400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анама бәрін арнаймын

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы



ТАҚЫРЫБЫ: Анама бәрін арнаймын

Күні: 15.11.2017ж.

Кенжебекова Ш.С.

Сынып/топ: 0 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

0.1.2.2 Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді, әңгіме құрап айтады. Сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: ана – мама – mother.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сөйлемді аяқта, сызбаға қарап әңгімеле, неге теңеп еркелетеді.

Пікір алмасу сұрақтары:

Cендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Не үшін жақсы көресіңдер?

Ол қандай адам?

Өткен ҰОҚ алған білім

Отбасы туралы білімі бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

3 -минут










ІІ. Мақсатты болжам.

2-минут

- Балалар, бізге бірнеше қонақтар келген. Қонақтармен амандасып алайық.

-Сәлеметсіздер ме!

-Здраствуйте!

-Good morning teacher!

-Балалар , сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.

Үлкендерді сыйлаймыз Айтқандарын тыңдаймыз Анамызга көмектесіп

Біз бақытты баламыз.

(Гүлдер арқылы топқа бөлу: қызыл, сары, көк)

-Балалар, мен сендерге әртүрлі гүлдерді таратып бердім. Ол гүлдерді не істеуге болады.?

-Анамызға сыйлаймыз.

-Өте жақсы , балалар!


ҰОҚ ортасы

ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс

17-минут

Ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?

  • Не үшін жақсы көресіңдер?

  • Ол қандай адам?

  • Сендердің қандай істеріңе қатты ренжиді?

  • Ал қандай істеріңе керісінше қатты қуанады?

  • Сен анаңды жиі қуантасың ба?

  • Үй шаруасында аналарыңа қандай көмек бересіңдер?

(Балалар өз аналары туралы әңгімелеп айтып береді.)

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Үй шаруасында анаңа қандай көмек көрсетесің? Суреттерден белгілеп көрсет және айтып бер.

Дидактикалық ойын: «Мен де!»

Шарты: Педагог айтқан іске келіссе, балалар

«Мен де!» – деп қосылып айтып отыру керек, ал келіспесе, «Жоқ» – деп наразылықтарын білдіруі қажет. Мақсаты: балалар дұрыс іс пен дұрыс емес іс- әрекетті ажырата білуге, мұқияттылыққа үйренеді.

П: Мен анамды жақсы көрем! Б: Мен де!

П: Мен анама көмектесемін! Б: Мен де!

П: Жұмыстан келгенде қарсы аламын. Б: Мен де!

П: Ойыншығымды шашып тастаймын. Б: Жоқ!

П: Киімімді жинап қоямын. Б: Мен де!

П: Ыдыстарды жуып қоямын. Б: Мен де!

П: Ініме мен қарамаймын, оны жылатамын. Б: Жоқ!

Педагог осы тектес сөздерді тез-тез айтып, балаларды шатастыруға тырысады, балалар барынша мұқият болып, анасын ренжітетін іске келіспейді.

Сергіту сәті.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Анаң сені қалай еркелетеді? Еркелеткенде неге теңейді, суреттердің ішінен тауып белгіле және айтып бер.

– Балалар, аналарың сендерді қатты жақсы көреді екен, оны мен сендерді еркелететін теңеулерден байқадым. Ал сендер аналарыңды қалай жақсы көресіңдер, оларды неге теңер едіңдер?

3-тапсырма. Топтық жұмыс«Менің анам». Сызба бойынша өзіңнің анаң туралы әңгіме құрастыр.

-Балалар, ана сөзін үш тілде айтып көрейік: ана – мама – mother. -Балалар, ана туралы өлең білеміз бе?

( Балалардың өлеңдерін тыңдау)











Әліппе-дәптер



























Әліппе-дәптер

ІV. Сабақтың қортындысы. Рефлексия

3- минут

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балаларға екі түсті гүлдер таратылады. Олар «ана» сөзін жазады.

-Балалар бүгінгі сабаққа түсінген болсаңдар қызыл гүлдерді жапсырасыңдар, егер түсінбесеңдер сары гүлдерді жапсырасыңдар.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар








Мұнайлы ауданы

«№9 жалпы білім беру орта мектебі»КММ















Сөйлеуді дамыту



Тақырыбы: «Анама бәрін арнаймын»

(0 «Ә» топ)









Мұғалім: Кенжебекова Ш.С.













2017ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі