400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Анамның аялы алақаны

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Анамның аялы алақаны»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Білімділік: Ананың құдіретін де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын нығайту.

Дамытушылық: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Адамгіршілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тірбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, гүлдер.

Тәрбиеші: Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз де аналарға арналады

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Тәрбиеші: 

Әсем, ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз айтқандай келесі ән аналардың құрметіне арналады.

Ән: «Құттықтаймын  мама, туған  күніңмен!»

Тәрбиеші:«Сәнқой»

Ойынның шарты:

2 орындықта сөмке,моншақ,сырға,помада және айна.Ойыншылар 2 қыз.Кім жылдам киініп болады.

Picture 5

Тәрбиеші:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда ұл-қыздарымыздың орындауындағы «Арулар» атты биін қабыл алыңыздар!

Picture 3

Би: «Гүлдер»қыздарымыдың орындауында

Тәрбиеші:« «Күлшеқыз-Золушка»

Ыдыстың ішінде жармалардаң дәні( горох,фасоль,күріш,шілкілдеуік) осыларды бөліп алу керек.Кім жылдам?

Picture 1

Тәрбиеші:«Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді. Сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы Аналарымызды бір сынап көрейік. Ортаға, аналарымызды шақырамыз.

«Аялы алақан» ойыны

Аналардың көзін байлап, қыздарымыдың ішінен өз балаларын тапқызу.

Қорытынды.

Тәрбиеші:«Бүгінгі аналарымыздың құрметіне арналған «Анамның аялы алақаны» атты іс-шарамызды аяқтаймыз. Ардақты әжелер, жер бетіне өмір сыйлаушы аналар сіздерге айтылар ән мен жыр таусылмақ емес.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Сау-саламатта болыңыздар!




МКҚК «Балдырған»бөбекжай-бақшасы









Анамның аялы алақаны



«Балапан» ерте жас тобының тәрбиешісі:Г.Ө.Нұрғали



























2019 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
537
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі