400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анамды құттықтаймын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

24-ұОқ. АнАмды құттықтАЙмын (сәндік аппликация)


мектеп/мұ:


Күні:

Педагогтің аты-жөні:


сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:


ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.3.1. Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.

        1. Орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан қол ұстасуды, шеңбер айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию.

        2. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.


Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-өсімдік элементтері негізінде жапсырма дайындай алады;

-екіге қатпарлап бүгілген қағаздан әртүрлі симметриялы пішіндер қия алады;

-қайшыны дұрыс ұстап, оны еркін пайдалана алады;

-жұмыс барысында жұмыс орнын ретке келтіре алады.



Көптеген тәрбиеленушілер:

-бейнелілік құрал ретінде жапсырмада әртүрлі түстерді қолдана алады;

-қағаздың бетіне суретті үлкендерінен бастап жапсырып, оларды кішкентай, ерекше бөліктермен толықтыра алады.


Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бетімен таныс техникаларды үйлесімдей алады;

-өз ой-қиялын көрсете алады.


тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-жапсырма жасау жөнінде өз ойын ұсыну;

-өзінің және өзгелердің жұмысын талқылау және түсіндіру;

-пікір алмасу;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: ашықхат – открытка – letter.


негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

ашықхат, мейрам, ашықхатқа арналған негіздер, гүл, жапырақтар, желім қолдану, қосымша заттар.


талқылауға арналған сұрақтар:

Ашықхат дегеніміз не?

Қағазды қалай екіге бүктеуге болады? Қағазды қалай қатпарлауға болады?


Алдыңғы білім

Мейрамдар туралы білім. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу дағдысы, бірнеше геометриялық сәндік элементтерді қию дағдылары. Гүлдің құрылымы туралы түсінік.



Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар


і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй туғызу.

Кім таңертең маған келеді? Анашым.

Кім орныңнан тұр деп айтады? Анашым.

Кім ботқаны дайындайды? Анашым.

Кім кесеге шай құяды? Анашым.

Кім менің шашымды өреді? Анашым.

Жалғыз өзі үй тазалайды? Анашым.

Кім бақшадан гүл тереді? Анашым.

Кім менің бетімнен сүйеді? Анашым.

Кім балалардың күлгенін жақсы көреді? Анашым.

Кім әлемде бәрінен де жақсы? Анашым.

(У. Раджаб)

Музыкалық сүйемелдеу.


II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою

2–5 минут

(ұ) Педагог тақпақтың кім туралы айтылғанын сұрайды? Алда қандай мейрам келе жатыр? Сол мейрамда аналарға не сыйлауға болатынын балалардан сұрайды.

Балаларды сабақтың тақырыбына жақындатып, сабақ мақсатын түсіндіреді.

Сыныптағы балалардың аналарының суреттері.



III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс. Балалар суреттегі бейнеге қарап, диалогқа араласады, оны талқылайды. Тағы басқа қандай мейрамдар бар?

Педагог балаларды «ашықхат» ұғымымен таныстырады.

Ашықхат – тік төртбұрыш пішініндегі тығыз қағаздың бөлігі, оған құттықтау сөздерін жазуға болады.

Тәрбиеленушілерге аналары мен әжелеріне ашықхат жасау ұсынылады.

(ұ) саусақтарға арналған

«Кішкентай ара» жаттығуы.

Шыршада кішкентай үй бар,

(Бір қолды үстелге қойып, саусақтарды жазып қоямыз. Бұл – шырша.)

Бұл – араның ұясы, кішкентай аралар қайда?

(Екінші қолдың саусақтарымен сақина жасау). Араның ұясы шыршаға жабысып тұр.

(Балалар араның ұясына қарайды.)

Үйдің есігін қағып көрейік,

(Жұдырықты жұмып, жұдырықпен қолды бір­біріне ұрады.) Бір, екі, үш, төрт, бес.

Мен шыршаны қағамын, Кішкентей аралар қайда? Кенеттен олар ұшып шығады:

(Қолды ажыратып, саусақтарды ашамыз және оларды қимылдатамыз, кішкентай аралар ұшып жатыр).

Бір, екі, үш, төрт, бес!

(ұ) Аппликацияны орындау технологиясы.

Педагог әр тәрбиеленушіге өзінің құттықтау ашықхатына нені қиятынын және нені жапсыратынын өздері шешуін ұсынады. Картинаның өлшемі және орналасуы дұрыс болуын ескертеді. Жұмысты белгілі үйлесімді түсте ( жылы, суық, бір түсті әртүрлі өңде беру) жасауға ерекше көңіл бөлулерін сұрайды. Қиюдың

Әліппе-альбом.







Ашықхат үлгілері.





Музыкалық сүйемелдеу











Түрлі түсті қағаз, қарапайым қарындаштар, қайшы, ПВА желімі, желімді жағуға арналған жаққыш, клеенкалар.



Жадынама.


әртүрлі тәсілін пайдалануға, құрастырған композицияны сезінуге, ойындағысын көрсете білуге тәрбиелейді. Педагог тәрбиеленушілер бейнені өз бетінше жоспарлай білуді, жұмысты алдымен негізгі үлкен элементтерді қиюдан және жапсырудан бастауды, ақырындап кіші элементтермен толықтыруды және айшықты бейне шығу үшін қосымша бөліктермен безендіруді ұсынады.

Тәрбиеленушілерге өз бетінше қатені тауып, себебін түсіндірулеріне, қию сызығының әдемілігіне, жұмыстың жалпы сапасына аударады. (ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі.

Педагог ҰОҚ барысында желіммен жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау туралы ескертеді.

Жапсырмаға арналған заттарды тиімді қолданудың не екендігі туралы түсіндіреді.

Тәрбиеленушілерді жұмыс барысында өз жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру қажеттілігіне жұмылдырады.



IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия. 26–30 минут

(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Педагог балаларды өзара бағалауға шақырады.

«Бағдаршам»

Балалар танымдық белгілермен белгі береді:

  • жасыл – осындай тапсырмалардың көп болуын қалаймын, барлығын орындадым;

  • сары – ұнады, бірақ барлығын ойдағыдай орындай алмадым;

  • қызыл – бұл іс ұнамады, зеріктім.



Танымдық белгілер: жасыл, сары, қызыл.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
677
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі