400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды аналарымызды құрметтеуге баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды»

Мақсаты: 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесін атап өту:анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге құрмет,кішіге үлгі бола білуге үйрету:оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

көрнекілігі:зал мерекеге сай әсем безендірілген,шарлар,плакат.


1-жүргізуші: Армысыздар асыл аналар,қадірлі ұстаздар,қыз-қызғалдақтар.Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көрсеткенде көктемнәң алғашқы хабаршысы болып Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік жарады. Біздің аналарымызда бәйшешектей барлық қиындыққа төзімді.

2-жүргізуші: Бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да,ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан,құрметті ұстаздар, аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «АНАСЫ БАР АДАМДАР, ЕШҚАШАН ҚАРТАЙМАЙДЫ» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады. Сіздерге арналған жыр шумақтарды қабыл алыңыздар.

1-оқушы: Саят:Мереке құтты болсын,аналарым,

Мәпелеп еркелеттің,аяладың

Өзіңе зор алғысын айта келе

Ән-жыры арналады балалардың

2-оқушы: Ұлжан: Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Балғын шақты біз бақытты балалар

3-оқушы:Нұрислам:Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.

4-оқушы:Абай:Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Ана деген қашанда асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды

5-оқушы:Рамазан:Адам бар ма ана сүтін таптаған...

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты,ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.

6-оқушы:Гүлжайна: «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.

2-жүргізуші:БЕДЕЛХАН:Дүниеде ең сұлу кім екенін білесің бе:

1-жүргізуші:Ең сұлұ, меніңше,Мақпал Исабекова,Алтынай Жорабаева,Баян Есентаева... дүниеде сұлулар көп қой,аита берсең бітпейді...

2-жүргізуші:Жоқ,сен қателесесің,дүниедегі ең сұлу-ол қазақ анасы.

1-жүргізуші:Солай ма:

2-жүргізуші:Қазақ анасы-бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ізгі адам.Қазақ анасы-бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.

1-жүргізуші:Дұрыс мен сенімен келісемін. Алайда,сен осымен не деп айтайын деп едің,:

2-жүргізуші:Мен бүгінгі аналар мерекесіне ән арнайын деп едім.

1-жургізуші:Ән орындалады:Х.Каринаның орындауында «Аяулы ана»әнін қабыл алыңыздар.Бәрекелді,жарайсың КАРИНА!

1-.Дүниеде екі ана бар .Бірі тіршілік анасы-Табиғат ана,екіншісі-адамның анасы.Екеуі де мейірімді,осы екеуіне де қаталдық көрсетуге болмайды.Келесі тыңдайтындарыңыз жыр-шумақтары.

1-оқушы:Алмат:Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың

Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,

Кең құшағын алсындай гүл бақытың

2-оқушы:Аяна:Қуаныштан нұр шашады жанарың,

Мәз боласың мерекелік сезіммен

Шаттығыңды шаттығыма баладым

Бақыт мәңгі бірге болсын өзіңмен.

3-оқушы:Нұржан:Бойымызға нәр берген, білім берген,

Жүріңізші күлімдеп жадыраумен

Өзіңізді бәріміз құттықтаймыз.

Ардақты арулардың күніменен!

4-оқушы: Ләззат:Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі аналардан жаралар

Жүрегіңнің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма,аналар:!

5-оқушы:Нұрсұлтан:Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана,

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бірақ нәрсе –Отан ғана.

6-оқушы:Болат:Құрмет тұтып халқымыздың бар қызын

Аналарға арналатын ақ ән.

Құтты болсын сегізінші наурызың

Көңіліңді бір көтеріп тастаған.

1-жүргізуші:Өмірге ана –бұлақ,ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана

Тудырған талай көсем,талай шешен,

Талай ер,талай ақын,талай дана.

2-жүргізуші:Ойламас адамзатқа еш жаманат,

Өзгеге көрсетері-тек шапаға

Ананың жүрегінен орын алған.

Ізгілік,мейірбандық,ақ махаббат

Дей келе көрінісімізді тамашалаңыздар:

1-жүргізуші: «Күнім жаным» дегенді

2-жүргізуші; «Құлыншағым»дегенді

1-жүргізуші: «Ботақаным» дегенді

2-жүргізуші: «Қошақаным»дегенді

1-жүргізуші: «Айналайын»дегенді. «Толған айым» дегенді толғана отырып айтатын кім?

2-жүргізуші:Әрине,ана.

1-жүргізуші:Туғаннан құлыным деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған!

Дүние көрікті ғой,аналармен

Онсыз бір бұлбұл құста сайрамаған

дей отырып «АНАШЫМ» әнімді анама арнаймын қабыл алыңыздар.Ж.Беделханның орындауында «АНАШЫМ»әнін қабыл алыңыздар: жарайсың Беделхан.

2-жүргізуші:Ана деген-бәйтерегі өмірдің,ана деген алтын қазық,алтын бақ.дей отыра аналарымызға арналған жыр шумақтарды қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Кім ұгады оқушының тілегін,

Кім ұғады оқушының жүрегін!

Ұғатын кім үйден аттап шыққансоң.

Ұғатын ол ұстаздар деп білемін.

2-жүргізуші:Анамыздай аялаған,баптаған,

Ұстаздарым ізгілікке бастаған

Еңбекпенен жана берсін бағыңыз,

Сіздерге бізден мың алғыс

дей келе келесі әнімізді өздеріңізге арнаймыз Қ.Сусананың орындауында « Әйел бақыты » әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Құрметті асыл аналар,әжелер,ұстаздар мектебеіміздің қырмызы қыздары!Көктемнің осы мерейлі мерекесінің шуағы мен жылуы сіздердің жүректеріңізді әрдайым жылыта берсін!Барлықтарыңызға зор денсаулық,еңбектеріңізге табыс, мерекелік көңіл күй тілейміз.

2-жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын.

Көңіл күйлеріңіз гүл жайнап,

Өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын!

8-наурыз мерекесіне арналған 6 «В»сыныбының «АНАСЫ БАР АДАМДАР, ЕШҚАШАН ҚАРТАЙМАЙДЫ» атты тәрбие сағатымыз аяқталды! Хош сау болыңыздар.



«№5 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Анасы бар адамдар, ешқашан

қартаймайды...»













Сынып жетекшісі: Досубекова Алия


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі