400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анама көмектесемін. 5-ке дейін санаймын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

№7 ҰОҚ. Тақырыбы: Анама көмектесемін. 5-ке дейін санаймын.

Мектеп/МҰ:


Күні:

Педагогтің аты-жөні:


Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:


Оқыту мақсаттары

0.2.1.1.20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау. 0.2.1.2.Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.


Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:


-5 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.


Көптеген тəрбиеленушілер:


-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атай

алады.


Кейбір тəрбиеленушілер:


-заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың

реттік нөмірін атайды.


Тілдік мақсаттар

Тəрбиеленушілер:

-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

бірінші, екінші, ..., бесінші.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

  • Реттік санау кезінде сандардың атауы қалай туындайтынын түсіндір.

  • 4 санынан кейін қандай сан тұрады деп ойлайсың?

  • Сандық санау кезіндегі қандай сандар реттік санау кезіндегі қандай сандарға сəйкес келеді?

Жазу:

-салынған үзік сызықтар бойынша бастырып жазу.

Алдыңғы білім

Заттардың орналасу тəртібі туралы алғашқы білім, геометриялық

фигуралар мен денелердің атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

0–5 минут

Ынталандыру.

Педагог тəрбиеленушілерді шаттық шеңберін құруға шақырады.

Өзектендіру.

Педагог балалардан:

–Үйдегі қандай жұмыс түрлерін білесіңдер?

–Аналарыңа қалай көмектесесіңдер?–деп сұрайды.


Ортасы

6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Электрондық жиынтық полотномен (№5) жұмыс ұйымдастырады. Барлық балалар тапсырманы бірдей орындай алмайды.

Жаңалық ашу.

Туындаған мəселені шешу үшін, балаларға 1-ден 5-ке дейін санаған кезде сандардың арту тəртібімен əр затқа бір цифрды сəйкестендіріп қойып 5 көлемінде заттарды, дыбыстарды, қозғалыстарды санау ұсынылады.

Балалар 1-тапсырмадағы цифрларды заттардың санына сəйкестендіре отырып сызып қосады.

Сергіту сəті.

Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.)

№5. электрондық жиналмалы полотно

Үлестірмелі материалдар.

№5 жиынтық полотно.

16–25

Жаңаны қолдану.

(Ұ) Педагог заттардың санын, сандар мен цифрларды сəйкестендіру білігін пысықтау үшін №5-8 электрондық жиынтық полотно материалын қолдана алады.

(Ө) 2-тапсырманы өз бетінше саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту үшін орындайды. Педагог анаға көмек туралы лексикалық тақырыпты жалғастырады, яғни тəрелкелердегі жемістерді санауды ұсынады.

3-тапсырмада балалар тəрелкедегі заттардың санына



сəйкес келетін цифрларды жапсырады.

Балаларға əліппе-дəптердегі 4-тапсырмада жазылған цифрларды саусақпен жүргізіп, олардың көру бейнесін тактильді түрде бекіту үшін оларды ермексаздан жасау ұсынылады.


Рефлексия

26–30

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
1455
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі