Материалдар / "Анама сыйлық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Анама сыйлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне өз жұмыстарымды бөлісу мақсатында жариялап отырмын.Әріптестеріммен балалармен жасаған жұмыстарымды бөлісіп, керек жерін қолдануға ұсынамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
784
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру.Аналарға құрметпен қарауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақтай құлпырған бүлдіршіндер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8 наурыз халықаралық аналар мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі,өмірдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күнінде басталғалы отырған «Балауса» тобының бүлдіршіндерінің дайындаған «Анама сыйлық» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым.

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім.

Ардақты аналардың мейрамында,

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін.

Ендеше ортаға бүлдіршіндерімізді қошметпен шақырамыз.

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен би, өлең мен күй,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Ән: «Әжемнің шәйі» хор

Жүргізуші: Олай,болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелерің құтты болсын.

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құсты сайратып.

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы,

Көрікті көктем келді.


(Ортаға көктем шығады)

Көктем: Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Құшағыма гүлге толсын деп,

Нөсерімді төккенмін.


Жүргізуші: Ару көктем қош келдіңіз, сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенеледі. Кең байтақ даламыз гүлге бөленеді.Сондықтан ару көктем біз сізге ризамыз.

Көктем: Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін.

Сол гүлдерді өсіріп,

Аялаумен келемін.


1.Бәйшешек.

Айзере: Көктем гүлі бәйшешек,

Мен боламын қараңдар.

Наурыз, сәуір айында,

Мен шығамын жайқала.

2.Қызғалдақ.

Айжұлдыз: Қырқалардың төрінде,

Қаулап көзге ұрамын.

Құлпыра жайнап өңірде,

Қып қызыл боп тұрамын.


3.Жауқазын.

Марина: Жауқазынмын жайқалған,

Сұлу гүлмін гүлдесем.

Көктемде мен гүлдесем,

Құлпыра кетер айналам.


4. Раушангүл.

Гүлсезім: Әдемімін сұлумын,

Менен қай гүл аса алған.

Мен боламын раушангүл,

Гүл патшасы атанған.


Көктем: Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші: Күлімдеген көктемге ана жайлы,

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді.


Ән: «Ең жақсы ана» орын Айжұлдыз, Айсұлтан.

Ән: «Апатайым ай» орын Арсен, Данабек.

Жүргізуші: Мінекей, күлімдеген көктем келіп айналамыз құлпырып кетті. Көрікті көктемнің алғашқы мерекесіне арнап қазақстанның өзге облысындағы балабақшадан сазды сәлемдемеде келген еді. Ендігі кезекті сазды сәлемдемеге берейік.

Радиодан: Армысыздар құрметті әріптестер шалқар радиосының « Саздысәлем» бағдарламасы арқылы Атырау обл, Құлсары қаласынан «Қарлығаш» балабақшасының ұжымының және бүлдіршіндерінің атынан «Боранқұл» бөбекжайының барлық аналарын, мерекесімен құттықтаймыз. Отбастарына береке, шаттық тілейміз.Мерекелеріңіз құтты болсын.


Жүргізуші: Әжеме тақпақ айтып беремін,

Әжелерді ардақтап қуантатын келді күн.

Құттықтаймын қуанып мейрамымен мен бүгін,

Бөбегінің тілегі қабыл алшы әжетай.

Ұзақ өмір жүз жасап жүрші әже қамықпай.

Балалардың аналары мен әжелеріне арнаған өлең шумақтарына кезек береміз.


1.Кәусар: Жақсы көреді әжелерін,

Ойыншықтарды әпереді.

Балабақшаға да әпереді,

Жақсы қандай әжелер.


2.Ақмаржан:Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.


3.Мадина: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.


4.Данабек: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейміз жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтынбақ.


Ән: «Әжеммен қалам» орын Інжу, Марина.

Би: «Шығыс» қыздар

Ән: «Апатай» орын Шаттық.


5.Шаттық: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.


6.Нұрдәулет: Ана өмір шырағы,

Ана өмір бұлағы.

Ана деген асыл жан,

Ардақтап сізді өтеміз.


7.Әділет: Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.


8.Арсен: Анаң болса қасында,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.


Ән: «Мейірімді әже» орын Кәусар, Мадина.

Би: «Жентелмен» балалар

Ән: «Мама туған күніңмен» орын Айзере

Жүргізуші: Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен, ендеше асыл аналарымызбен көңілді ойын ойнайық.

Ойын: «Кім шапшаң»

Шарты: Аналар қолдарына қолғап киіп балаларын киіндіреді және кері шешіндіруі керек.Уақыт әуенмен өлшенеді.


Жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.


9.Ізбасар: Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.


10.Ақберен: Мәпелейді, әлдейлейді бағады,

«Құлыным» деп құшағына алады.

Өзгеге де,өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады.


11.Айсұлтан: Айналайын анашым,

Аялайсың, бағасын.

Сен үшін балалармен,

Ән шырқайық бәріміз.


12.Нұржігіт: Балабақша болмаса,

Дүкенге өзім барар ем.

Ақшам көп болса,

Сәнді көйлек алар ем.


13.Мадияр: Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн,

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.


14.Нұргүл: Анамды сүйемін,

Ақылын ойға түйемін.

Әжеме мен қашанда,

Әдеппен бас иемін.


15.Әлинұр: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнаып береді,

Біздің үйдің бәріне.


Ән: «Ерке қыз» орын Ақмаржан

Ән: «Ақ мамам» орын Гүлсезім


Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен қасиетті аналар.

Мінекей, асыл аналар әлпештеп, аялап отырған балапандарыңыз өздерінің әннен, биден, жырдан арнаған сазды сәлемін арнады. Сіздерге арнап мерекелеріңізбен құттықтап сыйлағалы отырған сыйлықтарын қабыл алыңыздар.


Сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші: Құрметті аналар, бүгінгі сазды бағдарламамыз «Анама сыйлық» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.








«Боранқұл» бөбекжайы МКҚК














«Анама сыйлық»

(ертеңгілік)










Өткізген: Куракбаева А.















2018 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!