Тақырыбы: Анамызды
аялайық!
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы
түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру,
аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи
алуға машықтандыру; оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық,
адамгершілік сияқты қасиеттерге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: аналар туралы қанатты
сөздер, шарлар, шиырмалар, аналар
фотосуреттері.Т.б.
Сабақтың
барысы:
Мұғалімнің
сөзі: Құрметті қонақтар, асыл
аналар, ұстаздар және қыздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Ол-аналарға
арналған “Анамызды аялайық” деп аталып отырған ашық тәрбие сағаты.
Бұл сабақ 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып
отыр.
Адам үшін ең аяулы, ең қадірлі
жан-Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ
алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын
арнайды.
Құрметті аналар және ұстаз
аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық, денсаулық,
амандық тілейміз.
Құрметтейік, о адамдар,
аналарды,
Бізді өмірге әкелген
даналарды.
Себебі Ана деген асыл жан
ғой,
Ойлауменен істелік әр
қадамды.
1-оқушы: 1910 жыл 8-наурызда Данияның астанасы
Копенгагенде болған социалистердің халықаралық ІІ конференциясында
Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні
белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда,
Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді.
Хормен: Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті
аналар!
(Сыныпқа көктем мезгілі
кіреді.)
-
Сәлеметсіздер ме? Құрметті аналар, ұстаздар,
қыздар, бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын, әр жанұяға шаттық
тілеймін!
Көктемде құстар
сайрайды,
Жерде гүлдер жайнайды.
Алақайлап балалар,
Мәз
болысып ойнайды.
(әр
оқушының аналарға арнаған тақпақтары)
1-оқушы:Анам менің –
аялаған ақ гүлім
Анам менің –
бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп
балаң жырын арнаған
Неге ғана
естімеген тәтті үнін
Анам менің –
өмірдегі тірегім
Анам менің –
кеудемдегі жүрегім
Егер менің
қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде
қалай ғана жүремін
2-оқушы:Анам маған: -
Үлкенді сыйла, - деген,
Сол сөз маған
ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден
ауысқан кішілікті,
Үлкендердің
өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған
мұра – ізеттілік,
Арымды соған
қойған күзеттіріп.
Адалдық – менің
сәби Айбарым ғой,
Маңдайынан
жүргені жүз өптіріп.
3-оқушы: Өмірімнің
қап - қараңғы түнінде,
Еш не білмес
түсім бе я өңім бе
Оң менен сол,
от пенен су айырмас,
Күшсіз, әлсіз,
есім білмес күнімде, -
Құшағыңа алдың, сүйдің сен,
анам,
Ренжу жоқ,
барлық сөзің: «Жан балам!»
Ыстық - суық,
желге - күнге тигізбей,
Асырап, сақтап,
болдың, анам, баспанам
4-оқушы: Анаңды
құрметтемесең
Анадан несін
туасың?
Адамды
құрметтемесең
Адамнан несін
туасың?
Далаңды
құрметтемесең,
Далада несін
тұрасың?
Қалаңды
құрметтемесең,
Қалада несін
тұрасың?
5-оқушы: Асыл анам, есіл
анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме
алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ
сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне
адам.
Алыс жолда
жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа
шық,
Оқытып кешеу барған
хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның
ашып?
6-оқушы: Кім
сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа
күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік
қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз
жүре-тұғын.
Кім сендерді,
балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып,
сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман
болсаң,
Камқор анаң көз жасын
көлдететін.
Хор: “АҚ
МАМАМ”
7-оқушы: Ана десем алғыс алам
халқымнан,
Ана десем теңіз болам
шалқыған.
Ана десем ашылады
қабағым,
Ана десем әділдікті
ұғамын.
8-оқушы: Сен жалықпай
жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екіетпей
Ақ сүтіңді өтермін.
9-оқушы: Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге,
Шәй қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
10-оқушы: Анаға жан
жетпейді,
Еңбегі естен кетпейді.
Балаға да анасыз
Тамағынан ас өтпейді.
11-оқушы: Анам менің, ақ
мамам,
Балапанын мақтаған.
Анам барда әр дайым
Қуанамын, шаттанам.
12-оқушы: Анашым, жан анам,
Балдан тәтті бал анам.
Үйге келсең сақтанам,
Құшақ жая қарсы алам.
13-оқушы: Анам менің панам
ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа, анашым, ертен-ақ
Отың болып жанам гой.
14-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана,
қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн
қаттың.
Ақ сүтіңмен ауызданып
есейдім,
Кең құшағың аясындай гүл
бақтың.
15-оқушы: Аналар шаңырақтың сәулетті
ғой,
Ана денен баршаның дәулеті
ғой!
Адамды адам еткен ақ сүт
беріп,
Жаңа өмірге сәбиін
жетелеген.
16-оқушы: Ана деген кім
десе,
Шуақ шашқан күн дер ем.
Сәбиі үшін ұйықтамай арпалысқан
түнменен,
Ана үні өмірде ең мейірімді үн дер
ем.
Жүргізуші: Әсем би әрбір елдің рәсімі
екен,
Өнерпаз ортамызда басым
екен.
Өнерің қуаныштан кім
аяған,
Жаңа биді сіздерге шашу
етем.
(Би биленеді)
Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не
қымбат?»
Немересі: -Әже деймін,
әже,
Сұрақ қойғым келеді
сізге.
Мен
түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат,
қалқам.
Немересі: -Адамға не
қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат,
қалқам.
Немересі :-Балаға не
қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат,
қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші
әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар
сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.Не сұрасаң да жауап
берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не
тәтті?
Әжесі: Ананың сүті
тәтті.
Немересі: -Дүниеде не
қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі
қатты.
Хор: Ана-ұстаз,
ана-дәрігер.
Ана-ғылым, ана-ақын.
Ана-өнер қайраткері.
Ана-жазушы.
Ана-қоғам қайраткері.
Жалпы би:
Ана туралы слайд фильм
көрсетіледі.