жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Анамның аялы алақаны»
«Құрық ауылының №6 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәрбие сағаты
Өткізген: Болтекова Шынарай
Құрық ауылы, 2017-2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Анамның аялы алақаны»
Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы тісініктеме.
Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.
«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»
Анаңды Меккеге арқалап барсаңда, қарызынан құтыла алмайсын.
«Ана - өмір себуші» буклеттер, қанатты сөздер жазып іліп қою.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Психологиялық кезең
Жаңа сабақ
1.Кіріспе әңгіме
2.Тақырыпты хабарлау
3.Оқушылармен жұмыс атқару
Аналар
мейрамы-адамзат мейрамы.Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы
Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық 2-ші конференциясында
Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп
көтерді.Содан кейін де, яғни 1911 жылы Германияда , Австрияда және
Данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы Петербургте аталып
өтті.
Айдана: Ананың
берген тағылымымен ешқандай бақ-дәулетке хан қаһары да, батырдың
айбары да теңесе алмайды.Осындай құдіретті паш ететін ұлылардың сөз
кестесіне назар аударайық
Абай Құнанбаев:
«Әйел сұлу болмайды
көркіменен,
Мінезіне көз
жетпей, көңіл бөлме».
К.Д:Ушинский
«Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және
оған мұнымен бірге осыған сай қабілеті
бар».
В.А.
Сухамлинский: «Әйел затының ерлігі мен қажырлылығы ер азаматқа
бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін бітіретініне
мен мың сан мәрте көз
жеткіздім».
В. Гюго:
«Нәзіктік атаулының жиынтығы-нанның алақаны, сондықтан да ол сәби
үшін ең жылы ұя».
Мақал-мәтелдер
Ана жақсылығын
ауырсаң білерсің,
Қайын
жақсылығын қыдырсаң
білерсің.
Анасын
сүйгеннің баласын сүй.
Ананың көңілі
балада,
Баланың көңілі
далада.
Ананың
сүті-бал,
Баланың
тілі-бал.
Шығармашылық
жұмыс
«Ана» деген
сөзге оқушылар өз асоциацияларын жазу
керек.
Мұғалім:
«Ананың ақ
сүтін ақтау» деген тамаша бір сөз бар. Біз осы сөзді қалай жүзеге
асырып жүрміз, осыны мықтап ойланайықшы! Анасын ренжіткен адам, өзі
сүйген жарын ұнатуы мүмкін бе? Анаға құрмет өмір бақи терең де,
шексіз болуы керек.
Ана сыйламаған
тас жүрек өмірде ешкімнен сый көрмейді, өзінің қаныпезерлігінен
өмірде қатты соққы көреді.
Осымен тәрбие
сағатымызды аяқтай келе,адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі
сөз-АНА деп білеміз!!!
Аналарға арналған әдеби монтаж.Абитбаев Нұрбол, Т.Айбергеновтың «Ана» тақпағы.
Мұғалім:
Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,жайма шуақ сәулелерін төгетін,көңілдерге қуаныштар егетін,имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетінкөгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,той атаулының қызығы мен берекесі –8 НАУРЫЗ ортамызға келді!
Осы мерекенің иелері,бар адамзаттың табынары мен киелері,қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,сүйкімді қылығымен сағындырған,қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,әсем көркімен, жүрегінің өртіменнебір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар,аяулыаналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
— Бүгінгі «Анамның аялы алақаны» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын
Өмірдің көркі - көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз күніне белгіленген. Бұл күні төрткүл дүниенің жан иесі, аса қадірлі аналар мен қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетіліп шын ықылас танытып, сыйлықтар жасап жатады. Тарих парағын парақтасақ, осы күнде әйелдер қауымы өз қүқықтарын қорғап, бас көтерген деседі. Бертін келе бұл күнді халықаралық әйелдер күні болып белгіленген екен.
- Құрметті аяулы, ардақты аналар. Өміріміздің гүлі, қуанышы - сіздерсіздер. Бар әлемге шуақ мейірім төккен көктем айы сіздер үшін аса қымбат. Әйелдер шаңырақ ұйытқысы, ырыс-берекесі, алтын діңгегі. Сонау, заманнан ерлерімізге тірек болып, жігер берген аналарымыз қаңшама. Бүгінде ел экономикасына етене араласып, саяси күшті ықпал жасап отырған - осы бір нәзік жанды әйелдер қауымы.
Арулар - асыл жандар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап түрар - деп, өлеңіне арқау еткен Мүқағали ақын аналарымызды тіршіліктің, күретамыры деп бекер айтпаса керек. Олай болса, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналарымыздың мерекесі қүтты болсын демекпіз.
Көктемнің алғашқы мерекесі - сегізінші наурызға көбіне ерлер жағы ерекше сый әзірлеуге ұмтылса, Аналар мерекесінде отбасы мүшелерінің бәрі анаға құрмет көрсетуге тырысады.
Шетелдерде Аналар күніне арнайы сыйлықтар дүкен сөрелеріне шығарылады екен. Ал балабақша мен мектептерде балалар өз қолдарымен сыйлықтар әзірлейді. Бұл күннің ең басты сыйы - Анаға арналған тәтті торт. Мысалы, Англияда ондай торттың үстіңгі бетін құрамына жаңғақ қосылған марципан деген кондитерлік 12 шармен, қанттың ұнтағымен, сұйытылған қантпен әсемдейді. Бұл жұлдызнамадағы 12 белгіні білдіреді. Ал америкалық аналардың сол күнгі жалғыз ғана жұмысы - өзіне арнап әдейі жолданған сыйлықты, гүл шоғын қабылдау үшін сыртқы есікті ашу ғана.
Канадада Аналар күніне арналған қызықты шаралар мен жолсапарларға деген билет бірнеше апта бұрын сатылып кетеді. Мерекені ұйымдастырушылар арнайы экскурсиялық пойыз шығарып, әсем жерлерді тамашалауға мүмкіндік жасаумен қатар, аналарға әдемі естелік сыйлықтар тарту етеді.
- Шынында да мен қатты таңғалып отырмын. Дәл бүгінге шейін бізде Аналар күні болмауы қалай? Ананы сыйласақ, қазақ сыйласын. Бірақ сонау өткен ғасырда, 1912 жылы ресми түрде қабылданған Халықаралық Аналар күні туралы біздің саяси қайраткерлер мүлде естімегені ме? Ендеше, ештен кеш жақсы, бір ғасырдан астам уақыттан бері біраз елде аталып келе жатқан бұл мерекені біз қазақтар, қазақстандықтар қуана-қуана қабылдайық, хош алайық.
Басқа халықтан бір ерекшелігіміз - біз өз тілімізді ана тілі деп атаймыз (мәселен, орыстар «родная речь» дейді). Мен жуырда балаларға арнап өлең жаздым:
Қай тілде сөйлесе анасы -
Сол тілде сөйлейді баласы...
Десек біз тіліміздің өзін ана тілі деп отырғанда қалайша Ана күні бізде болмасқа? Бұл мерекені біз кешіктіріп кейінге қалдырмай, дереу қабылдауымыз шарт.
Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі
Айгөлек-ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Аналардың тойында
Би билейміз дөңгелеп
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз
Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем
Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем
4. Қорытындылау
Бүгінгі сабақты осындай өлең шумақтарымен қорытындылаймын.
Аналар, ақ пейілін жайғандарым,
Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.
Арыстай талай перзент тудыңыздар,
Алаштың асқақтатқан айбарларын.
«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп,
Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым.
Сіздердің арқаңызда еркектер жүр,
Сипатып ескен желге айдарларын.
Артық қой әлемдегі бар жылудан,
Бір сүйіп маңдайымнан айналғаның.
Сіздерге деген шексіз алғысымның,
Айтып мен тауысайын қайдан бәрін.
Жырыммен аналарды ырза ете алсам,
Сол менің бұл өнерден бәйге алғаным.
Наурыздың сегізінде келе жатқан,
Аналар, құтты болсын мейрамдарың!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген