400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Анамның аялы алақаны" ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
аналар мерекесіне арналған мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілерге арналған сенарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Анамның аялы алақаны"

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білу, адамгершілікке,
жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Осынау көркем мерекесін қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Осы мерекеге орай “Қызғалдақ” ортаңғы тобының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Анамның аялы алақаны» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Олай болса бүгінгі ертегілігіміздің тәп – тәтті бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алайық.(ортаға қол ұстасқан ұл мен қыздар келеді)

жүргізуші: - Балапандар мерекелік көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Өте жақсы.

Құшағыңа кіргенде, жылынамын бір демде

Не жетеді көзіңе, мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен, еркелеймін әр күнмен,

Құттықтайды бүлдіршіндер сегізінші наурызбен.

«Қызғалдақ» ортаңғы топ балаларының аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.

Нұртілеу Анашым аяулы адам сен едің,

Серігі болған біздердің .

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Қамқоршы менің анашым.

Медея Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймын мерекеңмен!

Құрметті аналар!

Артемий Аялап алақан,
Әлпештеп өсірген.
Аяулы жан анам,
Қатемді кешірген.

Аяна Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын
Нурали Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

Амерхан Анам менің ақ мамам,
Болашым деп мақтаған.
Анам барда әрдайым,
Қуанамын шаттанам.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық- дей келе келесі кезекті
бүлдіршіндердің орындауында «Ақ мамам» әнін тамашалайық!

Ән: “Ақ мамам” орындайтын балапандар (хормен)

Ойын: “Кім жылдам?”

Ойынның шарты: балалар ортаға аналарымен шығады. Аналары орындықта отырады, балалар керекті заттар ретімен аналарына апарып, орналастырады. Кім жылдам бірінші болған бала жеңіске жетеді. Аналары ойын соңында сән үлгісін көрсетеді.

жүргізуші:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы,

Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары.- дей келе келесі кезекті балапандарымыздың аналарына деген ыстық небізіне берейік.

Тақпақ

Адия Анашым менің анашым,

Мәпелеп өсірген сен едің .

Мейірімің қандай керемет!?

Анашым менің анашым.

Нурали М Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Лиза Мерекесі бүгін,
Алтын мамамның.
Сыйлайыншы гүлін
Жарқын даламның.
Надир Мейірім төккен баршаға

Онымен өмір қаншама?

Анасыз өмір бола ма,

Айтыңдаршы, баршаң да?

Марат Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекеңмен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Ева Анашым анам,
Ризамын саған.
Тіліңді алам,
Ақылды болам.





Жүргізуші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «
Жігіттер биін».
«Жігіттер» биі.

жүргізуші:

Әнде айтып, биде билеп, көңілдеріңізді көтердік.

Келесі кезекті қызықты ойынға берейік!

Ойын: «Гүл сыйлау »

Ойынның шарты: Бір ұл мен қыз балалар топ болып, әуенмен вальс билеп жүреді, әуен тоқтаған кезде ұлдар қыздар гүл сыйлайды.

Жүргізуші:Сағынышпен жеткен,

Келді міне көктем,

Жайнап нұрлы гүлі,

Мерекеңіз бүгін,

Құтты болсын аналар!-дей келе келесі кезекті балапандарымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Ералы Анашым асыл адам сен едің,

Біздерді бесігіңмен тербедің.

Аялаған біздерді

Ардақты анашым сен едің.

Дарина Анашым, анам!
Ыстықсың маған.
Тәрбие бердің
Көп алғыс саған.
Мансұр Анашым менің анашым,

Тыным таппай күнімен
Ұйқы көрмей түнімен
Бар жұмысты тындырып
Бірге ойнайсың менімен.

Ажар Ақ сүтін берген анашым,

Ақылды менің данашым.

Өзіңдей жанды әлемнен,

Қайдан табамын анашым?!

Илья П Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

жүргізуші:

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз,

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

- дей келе келесі кезекті «Қызғалдақ» тобының білдіршіндерінің орындауында “Нұрын төккен маған” әнін қабыл алыңыздар!

жүргізуші

Ойын:Мәреге кім тез жетеді?

Ойынның шарты: Аналар мен балалар екі топқа бөліп, кедергілердің арасынан шарларды айналдыра отырып, мәреге дейін жеткізеді. Қай топ бірінші келсе сол топ жеңіске жетеді.

жүргізуші

Құтты болсын осы шаттық күніміз,

Бақытты да ұзақ ғұмыр сүріңіз,

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз-дей келе келесі кезекті әсем биге берелік!

Би “Анашым әрқашан жанымда бол ”

Ән: Ж. Түсіпбековичтің орындауында “Ана туралы”
жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасыншы жанарыңа
Осыменен ертеңгілігімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі аналар күніне арналған «
Анамның аялы алақаны» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Құрметті аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!

Балалар аналарына сыйлықтарын табыс етеді.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі