Анамның портреті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анамның портреті

Материал туралы қысқаша түсінік
портрет жайында түсініктерін қалыптастыру; өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамыту; өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Анамның портреті.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: портрет жайында түсініктерін қалыптастыру; өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамыту; өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Педагогқа керекті құрлдар:әйел адамның бірнеше портреттері, гуашь, акварель бояуы, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: гуашь, акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының ездерін қалай еркелететінін айтады. Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.


Балалар қызығушылық танытады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Педагог балалардың біреуінің бет әлпетіне сипаттама береді де, кімді сипаттағанын сұрайды. Балалар өз достарын сипаттау бойынша таныйды.

Осылайша бір-бірін сипаттау негізінде басқа адамның суреті яғни портреті шығатынын түсіндіреді. Суретшілер майлы бояумен салынған суреттерінде адам бейнесін жиі суреттейді. Әртүрлі портреттерді қарастыру. Суретші адам бейнесін салғанда, оның сезімдерін және көңіл күйін жазғанына балалардың назарын аудару. Әртүрлі болып салынған портреттерге талдау жасалады.

Педагог балаларға анамыздың портретін бүгін жай қарындашпен салаиынымызды, келесі оқу іс-әрекетінде майлы бояулармен аяқтайтынымызды айтып есертеді.

Үлгі ретінде портретті педагог өзі жай қрындашпен салу реттігін көрсетеді.

Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

Педагог балалардың жұмыстарын қадағалап, қиналған балаларға көмек қолын созады.

Аналарына сипаттама береді.



Портрет туралы түсінеді.


Сұраққа жауап береді.

Білгендерін айтады.






Сергіту сәттерін жасайды.




Суретті салу реттілігі бойынша жұмысты орындайды.




Рефлексивті – түзетушілік

Оқу іс-әрекет соңында аяқталған жұмыстарға талдау жасалып, қортындыланады.

Жақсы орындалған тапсырмалардан көрме ұйымдастырып, балалардың еңбектері бағаланады.

Өз жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

  • портрет жайында түсініктері қалыптасады, адам бейнесін салуға үйренеді;

Нені игереді:

  • өнердің түрлерін қарау арқылы көркемдік талғамын дамытады;

Нені біледі:

  • түстерді таңдай біледі;

  • заттың пішіні мен түстердің үйлесімділігін сезінеді;

  • жазықтықта дұрыс орналастыра білуге үйренеді;

  • балаларға дене мүшелерін салуда дұрыс орналастыруды.

  • сурет салуға деген құштарлықтары оянады.




















Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Күзгі жапырақтар.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қағазға гуашьпен ең беру тәсілін үйрету;балаларды ұжыммен бірігіп, композиция құрастыру білуге дағдыландыру;композицияның түс үйлесемділігіне, суреттердің дұрыс орналасуына көңіл аудара білуге үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар:

Педагог үшін:дайын жұмыстың үлгісі,күз көрінісін бейнелейтін картиналар, гуашь,қылшықты қылқалам, су құятын ыдыс,ақ қағаз,қайшы, желім, қолорамал.

Балалар үшін:гуашь,қылшықты қылқалам,су құятын ыдыс, ақ қағаз,қайшы , желім,қолорамал.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Педагог балаларға күз және күзгі жапырақтар туралы өлеңдер оқиды. Күз мезгілінің ерекшеліктері, әсемдігі, тамаша көріністері жайында суреттер көрсете отырып, балалармен әңгімелеседі.

Қызығушылық білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Ары қарай бүгінгі сабақта аппликациялық жұмысты өң берілген қағазға жасайтындықтарын айтады. Аппликация үшін қажетті қағазға өң беруді, яғни қағаз бетін бояуды балалар өз беттерінше орындауларына да болады. Мұндай қағаздар тиімді әрі әдемі болады.

Қағазға өң берудің әртүрлі тәсілі бар.Педагог осы тәсілдерді балаларға көрсетуі керек.

Бүрку-бұл тәсілде суланған қағазға қатты қылшықты қылқаламның көмегімен өңнің түсіне қарама-қарсы түсті шашыратады.

Дымқылдау-бұл тәсілде суланған қағазға су кеуіп кетпей тұрып,бір-біріне ағып қосылатындай түрлі түсті дақтап салынады .

Құрғақ қылқалам-бұл тәсілде өң берілген қағазға қатты қылшықты қылқаламмен су қосылмай бояу салынады. Қатты қылқалам өзіне тән «жолақ» іздер қалдырады, қылқаламның қозғалысын өзгерте отырып, ирек, т.б қызықты жолақтар жасауға болады.

Педагог жұмыстың жасалу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді.

Дайындаманы 4 бөлікке бөлеміз.

Осы 4 бөлікке гуашь немесе акварель бояуларымен өң береміз.

Әр бөлікке «бүрку», «дымқылдау», «құрғақ қылқалам»тәсілдерін пайдаланып , әртүрлі өңдейміз.

Дайындалмалар кепкеннен кейін,оларға күзгі жапырақтардың суретін саламыз. Үлгіқалып ретінде нағыз жапырақтарды қолдануға болады.

Бейнеленген жапырақтарды контур сызық бойымен қиып аламыз.

Алынған жапырақтарды негізгі қағаз бетіне әдемілеп орналастырамыз.

Балалар жұмыс дәптерін ашып, жапырақтарды қию,жапсыру ретін түсіне отырып орындайды. Педагог балалардың жұмысын бақылайды. Қиналған балаларға көмек қолын созады.

Сабақ мақсатымен, жасалатын жұмыс түрімен танысады.



Керекті құрал- жабдықтарды дайындайды, түгендейді.



Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.




Аппликацияның орындалу реттілігін түсінеді.





Жұмыс реттілігі бойынша, үлгі дәптерге қарай отырып, бұйымды жасайды.


Рефлексивті – түзетушілік

Аяқталған жұмыстар тексерілді,орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктерді болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беріледі.

Өз жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:балалар ұжыммен бірігіп, композиция құрастыруды;

Нені игереді: қағазға гуашьпен ең беру тәсілін үйренеді;

Нені біледі:дұрыс желімдеуді меңгереді; қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.композицияның түс үйлесемділігіне, суреттердің дұрыс орналасуына көңіл аудара білуге үйренеді










































Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлім: Валеология

Тақырыбы: Жеке бас тазалығы

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың «Сәлеметсіңбе?» «Сау бол» деген сөздердің мағынасын ұғындыру. Дәрігер Салауатпен, Әліппе дәптермен таныстыру. Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдары туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру.

Көрнекілік: нақыл сөздер, көріністер, тақырып бойынша сюжетті суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балаларға бір бірімен амандасуға ұсыныс жасайды. Педагог балалармен Амансыңба? «Сәлеметсіңбе?» деген сөздердің мағынасы туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында балалар ертеңгілік жаттығулардың адам денсаулығы үшін маңызын айта отырып, таңертеңгі жаттығулардың түрлерін жасап көрсетеді. Адам денсаулығы үшін сақтау керек басты қағидаларды еске түсіреді.

Балалар амандасады.

Балалар ертеңгілік жаттығулардың адам денсаулығы үшін маңызын айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші дәрігер Салауаттан хат келгенін хабарлап, балаларға оқып береді.

«Ертеде бір Кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі- қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында пайда болған микробтар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроп қызды ауруға шалдықтырады.

Дәрігер қаз баланы тексеріп, оның ауруының себебін біліп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.»

Тәрбиеші балалармен ғажайып зат- сабын мен су жөнінде әңгіме жүргізеді.

Сабын мен су- нағыз достар.

Қолды күніне бірнеше рет жуу қажет.

Тәрбиеші балалардың қолдарынан ұстап, бір- біріне , содан кейін өзіне қарап күлімдеулерін сұрайды.

Күлкілерінің тамаша екендігіне, халықтың «Тіс- күлкіге сән берер» деген нақыл сөзінің мағынасына тоқталады.

Педагог жұмбақ жасырады:

Өзі аппақ маржандай,

Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс)


Ауыз бүрме қызыл қалта,

Ішінде бар отыз екі малта. (Тіс)


Жұмбақ мазмұны талқыланады.

Үлкен адамдарда отыз екі тіс бар екенін және осы тістің барлығы емес, оның алғашқылары сүт тістер екенін түсіндіреді. 10- жас шамасына дейін балалардың сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер өсетіндігін айтады.

Тісті сақтау үшін күніне екі рет тісті тазалау керек.

Тамақта үнемі көкөністер мен жемістерді қолдану керек. Мысалы, орамжапырақта тісті және қызыл етті сақтауға көмегін «С» дәрумені бар.

Ал, сендер сүт ішесіңдер ме?

Неғұрлым сүтті көп ішсеңдер, соғұрлым тіс мықты болады.

Сәбізді міндетті түрде жеу керек, себебі оның құрамында пайдалы темір, «С, В» дәрумендері өте көп.

Ал, тіспен қатты затты шағып жеу, тістеп көру тіс эмаліне зиян келтіреді. Тіс эмалі- бұл тістердің сыртқы қабаты.

Естеріңде болсын: тамақты ішіп болғаннан кейін, міндетті түрде ауызды шаю керек. Егер сендер бұл ережені орындамасаңдар, сендердің тістеріңде тіс жегі (кариес) пайда болады. Ондай жағдайда тезірек дәрігерге көріну керек.

Тіс емдейтін дәрігерді- стоматолог дейміз. Жылына екі рет стоматолог дәрігерге міндетті түрде көрсету керек.

Ойын «Жарнама» (тіс пастасы мен щеткасы)

Тәрбиеші мен балалар біріге отырып, құрастырады.

Салауаттан келген хатпен танысады.





Сабын мен су жөнінде әңгіме жүргізеді.



Балалар қолда-рынан ұстап, бір- біріне , содан кейін өзіне қарап күлімдейді.



«Тіс- күлкіге сән берер» деген нақыл сөзінің мағынасын талдайды.



Жұмбақтың шешуін табады.






Тіс тазалығы туралы мағлұматтар алады.





«С, В» дәрумендерімен танысады.




«Жарнама» (тіс пастасы мен щеткасы)

құрастырады.







Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды:

Сендердің күлкілерің әдемі болу үшін, сау, маржандай, ақ тістерің болуы керек. Ал ол үшін тісті күтуге байланысты арнайы ережелерді мұқият орындап отыру керек.

  • Тісті күніне екі рет тазалау керек.

  • Тамақтан кейін ауызды шаю керек.

  • Ыстық тамақтан соң суық нәрсе ішпеу керек.

  • Жаңғақты тіспен шақпау керек.

  • Тәттіні көп жеуге болмайды.

  • Әркімнің өзінің жеке щеткасы болу керек.


Алған білімдерін бекітеді, жинақтайды.


Балалар щеңберге жиналып, күлімдеп, бәрі бірге ғажайып сөздерді қайталап қоштасады. Сау бол! дейді.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдары туралы біледі.

Нені игереді:

Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастырады

Нені біледі: Үнемі таза жүру керектігін. Денсаулық туралы ұғымды








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
1832
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі