28.10.2025 Кіріктірілген ұйымдастырылған іс - әрекеті
Білім беру дағдылары: Физикалық , коммуникативтік, танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту , шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту ,
әлеуметтік-эмоционалды дағдылар
Ұйымдастырылған ашық ойын іс-әрекеті: Дене тәрбиесі, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, математика негіздері, мүсіндеу, музыка, қоршаған әлеммен таныстыру.
Тақырыбы: «Анамның тәтті бауырсақтары»
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақпен
таныстыру. Балалардың нан тағамдарына
деген қызығушылығын арттыру, ана еңбегін құрметтеуге үйрету, ұннан
жасалатын тағам түрлерімен таныстыру.
Қолдың
ұсақ моторикасын, тілін және ойлау қабілетін
дамыту.
Міндеттері:
-
Қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімін кеңейту
-
Балаларды бауырсақ дайындау процесімен таныстыру.
-
Дәмді тағам жасау еңбегінің маңызын түсіндіру.
-
Ұжыммен жұмыс істеуге, ана еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: тосын сәт,ойындар, сергіту сәті.
Қолданылған технологиялар: АКТ
Ресустар: Бидай масағы, ұн, қамыр, нан түрлері Суреттер: диқан, комбайн, диірмен, наубайхана, дастарқан. Бейнероликтер жасанды интеллект 'Нан қалай жасалады?'
Ұн, су, тұз, жұмыртқа,елеуіш, кеспек, қамыр илейтін ыдыс.Дөңгелек қалыптар, тақтайша
Үлгі суреттер: бауырсақ, нан, шелпек
Алжапқыштар, орамалдар
Барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі ортаңғы «Балдәурен» тобының «Анамның тәтті бауырсақтар» ашық ойын іс-әрекетін бастауға рұқсат етіңіздер.
Музыка әуенімен балалар әуен залына кіреді. Қонақтармен сәлемдеседі.
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге. (жасанды интеллект
арқылы) (сөйлеуді дамыту, көркем
әдебиет, музыка)
Тәрбиеші: --Ал, балалар бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?
Балалар:- Тамаша
Тәрбиеші: - Олай болса балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізді көңілді отырып бастайық.
Тәрбиеші: -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:-күз мезгілі
Тәрбиеші: -Бұл мезгілде ауа-райы қандай болады?
Балалар:-Суық болады
Тәрбиеші: -Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар жауаптары
(Тосын сәт: қонаққа аналарымыз келеді)
Ана:-Сәлеметсіңдер ме, балалар біз сендерге қонаққа келдік (бауырсақ алып келеді)
Балалар амандасады
Қош келдіңіздер төрлетіңіздер!
Тәрбиеші: - Балалар, бұл не ?
Балалар: - бауырсақ
Тәрбиеші:
Нан иісі аңқиды,
Дастарқан сән киіп.
Асыңды қадірле,
Бір түйір нан – киелі!
Балалар бүгін біз ұлттық тағамымыз анамның тәтті бауырсағы жайлы болмақ.
Осы бауырсақ , тәтті нандар, шелпек дастарқанымызға қалай келеді екен көрейікші (жасанды интеллект 'Нан қалай жасалады?' )
Тәрбиеші: -
Бидай егіледі
Комбайн жинайды
Диірменде ұн тартылады
Наубайшы нан пісіреді
Дүкенге жеткізіледі
Дастарқанға келеді (Сурет бойынша әңгіме)
Көрдіңдерме балалар нан дастарқанымызға келгенше қаншама адамның еңбегі бар, сол үшін біз нанның қәдірін білуіміз керек.
Сәргіту сәті:
Нан
қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға
тастаңдар
(жасанды
интеллект)
Тәрбиеші: - Балалар енді бізге аналарымыз бауырсақ илеудің жолын көрсетіп, аналарымызбен бірге бауырсақ жайып жасайық.
(Жұмыс жасағандағы қауіпсіздік ережесі туралы балаларға түсіріп айтып өту)
(Балалар топқа бөлініп бастарына қалпақ, алжапқыш тағып бауырсақтарын жаяды. Жайған қ қамыр бауырсақты аналары пісіріп береді) (аналар мектебі бойынша жұмыс жүргізледі)
(Пісірірілген бауырсақтарын қонақтарға ұсынады, балалар өздері дайындаған бауырсақтарының дәмін татып шаттанады, қуанып)
Сұрақтар
Тәрбиеші: Бүгін не туралы әңгімелестік?
Балалар: Бауырсақ туралы!
Бидайды кім өсіреді?
Ұн қайдан алынады?
Нанды кім пісіреді?
Нанды не үшін қадірлеу керек?
Қорытынды:
Бауырсақ — қазақтың қонақжайлығын, кең пейілін танытатын қасиетті тағам. Ол дастарқанның көркі, берекенің белгісі. Хош иісі мен дәмі арқылы адамдардың жүзін күлдіріп, көңілін көтереді. Сондықтан бауырсақ – халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі, ұлттық мақтанышымыз.
Балаларға мадақтама сыйлық беру
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Анамның тәтті бауырсақтары»

шағым қалдыра аласыз