Анашым ардақтым!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Анашым ардақтым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Анашым ардақтым ! Музыка әуенімен балалар залға кіреді. Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.                       Аналардан туған небір даналар.                       Ана деген тіршіліктің тірегі,                       Армысыздар,қасиетті аналар! Құрметті аналар,әжелер,қонақтар!8 наурыз халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!Аспанымыз ашық,жүздеріңіз жарқын болсын!
Материалдың қысқаша нұсқасы



Анашым ардақтым !

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
                      Аналардан туған небір даналар.
                      Ана деген тіршіліктің тірегі,
                      Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті аналар,әжелер,қонақтар!8 наурыз халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!Аспанымыз ашық,жүздеріңіз жарқын болсын!

Балаларыңыздың жүрегінен шыққан ән-билерін қабыл алыңыздар.

Ән:Мама сен бақыттысың!

Тақпақтар.

Ғазиз. Құтты болсын ақ мамам

Сегізінші наурызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансың жарық жұлдызың.

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл қызың.

Аруна. Ақ мамамды әрқашан

Сағынамын сыйлаймын

Мейрам сайын мен оған

Түрлі сыйлық сыйлаймын

Жанарыс . Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі

Керемет қой керемет.

Нұргул. Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де

Арналады саған бәрі де.

Алдияр. Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Мариям. Әр сөзіңді жаттаған ,

Жүрегінде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Жүргізуші: Балалар, біздің мейрамымыз жылдың қай мезгілінде болып жатыр?

-Көктем мезгілі.Әуен ойналып ортаға

/Күн мен көктем келеді./

Жүргізуші: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық

Өмірдің көктемі де, гүлі де-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

Көктем : Сәлеметсіздер ме, балалар: Мен өзіммен бірге күннің

шуағын да алып келдім.Күн жылынды,қар ери бастады,

жылғалардан су аға бастады.

Күн: Менің шуағыма жылынбайтын,нұрыма шомылмайтын

ешкім жоқ.Шуағымды төксем бәрі жанданады.

Олай болса , шуағым менің шашыл, қыздарым мен

ұлдарым гүл болып ашыл.

Би : «Вальс»

Ән: «Көбелектер мен гүлдер»

Ойын: «Анама гүл ұсынам»

Жүргізуші: Әже дейміз , бәрімізде аңқылдап,

Әже дейді жас сәбиде жарқылдап,

Әже – деген бәйтерегі өмірдің,

Әже – деген алтын қазық, алтын бақ.

Тақпақтар

Ақниет. Менің әжем гүл әжем

Алтын әжем күн әжем.

Анам үшін,мен үшін

Нағыз ана тілі әжем.

Рақым . Аппақ мамам,ақ мамам.

Ақ мамам деп мақтанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп,

«Бөпешім деп жатпаған»

Сұлтан. Ана біздің күніміз.

Ана біздің гүліміз.

Аналардан тарайды.

Біздің ана тіліміз.

Даяна . Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап ,

Басымды оған иемін.

Әлімхан. Көктем келді шуақты

Балаларды қуантты,

Алақай-ау,алақай

Құстар сайрап,гүл атты.

Шаh. Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!

Ән : «Менің әжем осындай»

Тақпақтар.

Мансұр. Бүгінгі көктем күнінде

Барлық адам қуанар

Аналарды мейраммен

Құттықтайды балалар.

Фариза. Айтсаң болды тіл алам

Әйбат анам әй анам,

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қашанда.

Мират. Апатайым анашым,

Ақылы мол данасың

Қамқоршысы баланың,

Гүлі сенсің әр үйдің.

Амина . Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған.

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам.

Жангир. Болсын дейді балалар

Бақытты өмір,береке

Әжелер мен аналар

Құтты болсын мереке.

Анар. Бәріңізде анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

Ән: «Қуыршағым» Ақниет.

Әзиз. Ақ жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімің таусылмас

Күн нұрына теңедім

Бану. Көктем келді жадырап

Күн нұрымен таласып

Жайнай берші жарқырап

Жаны жайсаң аналар.

Айбын. Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі

Ауырмасын ешқашан

Анамыздың жүрегі.

Көзайым. Қызықтап әр сөзімді

Жүрегінде сақтаған

Сабырлы да төзімді

Анашыммен мақтанам.

Ерхан. Әжем менің әйбат,

Ешкім оған жетпейді

Күні бойы бірге ойнап,

Жанымнан бір кетпейді.

Би: «Ара биі»

Ойын: «Анамның даусы»

Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

/Балалар гүл шоқтарын,сыйлықтарын аналарыны,апайларға,қыздарға сыйлайды./

Ән: «Кішкентай көмекші»








  • Shape1

    7

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2024
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі