Материалдар / «Анашым асыл қазынам»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Анашым асыл қазынам»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана жайлы тамаша сөздер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Авторы: Алимкулова Замира Жумабековна

Түркістан облысы, Шымкент қаласы

24 «Алма» бөбекжай-бақшасы МКҚК, музыка жетекшісі


«Анашым асыл қазынам»

Shape1


1Бала: Құрметті аналар, әжелер! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ашық аспан, көктемдей көңіл тілейміз.

2БалаТой пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Жырдан шашу шашайық

 3Бала: 

Ана дейміз біріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

 Жүргізуші: Ұлдар, бүгін аналардың, әжелердің, біздің сұлу да сылқым, көркем қыздарымыздың да мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой?

4Бала:Тоқтаңдар тоқтаңдар Ал ендеше біздің қыздар қайда?

5Бала: Қазір біздің қыздар келеді.

6Бала: Қыздарды ерек ше етіп қарсалсақ қалай болады?

7Бала: Онда әнмен қарсы алайық

8 Бала:Әне, қыздар да келе жатыр!

9Бала:Маестра музыка (деп айқайлайды)


Бірге: Қыздарды қарсы алайық!

(Музыка әуені естімен қыздар залға кіреді



Ұлдардың орындауында ән

«Қыздар –ай»

Жүргізуші. Құрметті ақ жаулықты әжелер, аналар, балабақша ұжымы, сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күнімен құттықтаймыз. Көктемдей құлпырып, гүлдей  жайнап гүлдей құлпырып жүре беріңіздер.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын

Өтсін солай әрбір күнің әр айың.

Мейірімді сымбатты

Қадірменді қымбатты

Ең жақын жан балаға

Кім дейсіңдер         Ол АНА ( бәрі)

Жүршізуші:Балалар барлығымыз аналарымызға арналған әнімізді айтып берейік.

«Апатайым»хор

Әуенмен Бұзақы бала Тимур келеді

Тимур:О барлықтарың әдеміленіп қайда шықтыңдар?Не жиын болып жатыр?

Маған айтпай өздерің Ескертпедіңдер гой жігіттер(Ұлдарға тиіседі)

Жүргізуші:Қош келдің Тимур Сен неге сонша дөрекі сөйлейсің?

Бүгін аналарымыздың мерекесі.Сен анаңды құттықтадың ба ?

Тимур:Жоқ мені анам үйден қуып жеберді. Мен мереке дегенді білмеймін.

Жүргізуші:Тимур сен ақылға кел.Ана деген бәйтерегі өмірдің ,ана деген алтын қазық алтын бақ деп ата бабамыз жырлағандай Аналарымыз еш уақытта қатігез болмайды.

Сен келіп отыр ойлан әрі балаларымыздың өнерін көр ақылға кел.

Тимур :Жарайды шамалы ғана уақытым бар отырайын. Бірақ менің жүрегім жібімейді.-деп төрге отырады.

Аналарымызға арналған өлең шумақтар


Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Анашымның жүрегі

Мейірімді ғой керемет

 

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі

Сенен өскен балалар

Батырлар  мен даналар

Құттықтаймын мерекемен

Құрметті аналар

 


Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де, ардақтап

Әдеппен бас иеміз

 

О алақай балалар

Шақырады далалар

Көктем келді гүл алып

Құстар келді, жыр алып

                           

Бәрімізге анамыз

Біз үшін күн боп жанасыз

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым


Жүргізуші: Сіздерге арналған мына бір тамаша биді қабылдаңыздар.

Би: «Отбасы»

Жүргізуші:Балаларымыздың орындауында ән.

«Қарлығаш»хор

Жүргізуші:Тимур сен кел біздің балалар мен ойын ойна

Ойын: «Кім жылдам»

Тақпақтар:


Бүгінгі көктем күнінде, 
Барлық адам қуанар, 
Аналарды мейраммен 
Құттықтайды балалар. 

«Жаным» дейсің мені, 
Жаратушым – бір сен. 
Жалғыз өзің, тегі, 
Жанашырым білсең, 
Айналайын ана! 
 
Жамандықтан сақтандырып, 
Жақсы ісімді мақтан қылып 
Мәпелеген ақ мамамды 
Жүрсем деймін шаттандырып. 

Ананың біз гүліміз, 
Ана біздің күніміз. 
Ұландарды қуантып, 
Ұзақ өмір сүріңіз. 

Ойын: анамызға телефон шалу

( Анамызды ұялы телефон арқылы құттықтау)

Тимур :Жылайды.

Жүргізуші:Саған не болды? Тимуржан?

Тимур:Мен өте жаман бала болдым. Анама сөз қайтардым, тыңдамадым

Мен көп қате жасадым Анам мені кешірмейді.

Жүргізуші :Жоқ аналар өз баласын кешірмеуші меді.Олай деме

Аналар әрдайым баласына жақсылық тілейді.Жаман болсын демейді ғой. Сен анаңнан кешірім сұра.

Тимур :Рахмет достарым Мен бәрін түсіндім.

Сендер өте керемет жан екенсіңдер.Қой мен үйіме барып анамнан кешірім сұрап анама қамқор болайын.

Сау болыңдар (деп шығып кетеді)

Жүргізуші:Мінекей балалар Тимурда өз қатесін түсініп анасына кетті.

Би: «Сүйкімді топ қыздары» жұп ұл-қыздар

Ойын:Музыкалық аспап

Ән: Әсемай «Менің әжем дана»

Орыс тілдегі тақпақтар

Я сегодня нарисую
Праздничный букет,
Подарю его мамуле
И скажу: «Привет!

Для тебя я приготовил
Маленький стишок:
Будь красивой и счастливой!
Твой родной сынок».

Солнышко, для мамы
Радостно свети!
В день 8 Марта
Счастье подари!

Я поздравлю мамочку,
Подарю цветочки,
Потому, что мамочка
Любит свою дочку.

Помогу с игрушками,
Наведу порядок.
Будет моя мамочка
В праздник очень рада!

Подарю я маме
Праздничный букет,
Для меня прекрасней
Моей мамы нет!

«До чего у бабушки вкусные оладушки»

Жүргізуші: Осымен музыкалық тақырыптық іс-шарамыз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу , ең мейрімді , ең қымбатты адам ол сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық.



 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!