып отыру керек, ал келіспесе, «Жоқ» – деп наразылықтарын білдіруі қажет. Мақсаты: балалар дұрыс іс пен дұрыс емес іс- әрекетті ажырата білуге, мұқияттылыққа үйренеді. П: Мен анамды жақсы көрем! Б: Мен де! П: Мен анама көмектесемін! Б: Мен де! П: Жұмыстан келгенде қарсы аламын. Б: Мен де! П: Ойыншығымды шашып тастаймын. Б: Жоқ! П: Киімімді жинап қоямын. Б: Мен де! П: Ыдыстарды жуып қоямын. Б: Мен де! П: Ініме мен қарамаймын, оны жылатамын. Б: Жоқ! Педагог осы тектес сөздерді тез-тез айтып, балаларды шатастыруға тырысады, балалар барынша мұқият болып, анасын ренжітетін іске келіспейді. Әліппе-дәптермен жұмыс: 2-тапсырма. Анаң сені қалай еркелетеді? Еркелеткенде неге теңейді, суреттердің ішінен тауып белгіле және айтып бер. – Балалар, аналарың сендерді қатты жақсы көреді екен, оны мен сендерді еркелететін теңеулерден байқадым. Ал сендер аналарыңды қалай жақсы көресіңдер, оларды неге теңер едіңдер? 3-тапсырма. «Менің анам». Сызба бойынша өзіңнің анаң туралы әңгіме құрастыр. Көптілділік: ана – мама – mother. Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта». Менің анам (қандай?) ... |
|
ІІІ. Тақырып бойынша |
|
|
жұмыс |
|
|
6-27 минут |
|
|
|
Әліппе-дәптер |
|
|
Әліппе-дәптер |
|
Анамның сырғасы ... Анамның сақинасы ... Анамның ыдыстары ... Әліппе-дәптермен жұмыс: 4-тапсырма. Анаңды қуантатын сыйлықтың суретін сал. Жаңылтпашта жаңылмайық: Шеше, шеше, Неше кесе Сынды кеше?
Сорпа іштік, Сорпа ыстық. Сондықтан қорқа іштік.
Сағат сыртылдады, Сырға сыңғырлады. |
|
ІV. Сабақтың қортындысы. Рефлексия 28-30 минут |
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Балалардан гүлдің суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен. |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген