Материалдар / Анашым -алтыным
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Анашым -алтыным

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.Ана тураоы түсінік қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2023
294
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДЖЕНТЛЬМЕН – ШОУ

(ересек топ)


Залға шляпа киген 1 ұл мен жүргізуші кіреді, сахнаның ортасында тұра қалып бір-бірімен әңгімелеседі

Жүргізуші: Кешіріңіз, мырза, сіз білмейсіз бе бүгінгі Мереке не себепте?

Бала:  Менімше, балабақшада бүгін Аналар күнін тойламақшы.

Жүргізуші: Ааа, олай болса екеуміз барша аналарды мерекелерімен шын жүректен құттықтайық!

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекелеріңізбен.

Армысыз мейірімді аналар,

Мейірбан ашық көңіл даналар.

Гүл көктем алғашқы мейрамымен

Құттықтайды Сіздерді балаларың

Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!


Бала:  Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!

Жүргізуші:  Сол себепте – халықтың жиналғаны,

Бала:  Олай болса ЖІГІТТЕР Шоу бағдарламаны бастап жиберейік!

Музыка ойналып, ортаға ұлдар бір қатармен тұрады.

1-бала:  Балабақшада жүгіріс пен жанталас

Жүргізуші: -Ау балалар, бәрің қандай керемет сұлу жігіт болып кеткенсіңдер, ал қыздарың қайда.

2-бала: Ал біздің Ханшайымдар қайда екен?

3-бала: Ұлдар қыздарды тосуда?

4-бала: Бәрі түсінікті! Олар әдеміленіп жатқан шығар.

1-бала: Құрметті асыл Аналар, қадірлі Ханымдар!

Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!

2-бала:   Арулар асыл жандар,

Шуақ боп шашылғандар

Ақ маңдай, ашық жүзді,

Әдемі қыздарымызды әдемі әнмен ортаға шақырайық.


Алиханның орындауында «Қыздар қыздар ару қыздар» әні орындалады

Ән ойналады залға қыздар билеп шығады.

3-бала:  Міне, бәріміз жиналып қалдық. Енді мерекелік Шоу бастауға болады. (қыздарға қарап). Біздің сүйікті ханшайымдар, Сіздерге сөз!

5-бала:  Армысыздар  аяулы аналар!
Армысыздар мейірімді әжелер!
Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар!
Ана десем  сезім билер тым ыстық,
                  Жарасады адамдарға туыстық.
                   Бар адамға берсе ананың мейірімін,
                   Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Бәрі бірге: 8-наурыз мерекесі құтты болсын!


6-бала: Қымбатты Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған

Гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Бәйшешек гүл ашады,

Мұздар сайға қашады.

Суға толып өзен көл,

Кемерінен асады.


7-бала: Бәйшешектен білеміз

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз, күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.


8-бала: Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де, гүлде аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық!


9-бала: Ана деген асыл жан

Мөлдіреп аққан бұлағын

Ана деген асыл жан

Мойына таққан тұмарың

10-бала: Ана деген асыл жан

Жарқырап жаңған шырағың

Ана деген асыл жан

Ұшып келіп қонар тұрағың


11-бала: Құтты болсын анашым

Құтты болсын мерекең

Әр кез саған тілеймін

Ұзақ өмір жолдарын.


12-бала: Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін де,сәбилеріңіз біздер үшін де ерекше күн болмақ,барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз демалыс кешіміз

Бәрі бірге: Сіздерге арналады.

Ән «Анам-әжем»


Жүргізуші:  Мырза, сіз білмейсіз бе бүгінгі Мерекеге бердеңе жетіспей тұрған сияқты?

Бала:  Я, біздің қыздар бағанадан бері көктем туралы тақпақтар айты. Ендеше бізге көктем ханшайымы жетіспей тұр.

Жүргізуші:  Ортаға көктем ханшайымын шақырайық. (осы кезде көктем кіреді)

Жүргізуші: Көктем, көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Көктемді қарсы аламыз

Музыка әуенімен Көктем кіреді

Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен көктем аруымын .

Ән: « Көктем» үш тілде

Әзіл ән «Анамыздың мейрамы» ұлдардың орындауында

Бәрі: Анамыздың мейрамы,

Не істеу керек білмейміз.

Қалай көңілін тапсақ деп,

Түнде көзді ілмейміз.


1-бала: Сам почистить раз в году

Я решил сковороду.

Но потом четыре дня

Не могли отмыть меня.


2-бала: Қыз болсам ғой қиналмай,

Кірін жуып берер ем.

Шәй қайнатып,бала ойнатып

Үйін жинап жүрер ем.


3-бала: В кухне веник я нашел

И квартиру всю подмел.

Но остались от него

Три соломинки всего!


4-бала: Епті емес мен дағы,

Еден жуа салмаймын.

Екі-үшеуін сындырмай

Ыдыс жуа алмаймын.


5-бала: С мамой за руку хожу

Маму крепко я держу

Чтобы мама не боялась

Чтоб она не потерялось

Бәрі: Қайдан біле берейік,

Көп тірліктің жайын біз.

Қандай жұмыс болса да,

«Ана» үшін дайынбыз.

Ойын «Ана мен бала»

Шарты: Ортаға 3 ана шығады. 3 ұл шығады.Ұлдар аналарына жақсы жылы сөздер айтып жету керек.

Би: «Қызыл телпек»

Көктем: Жарайсыңдар! Өнерлі екенсіңдер! Менің кететін уақытым болды. Басқада балабақшаларға барып балалардың өнерін тамашалайын. – Мен құр қол келмедім, өзімнің сиымды ала келдім. Мына гүлдерімді сендерге сыйлаймын, жұпар исін сезінсін деп сендерге қалдырамын.


Жүргізуші:  Мырза, сіз білесізбе әкеміз бен анамыздың аналары бізге кім болып келетінін?

Бала:  ия, білемін тойға барса қалтасын тәттіге толтырып келетін сүйікті ақ жаулықты әжеміз.

Жүргізуші: Ақ жаулықты әжелерімізге арнап өлең жырларымызды айтып берейік.


13-бала: Әжем менің ақ әжем

Аппақ әжем, пәк әжем

Басқалардай емессіз

Сүйкімдісіз ақ әжем


14-бала: Әжетайым, әжетай

Сені жақсы көремін

Саған өлең тақпақтар

Жатқа айтып беремін

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді

15-бала: Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем күн әжем

Апам үшін мен үшін

Нағыз ана –тіл әжем


Жүргізуші: Мырза, сіз бірдеңе ойланып тұрған сияқтысыз?

Бала:  Ия. Мен сүйікті әжеме не сыйлайтынымды таппай жүрмін.

Жүргізуші: Бірнеше әдемі ән сыйлайық ендеше.

Асыл әжем мақтанышым менің де,

Қонақ болып, міне отыр төрімде

Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен

Ән салатын кезім келді менің де.


Қыздарымыздың орындауында әнді қабыл алыңыздар

Ән: « Менің әжем» орысша


Ойын «Гүл сыйлау»

Шарты: 5 қыз 5 ұл ортаға шығады. Әуенмен билеп жүреді. Әуен тоқтаған ұлдар қыздарына гүл сыйлау керек.

Баланың қолында глобус шығады

Жүргізуші:  Алдияр, сіздің қолыңыздағы не?

Бала: Бұл глобус, жер шары. Өскенде мен әнші боламын, бүкіл әлемді аралап, түрлі мемлекеттерге барсам деп армандаймын

Жүргізуші: Сенің арманыңның орындалатынына сенімдімін. Әрі қарай ән тыңдайық.

Жеке ән «Сенің анаң алтын, менің анам алтын».


Жүргізуші: Мырза, сіз қалай ойлайсыз, біздің ханшайымдар сыйлыққа не алғысы келеді?

Бала:  Әрине, Барби құыршағын.

Жүргізуші: Жоқ! Қателесесіз, сэр! Кәнеки, қараңыз!

Қыздар аналардын туфлиларын киіп тұрады.

Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары.


Жүргізуші: Батыр ұлдарымыздың биын қабыл алыңыздар.

Би «Батырлар»


Жүргізуші: Құрметтейік балалар аналарды
                       Бізді өмірге әкелген даналарды
                      Себебі ана деген асыл жан ғой
                       Ойлауменен істелік әр қадамды.
Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!


ӘН: «Анашым, Ана жаным» папури


Қымбатты балалар, сүйікті аналар, әжелер, құрметті ұстаздар, Мерекелеріңіз құтты болсын! Өмір сыйлаған сәбилеріңіз сіздерге тек қуаныш пен шаттық сыйласын.

Міне осымен бүгінгі сіздерге арналған «Жігіттер шоу» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяақталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!