Тақырыбы:
«Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір
шуағы»
Мақсаты: Анаға
деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай
білуге, балалар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту,
адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге
тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:
Көктем аруы,
Ара,Шегіртке,Көбелек,
(Құралай,Жұлдыз,Гулназ,Отаровна)
Безендірілген
әдемі залға екі жігіт келеді.
Ескендір:
Ана дейміз біріміз де
аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де
жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі
өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын
бақ.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қымбатты
аналар, әжелер, ұстаздар бүгін көктемнің алғашқы
мерекесі 8 Наурыз құтты
болсын!
Аңсар:
Той пердесін
ашайық
Тойға шашу
шашайық
Аналарды
құрметтеп
Ән маржанын
ашайық. Ендеше
ортамызға айдай сұлу апайымыз Ляззат Нұрланқызын қарсалыңыздар
.
Жүргізуші:
Біз ғана емес,
қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған
небір даналар.
Ана деген
тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,
қасиетті аналар! Бұл тойды тойлап жатыр барша халық Аналар күні
бүгін халықаралық. Жарыққа бізді әкелген аналарды Бүгінгі мерекемен
құтықтайық. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Ата-аналар, әжелер, ұстаздар, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8
Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош
келдіңіздер! Ендеше ортамызға сері жігіттерімізді
шақырайық.
Кіру: (Ән айтылып жатқанда жігіттер
кіреді.)
Бүгінгі
сіздерге арналған ән шашуымызды қабыл
алыңыздар.
Ән: «Анажан» Ескендір,
Алимжан. Қайырмасына ұлдар.
Құтты болсын осы шаттық
күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл
өмірде күліп қана жүріңіз дей отыра ортада ортаға күлімдеген ару
қыздарымызды қарсалыңыздар. (Әдемі әуенмен қыздар билеп
келеді)
Бала, бала,
бала деп,
Түнде шошып
оянған
Түн үйқысын
төрт бөліп,
Түнде бесік
таянған.
Қаймақты сүттей
қалқытқан
Суық болса
жөргегі
Қорғасындай
балқытқан
Айналасына ас
қойып,
Өзенді көлдей
шалқытқан.
Қолын қатты
тигізбей,
Иісін жүпар
аңқытқан
Бұл
кім?
Балалар:
Ана, ана, ана!
Дұрыс айтасыңдар балалар, Балалар айтыңдаршы
біз бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз? Балалар: Аналар
мерекесін. Ендеше жақсы көңіл күймен ертеңгілігімізді
бастаймыз.
Сахналық көрініс: «Көктем
келеді»
(Дауылдың дыбысы естіледі залға Қар мен бұлт Күн
келеді:)
(Қар-Ескендір, Күн-Асылым, Бұлт-Амирхан Көктем
-Жулдыз)
Қар: Қар жауып суық болып тұрған қандай жақсы еді!
Менің ақ көрпемнің астында бәрі бәрі ұйықтап жатыр. Көктем келмесе
екен!
Бұлт:
Дұрыс айтасың! Бірақ күннің көзі шыққысы келіп
тұр, біз оны жасырып қойайық!
(Бұлт пен Қар жауып
тастайды.)
(Залға жеңіл музикамен Көктем кіреді,қолына
гүлдері бар)
Көктем:
Бұл не? Неге айнала суық? Аналарымыздың мерекесі
келдіғой! Жылыту керек!
Көктем Күнге
бұрылып:
Күн,оян! Жылы сәуленді
шаш!
(Күн шығып,жарық түсе
бастайды)
Күн:
Рахмет,Көктем! Мен жылуымды шашамын!Қарлар
еріп,жәндіктер оянады.
(Қар баяу жерде отырып
қалады)
Қар:
Ой,мен еріп барамын.... Енді демалып,келесі қысқа
дейін күтемін....(Қар кетеді.ал Жәндіктер шығып билей
бастайды)
Жүргізуші:
Балалар,
айналаға көз салайықшы. Көктем күн шуағын төгіп тұр. Көктемгі
күннің шуағынан гүлдер қауызын ашып, жадырап, жарқырайды.Айнала
толған қызыл—жасыл гүлдер. Біз гүл бағына келген сияқтымыз.Ендеше
ортамыздағы Көктем ханшайымына сөз
берейік.
Көктем
Ханшайымы.
Көктем сөзі.
Мен көңілді
көктеммін,
Былтыр келіп
кеткенмін.
Көзін ашып
бұлақтың,
Басына тал
еккенмін.
Шуағын төгіп
әлемге
Жылуын күннің
әкелем! Мен көңілді
көктеммін,
Былтырда келіп
кеткенмін
Құшағым гүлге толсын
деп
Нөсерімді
төгемін.
Жүргізуші:Ару көктем, қош келдің, төрге шық. Сенің
көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең
байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған
ризамыз. Көктем ханшайымы,
менің достарым төрлетіңдер.
Жүргізуші: Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше
көңілді. Себебі олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға
тартпақшы.
Бәрімізге
анасың, Біз үшін күн боп жанасың. Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым! Дей отыра аналарға арналған ән шашуымызды
қарсы алыңыздар.
Ән
«Ата-Әже» Орындайтын
Ару қыздарымыз Айя
Сабина
Бүгін наурыздің
8
Сүлулықтың
негізі
Әдемі сөз
баланың
Анаға айтар
лебізі.
Тақпақтар: Балназым
,Айсұлтан,Айсұлтан,Әмина,Айкөркем, Медина
.
Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан
Медина
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
Балназым
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Айсұлтан Ж
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
Әмина
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Айкөркем
Мен
анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін Айсултан Б
Би:
«Қыздар,жігіттер»
Әнуар.Той
пердесін ашайық
Тойға шашу
шашайық
Аналарды
құрметтеп
Ән маржанын
ашайық.
Ән: «Папури»
Орындайтын: Әнуар, Ескендір,
Айсұлтан.
Ана біздің күніміз
Ана біздің
гүліміз
Аналардан
тарайды
Біздің ана тіліміз.
Тақпақтар: Інжу
Маржан,Медина,Хан,Амирхан.
Шашымды өріп
тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Інжу
Маржан
Айналайын анашым,
әлпештеген
баласын,
Еміп өскен
бөбекпіз,
анамыздың мамасын.
Асылым
Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген
баласын,
айналайын анашым.
Хан
Анам, анам, ақ
анам
Мен өзіңдей ақ
балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда
барамын.
Амирхан
Би Флешмок
Ұлдар
Көрініс :
«Аналар күнінде» Анасы барлық
жұмыс жасайды, үй жинайды,тамақ жасайды,нәски жуады,киім
үтіктейді,күйеуін жұмысқа жібереді. Аналардың мерекесінде ұлдары
келіп құтықтайды, аналарына көмектеседі. Мереке біткенде барлығын
өзі қайтадан жасайды. Сонда аналар Бір ақ күн демалады, Аналарға
үнемі көмектесіп жүрейік.
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі
Қол соғып демеу берер
көрермендер
Би Флешмок
Ұлдар
Ән «Анашым
Ана Жаным» Орындайтын Ару қыздар Асылым
және
Медина
Тақпақтар:
Арлан,Байкен,Альтайр,Сәнді,Бейбарыс.
Ақ мамамды
әрқашан,
Сағынамын,
сыйлаймын.
Мейрам сайын мен
оған,
Түрлі сыйлық
сыйлаймын.
Бейбарыс
Анам менің
сүйіктім
Тек өзіңе
табынам
Қасымда жүрсең
биікпін
Алыстасаң
сағынам
Арлан
Әр сөзіңді
жаттаған
Жүрегіңде
сақтаған
Анашым деп
мақтанам
Айналайын ақ
мамам
Байкен
Ана
пана,
Ана
дана.
Өмірді
әкелетін,
Ана
ғана!!!
Сәнді
Жарқын жузді
жан анам
сендей болсын
бар адам
сендей болса
бар адам
шаттык кетпес
баладан
Альтайр
Ойын: «Кім жылдам»
Аналармен Шарты:
Бас,құлақ,мұрын,ауыз,қол,аяқ,бас ,шокалат.кім алады сол жеңіске
жетеді.
Би:
«Гүлдер»
Ән: «Әже»
Бейбарыс
Сезім
Тақпақтар:
Мұхамеджан,Айя,Алімжан,Меруерт,Ахмат.
Бізге қарап елжіреп,
...
Сүйсе беттен күнім
деп,
Құшақ ашса келші
деп,
Жүгіреміз
күлімдеп.
Алимжан
Аналарды
сүйеміз
Сөзін ойға
түйеміз
Әжені де
ардақтап
Әдеппен
басиеміз
Айя
Бөбегіңнің
сыйлығын
Қабыл алшы
анашым
Ұзақ өмір жүз
жасап
Ауырмашы
анашым
Мұхаммеджан
Жанымызды
жайнатқан
Сіздер ғой ол
аналар
Зор денсаулық мол
бақыт
Тілейміз біз
балалар
Ахмат
Өзің мені
өсірген
Айналайын ақ
әжем
Тентек болсам
кешірген
Ауырмашы ,ай
әжем
Меруерт
Жүргізуші: Бұл
Аналарға арнайы жасалған сыйлық.
Күндеріңіз толсын гүлге,
желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен
сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі
мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп
тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Ән: «Сенің Анаң Алтын»
Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа
қайтады.
«Білім компаниясы «Еламан»
ЖШС
«Қарлығаш» балабақшасы
«Бекітемін» _____________
Байдильдаева А.К.
«Ана-гүл,ана-жыр,ана-өмір
шуағы»
Ертеңгілігі.
Мектепалды «Балауса»
тобы.
Тәрбиеші: Алханова Л.Н.
Қаскелең-
2025
жыл.
Регламент.
«Балауса»
тобы.
-
Ескендір, Аңсар 2
мин
-
Тәрбиеші кіруі, Құтықтау 1
мин
-
Ұлдар кіруі. Миллион әнімен. 2
мин
-
Хор Ән. «Ана» Барлық ұлдар 3
мин
-
Қыздар кіруі. 5-қыздан бөлініп
кіру Чики-чики әнімен. 4 мин
-
Қар,Бұлт,Күн кіреді. Әуенмен 2
мин
-
Көктем келеді. Әдемі әуенмен 2
мин
-
Ән «Ата Әже» Айя Сабина 3
мин
-
Тақпақтар. 3
мин
-
Би «Ұлдар,қыздар» 3
мин
-
Көрініс 5
мин
-
Тақпақтар 2
мин
-
Би «Гүлдер 3
мин
-
Ойын 4
мин
-
Ән Папури «Аяулы анашым»
Әнуар,Ескендір,Айсұлтан. 3
мин
-
Тақпақтар 2
мин
-
Би «Флешмоб» Ұлдар 3
мин
-
Ән «Анажаным» Медина Асылым 3
мин
-
Ойын «Кім жылдам» 3
мин
-
Тақпақтар 2
мин
-
Ән «Ата Әже» Бейбарыс Сезім 3
мин
Общ-50
мин.
Тәрбиеші: Алханова
Л.Н