400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Анашым менің ардағым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ана туралы "эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Анашым менің ардағым!
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Ананың алақаны – біз үшін ең жылы ұя. Ананың жаны сондай нәп - нәзік, мейірімді жан ғой. Түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдасаң уатып, әлпештеп, жырын айтып, тісің шыққанша аузыңа тамақ салып, киіміңді тазалап, дәмді ас ішкізіп мәпелейді, еркелетеді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, бағып – қағады.
Мен анам жайлы айтсам, ол кісі өте мейірімді, ақкөңіл жан. Менің анамның есімі-Баян! Анам менің жаратушым, қашан ер жетіп өзіңмен өзің болып кеткенше жанымды сақтаушым. Мейлі, бір затты қате жасап, бүлдірсең де саған ұрысқанымен, сені жаман болсын демейді. Дұрыс жолға түссін, қатесін түзесін дейді. Қанша анаңды ренжітсең де, баласын кім жек көрсін, бәр қылығыңды кешіреді – ау! Сен үшін жанын шүберекке түйеді. Сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеді.
Анашым менің! Сәби кезімнен өз қолыңызбен төсегіме жатқыздыңыз, қараңғыдан қорқып жылаған кезімде қасымнан табылдыңыз. Мен үшін бәріне даярсыз анашым. Жығылсам тұрғызып, жыласам жұбатып, сабағымды оқуға көмектесіп, әр жылда туған күнімді атап өтіп, көңілімді табасыз. Сізге деген алғысым шексіз ғой менің. Сізді ренжітпеуге, сабағымды жақсы оқып, айтқаныңызды екі етпей орындап, көңіліңізге қаяу түсірмеуге тырысамын.
Рахмет, Анашым! Маған осы өмірді сыйлағаныңыз үшін, көп рахмет! Мен анама қанша алғыс айтсам да, өмір бойы анама қарыздармын.

Жаңақорған ауданының , № 163 орта мектебінің 2 д сынып оқушысы:Раймбек Айша



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.04.2023
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі