Материалдар / Анашым-жан шуағым! сыныптан тыс жұмыс.3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Анашым-жан шуағым! сыныптан тыс жұмыс.3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға аналар мерекесінің тарихын меңгерту; Оқушылардың бойына анаға деген сүйіспеншілігін, махабатын ояту: Оқушыларды ананы құрметтеуге, ардақтауға, сыйлауға тәрбиелеу:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
475
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Анашым-жан шуағым!

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға аналар мерекесінің тарихын меңгерту;

Оқушылардың бойына анаға деген сүйіспеншілігін, махабатын ояту:

Оқушыларды ананы құрметтеуге, ардақтауға, сыйлауға тәрбиелеу:

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер жазылған шарлар, оқушылар шығармашылығынан галерия,

Барысы:

«Анаңды сыйла» видиоролигімен бастау.

Мұғалім сөзі:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық,

Өмірдің көктемі де гүл- аналар

Ана деп бас иеді күллі халық

Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!

Қош келдіңіздер! Асыл әжелер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар!Көктемнің шуақты күнімен қатар келген төл мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерді арнайы қонақ етіп шақыру мақсатымыз балаларыңыздың сіздерге деген зор махабатын, сүйіспеншілігін, ілтипаты мен шексіз алғысын мерекеде өз өнерлерімен шама шарқы жеткенше көрсету.

Сіздердің қошеметтеріңізбен балапандарымызды ортаға шақырайық.(ақ мамам әні ойналып тұрады)

Балалар, аналар мерекесі қай кезден бері тойланып келеді, білесіңдер ме?

Ендеше осы мерекенің шығу тарихы туралы экранға назар аударып, тыңдап мағлұмат алып алайық.

Аналар мерекесі қай жылдан бері тойлануда екен?

Халықаралық әйелдер мерекесі аталу себебі неде екен?

Ендеше бізде өз елімізде, өз сыныбымызда, өз анааларымызды құттықтауды бастайық!

Алдымен кімді құттықтаймыз?

Әбдірахман: әрине әжелерімізді құттықтаймыз.

Неге әжеден?

Оқушылар:Егер әжелеріміз болмаса аналарымыз да,әкелеріміз де болмас еді ғой

М: Әрине балалар,олай болса әжелеріңе қандай құрметтерің бар?

Жүргізуші

Әжелерді ардақтап

Қуантатын күн бүгін

Жүргізуші:

Мейрамымен құттықтап

Ән салатын күн бүгін

Жүргізуші

Ата-анамызға жарық дүние сыйлағаныңыз үшін

Жүргізуші:

Бақытты етіп өсіргеніңіз үшін

Жүргізуші

Бізді балаңыздан да қатты жақсы көретініңіз үшін

Хормен: рахмет рахмет сізге әжетай!

Зарина:

Әжетай нұрға толсын жүзіңіз

Қуаныңыз,шаттаныңыз,күліңіз

Тіршіліктің қызығына бөленіп

Аман –есен ортамызда жүріңіз

Думан:

Әже деген көп шығар

Әжемдейін жоқ бірақ

Мейірімді ол кісі

Қандай әсем күлкісі

Дамир:

Әжем менің бұл әжем

Айтқан сөзі бал әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем

Жүргізуші:

Иә, ақ кимешегі ай жүзіне жарасқан қазыналы әжелерімізге айтар тілегіміз сансыз десек те болады.Кезінде әжелерімізде біз секілді тұлымшағы желбіреген қыз болған, ана болған.

Жүргізуші:

Достым, қалай ойлайсың дүниеде қанша ана бар?

Жүргізуші:

Меніңше төрт ана бар.Жер ана, табиғат ана,ұстаз ана және адамзаттың анасы

Міне, жер анамызға көктем келіп табиғат анамызды құлпыртып жатқан жоқпа. Бізде осындай құлпырған күнде ән жырымызды арнап аналарымыздың көңілдерін құлпыртайық.

Жүргізуші:

Қызғалдақ қыздарыңыздың «Анашым анажаным» биін қабыл алыңыздар.

(Жаннұр,Айназым,Асылай,Аяулым,Еңлік,Зарина, Дана, Рауан)

Жүргізуші:

Ана!құдіретті жан.Өмірге сәби әкеліп,оны тәрбиелейді.Бойымыздағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен тарайды.

Жүргізуші:

Әбдірахман, мерекеге сенің қандай тартуын бар.

Әбдірахман: мен аналарға арнап өлең оқып беремін.

Жүргізуші:

Ал достар, аналарыңа деген тартуларыңды ортаға салыңдар.

Асылай:

Дүниеге әкелген

Ол да менің анашым

Ақ сүт беріп өсірген

Ол да менің анашым

Тіл алмасам кешірген

Ол да менің анашым

Мәпелеген баласын

Аман болшы анашым

Нұрмұхаммед

Гүлдей жайнап өміріңіз

Нұрға толсын көңіліңіз

Биік болып жұлдызыңыз

Көктемдейін құлпырыңыз

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап ылғи тәңіріңіз.

Еңлік

Анам менің аялаған ақ гүлім

Анам менің бақытым мен шаттығым

Анашым деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеске тәтті үнін

Анам менің кеудемдегі жүрегім

Анам менің өмірдегі тірегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

О, адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай

Жүргізуші:

Ана,ана!қасиетті үш әріп

Үш әріптен келемін мен күш алып

Ана деген қасиетті ұғымнан

Қанаттаймын, шарықтаймын ұша алып

Нұрасылдың орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Елбасымыз бір сөзінде «Шығыс халықтарының арасында жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де бірегейі де біздің қазақ» екенін атап өткен.Ендеше бір қолымен бесік тербеткен, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы асыл аналарымызға айтар жырымыз таусылмақ емес.

Байсын, Нұрхан, Елдар,Нұрбек,Нұрасыл.

Жүргізуші:

Әбдірахман: қыздарды өмірде неге теңер едің?

Әбдірахман: әдемі қуыршаққа, құлпырған гүлге теңеймін.

Жүргізуші

Олай болса құлпырған гүлдеріміздің «ромашка» биін тамашалайық.

(Ақниет, Нұрдана,Диляра, Аяулым,Рауан,Асылай)

Жүргізуші:

Әлемде өзгермейтін 3 ақ зат бар. Ол ананың ақ сүті,күннің нұры, сәбидің күлкісі..

Жүргізуші:

Аналардың мейірі ерекше

Талпындарған асулар мен белеске

Аямаған шуағы мен жан нұрын

Берші анама бар жақсылық ,тәңірім!

Хор:

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әрқашан да ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

М: Ана үйдің жарығы

Бала үйдің бақыты деген.

Балапандар жарықтарың ешқашан сөнбесін.

Құрметті аналар, ұстаздар! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын. Өсіріп отырған ұл –қыздарыңыз мектептің де ,сіздердің де абыройын жоғары ұстайтын Қазақстанның өте керемет жақсы азаматтары боп өсе берсін.Бүгінгі тәрбие сағатыымыз осымен аяқталды.қош сау болыңыздар.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!